Шымкентте шомылуға тыйым салынған орындар белгілі болды. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің ұйымдастыруымен Атамекен кәсіпкерлер палатасында қаладағы бассейн (аквопарк), су обьектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 рұқсат берілген орын мен шомылуға тыйым салынған 13 орындары және Шымкент қаласының аудандық әкімдіктері мен білім басқармасының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізіліп, Қала әкімінің қаулысымен таныстырылып, алдағы уақытта қауіпсіздік ережелерін және адам өлімінің алдын алу бойынша түсіндіріп өтті. Аудандық әкімдіктер тарапынан балаларды жүзуге тегін үйрету бойынша бассейн басшыларымен меморандумдарды қайта бекіту үшін ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде хаттама түзіліп, әрбір кәсіп басшысына (келісім бойынша) тапсырмалар қойылып, әдістемелік көмек көрсетілді.
Шымкентте шомылуға тыйым салынған орындар белгіленген
2024 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды жүргізіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту, балаларды жүзуге үйретуді пысықтау жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жазатайым оқиғаларды азайту, сондай-ақ шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бағытында Департамент жергілікті атқарушы органдарымен, волонтерлермен бірлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын өткізуді жалғастырады.
Мәселен, Шымкент қаласы аумағындағы су айдындарында 5 ресми орын белгіленген. Оның Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындары мен Қошқар ата өзенінің бастауына шомылуға рұқсат етілген. Дендрологиялық саябақ пен Жайлау көліне спорт және туризмға арналып отыр.
Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы келесідей
іс-шараларды атқарады:
— шомылу маусымы тақырыбындағы тыйым салу тақтайшаларын жасап және балаларды жүзуге тегін үйрету бойынша бассейн басшыларымен меморандумдарды қайта бекітуді;
— бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қауіпсіздік ережелерін кеңінен насихаттауды;
— жазғы демалыс кезінде балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды;
— сондай-ақ, шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтік шараларды тұрақты түрде жүргізу.