Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді

Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді

Орталық Азия инновациялық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген негізгі өзгерістерді талқылауға арналған профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті.

Жиынды ашқан университет ректоры Ақмалдин Әжидинов 2026 жылғы 15 наурызда бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енген заңнамалық реформаларға жан-жақты талдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.

-Жаңа Конституция мемлекеттік басқару архитектурасын түбегейлі өзгертеді. Бұл – Негізгі заңның жай ғана жаңаруы емес, адам құқықтары мен азаматтардың саяси процестерге нақты қатысуы басты басымдыққа айналатын мүлдем жаңа модельге көшу, —  — деп атап өтті Ақмалдин Әжидинов.

Жаңа Конституцияға қатысты сарапшылық пайымын заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Ботабек Имашев білдірді. Ол Конституцияның жаңа редакциясы 1995 жылғы құжаттың күшін жоятынын түсіндірді. Басты өзгерістердің бірі заң шығарушы билікті реформалау болмақ.

-Қос палаталы парламенттің орнына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутаттан тұратын бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай құрылды. Құрылтайдың өкілеттігі өткен кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай кеңейтілді, бұл мемлекет ісіне араласуда халықтың рөлі айтарлықтай артқанын білдіреді, — деді ғалым.

Реформаның тағы бір елеулі элементі – вице-президент институтының енгізілуі. Сарапшының пікірінше, бұл басқару жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жаңа Конституцияда «Халық кеңесіне» ерекше мән берілген.

-Бұл – тұрақты жұмыс істейтін орган емес. Ол сессияларға жиналады және оның құрамына этнос өкілдері, мәслихат депутаттары мен азаматтық сектор мүшелері кіреді. Олар халықты мазалаған өзекті мәселелерді талқылап, қажет болған жағдайда заңдарға түзетулер енгізу туралы Құрылтайға ұсыныстар жолдайды, — деді Ботабек Имашев.

Сондай-ақ, Ботабек Имашев жеке тұлғаның құқығын қорғауға қатысты нормаларды да ерекше атап өтті.

Сөзінің соңында сарапшы білім беру саласындағы зайырлылық принципінің бекітілуіне тоқталды.

Құқықтық реформалардың академиялық орта үшін маңыздылығы туралы Орталық Азия инновациялық университетінің Құқық кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Жайлауова да өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, университет студенттер мен оқытушылар арасында түсіндіру жұмыстарына белсенді араласқан.

Сондай-ақ, спикер жаңа Конституция білім беру ортасын дамытуға жаңа серпін беріп, цифрландыру процесін ынталандыратынын айтып өтті.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*