Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Астана күні Шымкентке 59 жаңа өмір сыйлады

Астана күні Шымкентке 59 жаңа өмір сыйлады

Астана күні Шымкент қаласында 59 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 22 ұл және 37 қыз бала. Қазіргі таңда аналар мен нәрестелердің жағдайы тұрақты. Барлығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Шымкент қаласында ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында төрт перинаталдық орталық тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерге, босанушылар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Перинаталдық көмек заманауи клиникалық хаттамаларға сәйкес ұйымдастырылып, білікті мамандар тарапынан жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау жүйесінде ана мен бала денсаулығын сақтау – басым бағыттардың бірі. Осыған сәйкес қаладағы перинаталдық қызметтің материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен жаңартылып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Ана мен бала денсаулығын сақтау бағытындағы жұмыстар тек медициналық көмек көрсетумен шектелмей, алдын алу шараларын да қамтиды. Қаладағы медицина мамандары болашақ аналарға жүктілік кезеңінде дұрыс күтім жасау, салауатты өмір салтын ұстану және қажетті тексерулерден уақытылы өту бойынша кеңес беріп, тұрақты бақылау жүргізуде.

Перинаталдық орталықтарда қызмет сапасын арттыру мақсатында дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру, заманауи әдістер енгізу және медициналық тәжірибені дамыту жұмыстары қолға алынған. Бұл шаралар ана мен нәрестенің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тұрғындарға сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Демографиялық тұрақтылық – қаланың әлеуметтік дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*