Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында , Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажеттігі баса айтылған.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілену керектігі көрсетілген.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы да қабылданған. Оның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылады.
Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің,оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже де бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің керін қайталайтын боламыз», — деп атап көрсеткен . Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен әділет органдары да жолдауда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті санайды.
Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы барлық қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық «Адалдық алаңы» және «Адал ұрпақ» жобасын іске қосу арқылы барлық мемлекттік мекемелерде және жоғары оқу орындарында азаматтардың өзі-өзіне қызмет ету бұрыштары мен адалдық алаңы фронт- офистері ашылып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаңа әдістер енгізу мақсатында жоба менеджменті қолданылуда. Осы орайда Шымкент қаласының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында «OPEN SPACE» және «ADALDYQ ALANY» ашық форматтағы жобалық кеңсесін іске қосты.
Кеңсенің ашылуы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет концепциясы аясында мемлекеттік мекемелердің транспаренттілік қағидасына сәйкес жұмыс жүргізуіне бірден-бір септігін тигізбек.
Осының аясында әділет органдарына қатысты өтініштер мен сауалдар әлеуметтік желілердегі whatsApp, instagram, facebook арқылы да қабылдауға көшті, яғни «К-20 Қайта іске қосу» бойынша жұмыс атқаруда. Бұл дегеніміз халықпен кері байланыс орнату мақсатындағы жоба жұмыстың жаңа 24/7 тәртібіне көшуді меңзейді.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Департамент жанынан азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасайтын, қоғамдағы даулылықтардың алдын-алу және болдырмау мақсатында Қоғамдық комиссия құрылды.
Қоғамдық комиссия мүшелігінде адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілер мен медиаторлар, блогерлер мен тілшілер аянбай еңбек етуде. Комиссия отырысына кез-келген азамат өзінің мәселесі бойынша жүгіне алады.
Қызметкерлеріміздің жұмысы туралы пікірлерді анықтау, саралау мақсатында , онлайн-сауалнама іске қосылды. Оған инстаграм әлеуметтік желісі арқылы сілтемемен өтіп Департамент қызметкерлерінің жұмысын сандық және мәтіндік көрсеткішті енгізу арқылы бағалау мүшкіншілігі қарастырылған.
Сонымен қатар жуырда, көптеген пайдалы ақпараттарды қамтитын Әділет департаментінің Telegram-бот каналы іске қосылмақ! Бұл қызметтің артықшылығы әділет органдарына кіретін барлық сұрақтарға қатысты мәліметтерге жылдам әрі оңай қолжеткізу болып табылады. Яғни азаматтар өзін толғандырған сауалдарына жауаптарды, мекемеге келместен бұрын автоматтандырылған жүйе арқылы алып отырады.
Cонымен қатар ғимарат ішінде арнайы Департамент бөлім басшылары қызметкерлерінің телефон нөмірлері мен салааралық ақпараттар жазылған лайтбокс қойылды.
Жоғары да аталған жаңашылдықтар өз кезегінде мекемеге келушілер мен қызметкерлердің тікелей жұмыс жасауына ашықтық пен қолжетімділікті және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алумен болдырмауын қамтамасыз етеді.
Жалпы Департамент қарауына келіп түскен барлық өтініштер назарсыз қалмайды.
Яғни жоғарыда аталған жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алға және оны болдырмауға сеп болмақ.
Елбасының мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен», — деген жұртшылықтың пікірімен үндескендей.
Қазақстан — көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.
Парасаттылық қағидаттарын ұстанып, адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық сияқты құндылықтар мінез – құлық нормасына айналуы тиіс.
Тіпті азаматтың өтінішіне заңға ресми сілтеме жасай отырып, құрғақ заң тілімен емес, барлығын егжей-тегжейлі зерттеп, мәселені шешуге көмектесуге тырысу – бұл нағыз парасаттылық.
Алға басқан қадамды кейін тартып, дамуға тежеу болатын сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Шымкент қаласының Әділет департаментінің
Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы
Қыстау ҚҰРБАН