Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

Шардара ауданының әкiмi Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен Шардара ауданында Әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері бойынша мәжіліс өттi, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Мәжіліске аудан әкiмiнiң орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкiмдерi және ауданның дербес бөлімдерінің басшылары қатысты.
Шардара ауданында Әдеп нормаларын сақтау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы аудан әкімдігі аппаратының басшысы Ж.Бердешовтың баяндамасы тыңдалды. Сонымен бірге, мәжіліс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері бойынша ұсыныстар айтылып, мекеме басшылары мен қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандары үшін ұстау туралы бейнероликтер көрсетілді.
Айта кетейік, Шардарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында 2024 жылдың 17 мамыр күні адвокаттар, сот орындаушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлардың қатысуымен Шардара ауданының тұрғындарына заңгерлік кеңес беру жоспарлануда.
Кеңес беру орындары мен уақыты:
Шардара аудандық оқушылар үйі, 17 мамыр сағат 09:30 — 10:30;
Қ.Тұрысбеков ауылдық округ әкім аппараты, 17 мамыр сағат 11:00 — 12:00;
Көксу ауылдық округ әкім аппараты, 17 мамыр сағат 12:30 — 13:30;
Алатау Батыр ауылдық округ әкім аппараты, 17 мамыр сағат 15:00 — 16:00.
Құрметті Шардара ауданының тұрғындары, аталған шара аясында кез келген азамат қажетті құқықтық көмек ала алады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның транс ұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД  мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Транс ұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқа да жалпы жұрт таныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл әлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл проблемамен жан-жақты айналысып жүрген беделді халықаралық ұйым – Транспаренси  Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008  жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 29 қаңтар 2019 жылғы мәліметіне сәйкес 124 орынға табан тіреген. Бұл индекс кәсіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәліметтерін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады.

Әрине, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орыналған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн.

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*