
Aудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Кәдиев жол бойынан мал өткелін салу, балық және тауық шаруашылығын жүргізуге жер үйлестіру, Қызылжар е/м негізгі көшесінің жиектерін реттеу мәселелерімен келген Төрткүл ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындардың өтініштері тиісті сала мамандарымен қаралып, әрбір мәселенің шешу жолдары түсіндіріліп, олардың әрқайсысы бақылауға алынды.