Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Бабайқорған жалпы білім беру мектебінің оқушыларына аталған бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Сауран ауданы әкімідігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, бөлім мамандары, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы, теолог Ж.Жорабек, Сауран ауданының бас имамы Б.Акауов және мұғалімдер мен оқушылар қатысты, деп жазады jetpisbai.kz.
Жиын барысында оқушыларға діни экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беріліп, оның түрлері, себептері мен зардаптары ұғындырылды. Қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттары түсіндіріліп, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу қажеттілігіне баса назар аударылды.
Сондай-ақ, жат ағымдардың арбауына түспеу үшін діни сауаттылықты көтеру керек екендігін нақтылап айтты. Мектептің жоғарғы сынып оқушылары қатысқан шарада жастар мен теолог мамандар арасында ашық әңгіме өрбіп, еркін форматта пікір алмасты. «Әлем халықтарының жүрегіне үрей ұялатып, қорқыныштың дәнін сепкен, мейірім мен адами қасиетке толы дініміздің атын жамылып арам пиғылдарын жүзеге асырып жүрген экстремистік топтарға қоғам болып қарсы тұрғанда ғана бұл түйіткілді мәселенің шешімін табуға болады», деді кездесуге қатысқан теологтар.
Кездесуде терiс дiни ағымдардың мәнiсi туралы және жастардың деструктивтi дiни ұйымдарға түсiп кетуiнiң зиянды ықпалы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар қатысушыларға лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында жариялаудың, экстремистік мазмұндағы ақпараттарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.
Шара барысында деструктивті діни ағымдардың зиянына шолу жасалынып, ата дініміздің мақсатын сөз етті. Мектеп оқушыларынабүгінгі таңдағы дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегіне еріп кетпеуді, тура жолды таңдаудағы бағыт беріліп, жүректі кірлетпеу, діни иммунитетті қалыптастыру қажеттігіне екпін салынды. Терроризм мен экстремизмнің ата дінімізге ешқандай қатысы жоқтығын мысалдарға сүйене отырып түсіндірілді. Жасөспірімдерге сенім, дінге қызығушылықта ақпарат көздерін дұрыс таңдауға көңіл бөлу керектігі де баса айтылды.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың маңызы күн санап артып келеді. Өйткені мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіретін жаһандық құбылыспен күрес ортақ мәселе. Сондықтан өсіп келе жатқан жастар арасында ұлттық, мемлекетшілдік, отансүйгіштік тәрбиені күшейту, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің зорлық-зомбылығынан, терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін сақтау-әрқайсымызға артылған жүк. Білім ошақтарында өткен кездесулерде жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері де назардан тыс қалмады.
Әңгіме барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл нысандары, әлеуметтік желілерде діни экстремизмнің алдын алу әдістері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар интернеттегі күмәнді сайттардың өскелең ұрпаққа зияны түсіндіріліп, еліміздегі конфессияаралық татулық пен келісімді қолдаудың маңызына екпін салды.
Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп болып табылады. Экстремизм – бұл кез-келген, тіпті ең тұрақты және гүлденген қоғамды сілкіндіретін өте үлкен қауіп. Қоғамдық ортадағы террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу. Мұндай профилактикалық жұмысты жасөспірімдер мен жастар арасында жүргізу өте маңызды, өйткені әртүрлі факторлардың әсерінен әртүрлі антиәлеуметтік және қылмыстық топтардың теріс әсеріне ұшырау тұрғысынан бұл ең осал болып табылатын орта.
Жастардың әлеуметтік және материалдық сенімсіздігі, бағалау мен пайымдаудағы жиі максимализм, психологиялық жетілмегендік, басқалардың пікіріне айтарлықтай тәуелділік – бұл радикалды идеялардың жастар арасында оңай таралуының негізгі себептері. Әрине, жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мұндай құбылыстардың салдарын жоюға қарағанда әлдеқайда тиімді.
Біздің еліміздегі дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі деструктивті идеологиялардың таралуы болып табылады. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары профилактика және мақсатты реабилитациялау сияқты негізгі екі бағытта жүргізіліп келеді. Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе — діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан студент жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру — басты міндеттердің бірі саналады.
Басқа халықты, ұлтты қойғанда қазақ халқының санасына қырық руға емес, қырық дінге бөлуге атсалысып жүргендердің қарасы қаншама. Өмірлік бағдарын әлі айқындай қоймаған жастар осындай ойындардың құрбаны болуға оңтайлы сәт. Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізеді. ХХІ ғасырда интернет желісі экстремистік топтардың ең негізгі ақпараттық алаңына айналды. Экстремистік топтар тарапынан жаңа жақтастарды өздеріне тарту үшін барлық қол жетімді мүмкіндіктер қолданылады: әлеуметтік желілер, мессенджерлер, онлайн ойындар, белгілі бір бағдарламалар және т.б.
Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты – саяси идеологиялық көзқарастары толық қалыптастапаған жастарды өздеріне тарту. Қазіргі кезде осындай діни экстремистік топтарға қарсы тұруға көп әдістер қолданып жатыр. Интернет желісіндегі экстремистік ақпарат көздерін анықтап, бұғаттайтын бағдарламалар құрылуда және де интернетте ақпараттық сауаттылықты арттыру. Ақпараттық-сауаттылықты арттыру жастардың ойын өзгертіп, экстремистік идеяларының алдын алуға септігін тигізеді. Жалпы бұндай ұйымдармен күресті тек мемлекет емес, әрбір қазақстандық азамат жүргізуі тиіс. Жастардың санасын қорғау мен сауатын ашу қоғамдық жауапкершілікке айналуы қажет.
Қазіргі күні халықаралық терроризм өзінің қатыгездігімен, зұлымдығымен және ауқымдылығымен әлемдік қауіп-қатерге айналғаны белгілі. Түптеп келгенде терроризм идеологтары өз әрекеттері арқылы мәдениеттер мен діндердің арасына ғана емес, сонымен қатар мемлекеттер мен түрлі халықтар арасына да өшпенділік орнатуда. Ең өкініштісі – дін негіздерін жаңадан таныған, өмірлік тәжірибесі жоқ жастардың санасын улап, дінимсауаттылықтың жеткілікті деңгейде болмауына байланысты экстремистік ұйымдардың арбауына түсіп қалуы. Сондықтан да жастардың діни және құқықтық сауатын көтеру, олардың бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіру және теріс идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру – ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Теологтардың пікірінше, бұндай ұйымдармен күрестің бір жолы – өскелең ұрпаққа кішкентай кезінен ата-анасы ұлттық тәрбиені, танымды, сананы бойына сіңіріп тәрбиелесе, осындай ұйымдарға алданып қалмайды. Жалпы, енді ер жетіп келе жатқан балаларға ұлттық дәстүр түсіндіріліп, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды, ақындар мен жыраулардың еңбектерін дәріптеп түсіндірілсе, ұлттық әдептілік қағидаттары үйретілсе, отбасылық құндылықтар насихатталып, дұрыс жолға сілтеу алатын болса енді дамып келе жатқан жастар арасында мұндай мәселелер кеңінен таралмас еді.