Өндірістік кестеге сай атқарылуы тиіс жұмыстарды тексеріп, құрылыс саласына жетекшілік жасайтын орынбасары мен бөлім басшысының есебін тыңдады. Ішкі әрлеу жұмыстары басталған үй мердігерлері техникалық талаптардың сақталғанын жеткізсе, қадағалаушы мекеме өкілдері талаптардың бұзылмағанын баяндады.

— Құрылысты мерзімінде аяқтау — талап, сапалы аяқтау — басты міндет. Өз отбасыларыңыз тұруға лайықты үй болсын — осындай жауапкершілік сұралады Сіздерден. Қазір баспаналардың біршамасын аралап көрдім, бөлім басшысына кемшіліктер бойынша тиісті тапсырмаларды бердім, дегенмен қателіктерге жол бермеген дұрыс, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.
© Jetpisbai.kz
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары