Абай ауданы бойынша «Жасыл аймақ» экологиялық іс-шарасы аясында жасыл желектерге күтіп ұстау, шөп ору және тазалық жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілікке мыңнан астам аудан тұрғындары, 10 кәсіпкерлік нысан, 8 әлеуметтік нысан қызметкерлері қатысты.
Тазалық іс-шарасы Ынтымақ, Ынтымақ-2, Нұршуақ, шағын аудандарындағы ішкі орамдық көшелер және Әл-Фараби көшесінің жалғасы, Қ.Төлеметов көшелерінде жүргізілді.
Осыған орай, 11 техника жұмылдырылып, 13 тонна қоқыс шығарылды.
© Jetpisbai.kz