Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Нурполат Талиповтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер, жауапты мамандар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссия мүшелері қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Жиында сөз алған ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Амирханов, басқа да дербес бөлімдердің жауапты мамандары жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады.
Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Н.Талипов мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сыбайлас жемқорлық ( латынша orruptio параға сатып алу) қоғамның өзекті мәселесі күрделі қоғамдық әлеуметтік құбылыс. Оның себептерін тек материалдық саладан іздеу дұрыс емес. Бұл адамның өзінің лауазымдық жағдайын заңсыз жолмен оңай олжа табу үшін пайдалануы оның рухани адамгершілік құндылықтарының қаншалықты деңгейде екендігінен хабар береді.Сондықтан, бұл проблеманы тек кешенді түрде мемлекеттің және қоғамның барлық мүшелерінің бірлесе күш салуымен шешуге болады. Әлбетте, лауазымды тұлғалардың парақорлық мінез құлқын бір ғана қарапайым жолмен, яғни олардың жалақысын көтере отырып шешу мүмкін емес. Өйткені, көптеген жағдайларда, сыбайлас жемқорлық көріністері өте жоғары лауазымды және соған сәйкес табыс деңгейі бар тұлғалар тарапынан орын алады.
Қазақстан Республикасы Экс Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Стратегиясымен сыбайлас жемқорлықтың «ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер» -деп танылғандығы кездейсоқтық емес. Осылайша, елімізде дәйекті түрде жүргізіліп отырған құқықтық реформаның нәтижесінде Қазақстан Республикасының 2015 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған «құқықтық саясат» тұжырымдамасындағы басым міндеттердің бірі ретінде бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қылмыстары үшін қатал жауапкершілік енгізу міндеті іс жүзінде жүзеге асырылуда.
«Сыбайлас жемқорлыққа қылмыс» ұғымы қылмыстық кодекстің 3-бабы 29 тармағында ашылған, осы тармақтың талдауы бұрын қолданыста болған ҚК-тің 1997 жылғы редакциясымен салыстырғанда сыбайлас жемқорлыққа жатқызылған қылмыс, қылмыс құрамы санының өскендігін көрсетеді. Оның үстіне заң шығарушымен бұрынғы қылмыстық заңнамада айтылмаған мүлдем жаңа қылмыс құрамдары белгіленді.
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың үнемі жетілдіріп отыратындығын айта кеткен жөн болар. Айталық, Елбасы 2015 жылғы 18 қарашада № 410-V ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңға қол қойды. Аталмыш заңның кейін кезең кезеңімен енгізілетін декларациялау саласындағыміндеттерді кеңейтетін 11бабы ережелерінен өзгесі, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Жаңа заңның бұрынғы 1998 жылғы 2 шілдедегі ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның басты айырмашылығы бұдан былай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жағын басымдық берілген. Заңның мақсатықоғамдық сыбайлас жемқорлықты толық жою. Басты қойылған міндет-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, талдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, мүдделер қайшылықтарын регламенттейтін, шығыстар көздерін декларациялайтын, декларациялардағы және т.б. мәліметтерді жариялайтындай жаңа институттарды қолданысқа енгізу арқылы бүкіл қоғамды осы әлеуметтік зұлымдыққа қарсы күресуге тарту.
Заңмен сыбайлас жемқорлыққа жаңа нақтыланған анықтама берілген. Яғни «сыбайлас жемқорлық жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамадрдың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, мемлекеттік функциялардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін және өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамадарды параға сатып алу» -деп көрсетілген.
Бұл заң әлемнің дамыған демократиялық құқықтық елдерінің тәжірибиесін де ескереді. Осы әлеуметтік зұлымдықтың алдын алу және қарсы іс қимыл жасау мәселесін егжей тегжейлі регламенттейді және біздің елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жағдайына өзінің жағымды әсерін тигізуге бағытталады және оны толық жеңу ісінде мемлекетпен қабылданып жатқан өзге де шаралар кешені жиынтығында маңызды рөл атқарады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*