Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облыстық департаментінің бастамасымен жер-жерлерде адалдық, парасаттылық, мемлекеттік қызмет саласындағы оңтайландырулар мен заңбұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, мәдениетті қалыптастыру мәселелері жайында түрлі деңгейлерде кездесулер өткізілуде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz.
Сондай кездесулердің бірі Жетісай ауданы әкімінің аппарат қызметкерлерімен де өтті. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен жиында елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен заңнамалық актілері, жемқорлық белгілері болып табылатын жағдаяттар, мемлекеттік қызметкердің этикасы мен қатаң сақтауы тиіс ережелер мен талаптар түсіндірілді. Қызметтік бабын асыра пайдаланып, жеке бас пайдасының табысын арттыруға жасалған қылмыстардың салдары, заңда белгіленген жауапкершіліктер таныстырылды. Қандай да бір заңсыздықтарға жол берілген жағдайда қолданылатын жазаның да қатаң екендігі ескертілді. Арнайы бейнеролик көрсетілді.
Еркін форматта өткен жиын барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Мемлекеттік қызметшілерді елдегі сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуге шақыратын мұндай жиындар алдағы уақытта қала, кент, барлық ауылдық округ әкімдерімен, бөлім басшыларымен, барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілермен жыл бойы өткізіп отыруды аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовқа тапсырды.

Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу. Бұл проблемаға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. БҰҰ Бас хатшысы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналған жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық елдің даму процесіне апатты әсерін тигізеді, өйткені мектептерге, ауруханаларға және басқа да өмірлік маңызды мемлекеттік құрылымдарға арналған қаражат тиісті жерлерге жіберілудің орнына қылмыскерлердің немесе арам шенеуніктердің қолына түседі. Сыбайлас жемқорлық зорлық пен тұрақсыздықты арттырады. Бұл мемлекеттік институттар мен тұтастай үкіметтің көңілін қалдыруы, халықтың ашуын келтіруі және тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін» деген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, оның ішінде келесі міндеттерді шешуге бағытталған шараларды қамтиды:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау мен жазалаудың тиімділігін арттыру;
  • сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінде қоғамдық қабылдаудан бас тартуға жағдай жасау.

Осы жылдар ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасты, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. «Қазақстан-2050»: табысты мемлекет үшін жаңа саяси бағыт» стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер деңгейіне дейін көтерілді.

Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қол астындағы адамдардың іс-әрекеттері үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі туралы: «Сыбайлас жемқорлық қылмысы орын алған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік түрде реттелуі керек» деген болатын.

Көбісі жемқорлыққа тап болған емеспін немесе аз ғана сомамен өз мәселелерін «шешіп алдым» деп айтуы мүмкін. Ааайда азаматтар жемқорлықтың зардаптарын күн сайын сезінеді.

Біріншіден, сыбайлас жемқорлық жағдайында бизнесті дамыту және бәсекеге қабілетті әрі еркін нарықтың қызмет етуі мүмкін емес. Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында: «Бұл мәселе бойынша менің ұстанымым белгілі: бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін кез келген әрекетті мемлекетке қарсы қылмыс деп санаған жөн. Осыған байланысты қосымша заңнамалық шаралар қажет. Парламент пен Үкімет бұл мәселенің шешімін ұсынуы керек» деген.

Неліктен бизнесті дамыту маңызды? Өйткені жаңа жұмыс орындарының пайда болуы экономиканың осы саласының жағдайына байланысты. Кейбір елдерде жұмыс орындарының 90 пайызы экономиканың жеке секторда шоғырланған.

Бизнеске кедергі келтіру бюджет түсімдерінің азаюын да білдіреді. Бұл дәл мағынасында әлеуметтік қолдаудың төмендеуі. Атап айтқанда мектептер мен ауруханалардың құрылысын тоқтату, зейнетақыны азайту, халықтың мұқтаж санаттарына арналған жәрдемақы, әлеуметтік тұрғын үй салу және т.б. Тағы бір проблема – ел экономикасына салынатын инвестициялардың өспеуі немесе тіпті қысқаруы. Сыбайлас жемқорлық елді шетелдік инвесторлар үшін өте тартымсыз ететіні жасырын емес. Ал ұлттық кәсіпкерлер өз қаражаттары заңмен қорғалатын басқа елдерге инвестиция салуды жөн көреді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*