Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажет

Зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажет

Адам өмірін қоғамсыз елестету қиын. Өркениетті қоғамда кез келген жеке тұлға өзін қоршаған ортаның талабы мен тәртібін сақтай отырып, түрлі игіліктерге қол жеткізе алады. Сондықтан адамдар бірлігі қоғамды ұдайы алға жетелеп отыратын, даму мен табыстың негізі саналатын құндылықтар болады. Ал заңды біліп, оған бағыну – әрбірімізге міндет.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе қатігездікке тап болған әйелдер, балалар немесе қарт ата-аналар ұшырауда. Құқық бұзушылықтардың осы түрлері латенттік сипатқа ие, өйткені бұл отбасындағы жақын адамдардың арасында орын алады.
Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық – зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір – қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар – намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Бүгінде отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Ол дұрыс емес. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған. Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына әсер етіп (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу, тағы басқалары.

Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың кез келген түрі әрбір сегізін­­ші отбасында бар. Әрбір үшінші отбасында тұр­мыстық зорлық-зомбылық болса, әрбір жетінші әйел – экономикалық, әрбір алтын­шы әйел – фи­зи­ка­лық, әрбір үшінші әйел – психоло­гия­­лық зор­­лық-зомбылыққа тап болады. Өкініш­ке қа­рай, қазіргі қоғамда отбасындағы кемсіту мен қор­­­қы­ту қалыпты жағдайға айнал­ды, тұр­мыс­­тық зор­лық-зомбылық қылмыстарына құлақ үйренді.

«Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылса керек. Осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына өзіндік ықпал ететіндігін көрсетеді. Өкінішке қарай, түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентайларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Дөрекілік, балаға күш көрсету, олардың бағдарын өзгерту, зорлық-зомбылықты, сайып келгенде қылмысты тудырады. Ол өз-өзіне қол жұмсауға алып  келуі мүмкін.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты көріп өсу болашақ ұрпаққа қауіп төндіреді. Мұндай отбасындағы балалар бұл әрекетті отбасылық дау-жанжалдарды шешудің негізгі құралы ретінде қарастырады және болашақта өзінің отбасында да осы әрекетке жүгінетін болады. Отбасылық зорлық-зомбылық сонымен қатар ажырасулар мен толық емес отбасылар санының көбеюіне, балалар панасыздығын және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық сияқты бірқатар әлеуметтік мәселелерді тудырады.
Отбасы дегеніміз – адамзаттың өзі­нің өмір сүру тарихында құрған ең ұлы құндылықтарының бірі. Отбасының даму үстінде болуына, сақталуына және нығайып отыруына қоғам және мемлекет әрдайым назарын бағыттайды. Әр адамға, жас шамасына қарамастан, берік әрі сенімді отбасы қажет. Қазіргі таңда бүкіл әлемде отбасы ішіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылық кең тарауда. Соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі құқық қорғау органдары мен халықтың назарын күшейте түсті. Біз бұл мақсатта жұмысымызды жүйелі түрде жалғастыра береміз. Біздің мақсат – отбасын ажырату емес, керісінше бірлігі бекем, берекелі шаңырақтың санын арттыру.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы еліміздің азаматтрының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, құқықтық заңдылықтың сақталуын қадағалау, отбасы мүшелерінің заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беру, еліміздің кез келген мүшесінің дене зардабын және психикалық зардап шегуіне жол бермеу, отбасы құндылығын қолдау және сақтау, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жеке жұмыс жүргізу секілді әрекеттерге негізделеді. Ең алдымен зорлықшының құрбаны өзі жайлы ақпаратты ашық айтуы қажет. Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін сол жандардың өтініштері немесе хабарламалары, құқық қорғау орындары қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету дерегін тікелей анықтауына негіз болатын дәлелдер керек.

Қылмыстық заңда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұған денсаулыққа түрлі ауырлықтағы зиян келтіру, қорқыту, ұрлау, қинау, адам өлтіру, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, ұрып-соғу, азаптау, жыныстық дербес құқықтылыққа қарсы қылмыстар, адамдардың саудасы және басқа да қылмыс түрлері жатады.

Иә, уақыт алға озып, заман өзгергенімен, адамдар әлімсақтан бойына сіңген, болмыс-бітімімен астасқан адамгершілік қасиеттерден айнымау керек. Жаһандану дәуірі қалың жұрттың қамын ойлағаннан гөрі қарақан басының күйін күйттеуді жөн көретіндердің қатарын көбейткені рас. Бірақ мұндай жағдайлар қанмен сіңіп, атадан-балаға қалыптасқан құндылықтарды күйретпеуі тиіс. Қоғам – бізді қоршаған орта. Ол ортаның жайлы өмір сүруіне, өсіп-өнуіне қолайлы болмағын кім қаламайды?! Сондықтан кез келген азамат қоғамның бір мүшесі ретінде айналасының аялы, жанға саялы болуына мүдделі. Көпшіліктің бірбіріне ілтипат көрсетіп, ізетті, қайырымды болуы бірлігімізді бекітіп, берекемізді кіргізеді. Ізгілікті қоғам құру – ілгері жылжудың кепілі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тікелей сол зорлық жасалған тұлғаларға ғана емес, жалпы қоғамға да ауқымды залал алып келеді. Отбасында жиі орын алатын зорлық-зомбылық бірінші кезекте отбасының кәмелеттік жасқа толмаған мүшелеріне әсер етіп, олардың үйлесімді дамуына кедергі келтіреді, некенің бұзылуына алып келеді. Алайда некенің бұзылуы жәбірленушіні зорлық-зомбылықтан құтқара алмауы да мүмкін.
Жиі туындаған құқық бұзушылықтар пәтердің үйдің шегінен шығып, өзге әлеуметтік салалардағы адамдардың құқықтары мен еркіндігін бұзады. Өз отбасы мүшелеріне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасайтын тұлғалардан қарсы тұрамын деп немесе жәбірленушіні қорғаймын деп көршілері, жұмыстағы әріптестері, таныстары немесе бөтен тұлғалар зардап шегуі мүмкін.
Құқық бұзушыға қатысты мынадай әсер ету шаралары қарастырылады:
  • Профилактикалық әңгіме;
  • Қорғау нұсқамасын шығару;
  • Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
  • Құқық бұзушының мінезіне ерекше талаптар белгілеу;
  • Сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көп жағдайда ашық айтыла бермейді. Сондықтан әркім мұндай жағдайға жол бермеуі тиіс. Мұнымен күресте қоғам болып атсалысу қажет. Сонда ғана тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*