Психикалық денсаулық орталығынла Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орайластырып дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Психикалық денсаулық орталығының қызметкерері, қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, білім басқармасы мен қалалық СӨСҚ орталығының қызметкері, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық, Жастар ресурстық орталығы мен “Ренессанс-Шымкент» медико-әлеуметтік орталығының мамандары қатысты.
Дөңгелек үстелді Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері С.И.Мыңбаев ашып берді.
Дәрігер психиатр-нарколог Р.А.Баймурунова Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы темекі және насыбай тұтыну жағдайын баяндады. Ал Дәрігер психиатр-нарколог М.С.Одаман электронды темекі, вейп, СНЮС, кальян заттарының ағзаға зияны жайлы баяндады.
Электронды темекі шегу, әсіресе, жастардың арасында күннен-күнге сәнге айналуда. Өйткені, электронды темекілер кәдімгі шылымға қарағанда зияны аз деп насихатталады. Шынында олай емес екенін зерттеулер дәлелдеді, себебі электронды темекінің кәдімгі темекіден зияны артық болмаса кем емес. Сондай-ақ, әсем безендірілген кішкентай құтыға, қорапшаға толтырылған бұл өнімдер әлдебір инновация, сәнді тауар ретінде ұсынылады. Нәтижесінде, жастар заманауи гаджет ретінде танып, сатып алып жатады. Зерттеушілердің айтуынша, жасөспірімдер, көбінесе, оның тәтті дәмі мен хош иісін ұнатып, кейіннен психологиялық тәуелділіктері оянып, оны бірден тастауы қиындай түсетін көрінеді. Алайда, қызығушылықтың арты үлкен қиындықтар әкелетінін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Дөңгелек үстелге келген әрбір азамат әлеуметтік қызметкерлердің, әлеуметтік қолдау қызметінің халықтың мақсатты топтарымен: темекіні пайдаланудың зиянды ықпалы мен салдары туралы; темекі тұтынудан пайда болатын асқынулар туралы хабардарлығын арттыру; пациенттерді мақсатты таңдауға, сауықтыру жөніндегі жеке іс-қимыл жоспарын жасауға, атап айтқанда темекі тұтынудан бас тартуға үйрету және олардың орындалуына бақылау жүргізу туралы пікірталас жүргізді.