Шымкент қаласында дене беткейінің 94 пайызын күйік шалған науқасқа көрсетілген жоғары білікті медициналық көмектің нәтижесінде оның өмірі сақталып, сәтті аяқталды.
Пациент 2026 жылғы 4 маусымда тұрмыстық жағдайда газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оған бет, мойын, тұлға, екі жоғарғы және екі төменгі аяқ-қолдың ІІ–ІІІ дәрежелі термиялық жалын күйігі, дене беткейінің 94%-ын қамтыған күйік және өте ауыр дәрежедегі күйіктік шок диагнозы қойылды.
Ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан жансақтау бөліміне жатқызылып, қарқынды терапия басталды. Алғашқы күндері оның өміріне айтарлықтай қауіп төніп, болжамы өте күрделі болды.
Дәрігерлердің үйлесімді жұмысы, тәулік бойғы бақылауы, қарқынды терапия және кешенді күйікке қарсы емнің нәтижесінде науқастың жағдайы біртіндеп жақсарып, тұрақтанды. Емдеу барысында барлық қажетті медициналық және оңалту шаралары толық көлемде жүргізілді.
Бір айға жуық ем қабылдаған пациенттің жалпы жағдайы қанағаттанарлық деңгейге жетіп, 2026 жылғы 3 шілдеде амбулаториялық бақылауға шығарылды.
Күйік орталығы мамандарының айтуынша, мұндай ауыр жарақаттар кезінде алғашқы сағаттарда көрсетілген медициналық көмектің маңызы ерекше. Науқастың жағдайын тұрақтандыру, күйіктік шоктың алдын алу және өмірлік маңызды ағзалардың қызметін сақтау емдеу барысының негізгі кезеңдерінің бірі болды.
Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлар тұрмыста газ құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңызын көрсетеді. Қарапайым сақтық шараларын сақтау газ-ауа қоспасының жарылуы секілді төтенше жағдайлардың алады.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары