Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШУ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

ШУ АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Шу ауылдық кітапханасының жаңа ғимараты ашылып, ел игілігіне ұсынылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шу ауылына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен күрделі жөндеуден өткен жаңа нысанның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін арнады.
— Кітап оқу мәдениетін арттыру қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Бұл кітапхана осы жердегі рухани орталыққа айналады деген сенімдемін,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Возможно, это изображение 10 человек
Сонымен қатар, ауыл қариясы Балтабай Жандаулетов жаңа нысан тұрғындар үшін ең керекті ғимарат екенін айтып, жаңа нысанның лентасы қиылды.
Айта кетейік, Шу ауылдық кітапханасының 17 726 кітап қоры бар. Оның қазақ тіліндегісі 13720-ны құрайды. Сөредегі әдеби, саяси, тарихи және психологиялық бағыттағы кітаптар оқырмандардың сұранысы бойынша жаңартылып отырады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*