Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БӘЙДІБЕКТЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАП ЖАТЫР

БӘЙДІБЕКТЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАП ЖАТЫР

Еліміз бойынша өтіп жатқан экоакцияның үшінші аптасы жалғасын тауып жатыр. Облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінің ұжымы өз аумағында және киелі орында тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, музей орналасқан көше бойын, ғимараттың аумағын және музейдің батыс жағында орналасқан «Қосым баба» кесенесінің аумағын тазалады. Жасыл желек көшеттерін отырғызып, түбін қопсыту жұмыстары сәтті орындалды.
Возможно, это изображение трава, памятник и текст
Айта кетейік, ағайынды Қосым мен Құлатай – Шаян өңіріне 1800 жылдары келген дін өкілдері. Ислам дінін насихаттау мен сауат ашуды мақсат етіп, Қосым Шаянға, Құлатай Жетісу өңіріне жол тартады. Тарихқа сүйенсек, Шаян өңіріне алғаш медресе ашу да Қосымның идеясы болған деседі. Бүгінде бұл кесене киелі орындардың бірі айналған.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*