Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕН САҚТАНДЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕН САҚТАНДЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Қазіргі қоғамда адамдар тек бір саланың ғана соңынан ерсе аса көп жетістіктерге қол жеткізбеуі мүмкін. Себебі, бүгінгі қоғам әралуан саладан хабары бар, бірнеше мамандықты игерген әмбебап адамдарға мұқтаж. Әрине, адам баласының барлығы да бірдей діндар бола алмауы мүмкін. Бірақ, діни сауатты болғаны абзал. Зайырлы қазақ қоғамында Тәуелсіздік алғалы талай білім ордалары құрылып, салалық мамандықтар көбейе түсті. Солардың бірі діни білім алу мәселесі.
Осы орайда бүгін Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Абуовтың, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Рыстайдың және «Бекзат ата» мешітінің имамы Қ.Садыбаевтың қатысуымен №1 және №2 балалар жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері арасында «Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетінен сақтандыру» тақырыптарында жиын өтті, деп жазады jetpisbai.kz.
Кездесудің мақсаты жастарға шетелде діни білім алудың қауіптілігі мен оның зардаптарын кеңінен түсіндіру, дәстүрлі дін және жат пиғылды діни ағымдардың не екендігін ұқтыру.
Жиын соңында жаттықтырушылар мен оқушылар діни тұрғыда сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда Мемлекет басшысының  жүргізіп жатқан сарабдал саясатының арқасында, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлесе үйлесімді жасап жатқан жұмыстардың нәтижесінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығы сақталып келеді. Ел  Президентінің нұсқамаларын орындау аясында террористік қатерлерді бейтараптандыруға арналған Қазақстанның жеке дербес жүйесі құрылды әрі ол жыл сайын жетілдірілу үстінде. Елімізде экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты біршама тәжірибе мен біліктілік базасы жинақталды. Ол ең алдымен алдын алу шараларын жүргізу, халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыру, түрлі радикалды идеологиялардың ықпалына төтеп беретін иммунитетті қалыптастыру жұмыстарынан тұрады. Бұл орайда дәстүрлі діни-рухани құндылықтардың ұлттың болашағын құруда ықпалды фактор екенін ұмытпауымыз қажет.Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, ойлары мен көзқарасы, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасты.

Бүгінгі күннің бет алысына қарай мың құбылып, сабан астынан су жүгіртуді көздейтін деструктивті діни ағымдармен біз ымырасыз күресуге тиістіміз. Өйткені, деструктивті діни ағым өкілдері жоққа шығарғысы келген дәстүрлі құндылықтарымыз ұлтымыздың қаны мен жаны болып есептеледі. Ал, рухани құндылықтарсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Яғни, дәстүрлі құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтау заман талабы. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.

Жалпы айтқанда, бүгіндері дін біздің қоғамымыздың қозғаушы күшінің біріне айналып отыр. Мемлекет пен қоғамның жаңаруы, тұрақтылығы бүгін діни факторға тікелей байланысты екендігі белгілі. Дегенмен, дін туралы әңгіме бола қалса, біз жөн-жосықсыз ең алдымен «теріс ағымдағыларды» сөз етеміз. Бірақ, ел халқының сол теріс пиғылдағылар мен олардың амал-әрекеттеріне қарсылығы, ашу-ызасы, құрбандарға бауырмалдық кө­ңі­лі қоғам рухының мықтылығын көр­се­теді. Қазақы мұсылмандық наным-се­нім мен салафизмді сау организм мен оған жабысқан дертпен теңеуге болады.

Мем­лекетіміздің зайырлылық сипаты – әртүрлі діндегі барлық азаматтардың басын біріктіретін, ортақ ниеттестікке тәр­биелейтін саясаттанудың алдын алатын құн­дылық. Мәселе, тіпті мемлекет пен діни бірлестіктердің бөлінуінде емес, еркіндік пен өзара сыйластықта. Зайырлылық – дінді қорғаудың ма­ңызды кепілі, бірақ тек зайырлылық қана діни наным-сенім бостандығына ке­піл­дік бермейді. Толықтай зайырлылық сая­си режимге, демократияның үстем­д­і­гіне, мемлекеттік емес ұйымдардың бел­сенділігіне, идеологиялық плюрализм, тәу­елсіз сот, бір сөзбен айтқанда, азамат­тық қоғамның қалыптасуымен байланысты. Қоғамда «таза» діни немесе «таза» ұлттық мәселелер болмайды, олар эко­но­микалық, әлеуметтік, саяси және мә­дени проблемалармен астасып жатады. Мем­лекет ұлтаралық және діни ахуалды қа­лыптастыруда реттеуші және үйлес­ті­ру­­ші қызмет атқарады. Біздің мемлекет азаматтық келісімді орнату мен қоғамды тұрақтандыру үшін көп күш жұмсап келеді. Бірақ, діни ахуал үнемі даму және күрделену үстінде, ол діни бірлестіктердің де, мемлекет орган­да­ры­ның қызметін де сын көзбен саралауды, соның ішінде са­ла­физмнің себептерін анықтауды қажет ете­ді. Бір жағынан, саяси күштер дінді өз мүдделерін жүзеге асыруға пайдаланса, екінші жағынан, діни ұйымдар саяси ке­ңіс­тікте өздерінің саяси көзқарастарын, бағдарларын жақтау, қорғау үшін саяси амалдарға барады. Діни идеялар саяси өмірде елді тұрақтандырушы да, араз­дық, өшпенділік туғызушы да болуы мүмкін.

Діни экстремизм дiни өшпендiлiк пен алауыздықты, атап айтқанда зорлық-зомбылыққа үгіттеу арқылы халық арасындағы алауыздықты қоздырады, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануы мүмкін. Терроризм бұқаралық және саяси маңызды құбылыс ретінде қоғамда жекелеген топтардың мемлекеттің заңдылығы мен құқығына күмән келтіруімен және сол арқылы өздерінің мақсаттарына жету үшін террорды қолданатын қауіпті әрекеттерді ақтап алады. Терроризм – қазіргі жаһанданушы заман қатерлерінің бірі, ол өзінің формалары мен көріністерінің ауқымдылығы және жиілігінен, адамзатқа қарсылығы мен қаталдығы тұрғысынан әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында терроризм қатерінің өрши түсуі жағдайларындағы мемлекеттің қауіпсіздік ахуалы әлемнің дамыған елдердің бірі ретіндегі одан әрі дамуы мен қалыптасуы оның күші мен қабілеттігінің өлшемі болып белгіленді. Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістер ұлттық қауіпсіздік саласында неғұрлым түрлене бастаған және үлкен қауіптілік көздері тарапынан болатын сындар мен тәуекелдердің жаңа спектрін бастамашылдық етеді. Осымен діни экстремизм мен терроризм қатерлерінің жүйелі алдын алу аясындағы міндеттердің күрделілігі мен өзектілігі негізделген.

Осы жағдайларда қолданыстағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесі жеке адамды, қоғамды және мемлекетті экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қатерінен сенімді қорғау тетігін құру аясында одан әрі жетілдіруді қажет етеді. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1-тармақшасының нұсқауымен үшінші бағдарламаның үшінші бесжылдығына қадам басты.  Бағдарламаны әзірлеу кезінде Норвегияның, Финляндияның, Канаданың, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің оң тәжірбиесі зерделенді және назарға алынды. Осы елдердің жасағандарын ескере отырып, Бағдарлама экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық көріністері мен терроризмге, радикалдық көзқарастардың ұстанушыларына мақсатты түрде қарсы тұруға бағытталған. Бағдарламада дін мен радикалдану теңестірілмейді, бұл мемлекеттің, қоғам мен діни бірлестіктердің дінге тиесілігіне қарамастан, экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимылда бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді. Адамдардың радикалдану дәрежесіне байланысты діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу түрлері мен әдістері жіктелді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*