Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен сессия отырысында 12 мәселе қаралды. Олардың ішінде 2023 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептер, мәслихаттың 2 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы, цифрландырудағы жобалар, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелер бар.
Атап айтқанда:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының Шымкент қаласының 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есептері;
2. Шымкент қаласы мәслихатының кейбір депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
3. Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы туралы;
4. Цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы;
5. «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
6. «Шымкент қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/429-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7. «Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 1234 қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 18/164-VII шешiмiне өзгеріс енгізу туралы;
8. Шымкент қаласының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірімен босатылған сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы;
9. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2001 жылғы 27 сәуірдегі №10/100-2с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы; 10. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына ұсыныс енгізу туралы;
11. Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы;
12. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Былтыр мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,7 %, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 26,0 % , бөлшек сауда көлемі 19,8 % , құрылыс жұмыстарының көлемі 13,2 % , шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 17,6 %-ға артқан.
Былтыр мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,7 %, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 26,0 % , бөлшек сауда көлемі 19,8 % , құрылыс жұмыстарының көлемі 13,2 % , шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 17,6 %-ға артқан.
Цифрландыру саласында да өзгерістер көп. Астана қаласы әкімдігінің тәжірибесі негізінде жергілікті атқарушы органдардың функцияларын тоқтаусыз автоматтандыру жоспарлануда. Ал мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында бүгінгі таңда қалада 58 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге 16 жоба аяқталды.
Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Қала басшысы мегаполисті дамытуда қабылданған оң шешімдерге тоқталып, мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.
Сессияда сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев, жаңадан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бақытжан Позиловты таныстырып, төс белгісін табыстады.