Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Арыс қаласы әкімдігі жанынандағы терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының мәжілісі өтті. Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтановтың төрағалығымен өткен жиынға Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы Дария Нұрышова, Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Ербол Назаров, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ерік Сейсенов және тиісті бөлімдердің мамандары қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның біріншісі — Арыс ауданының полиция бөлімімен террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру нәтижелері туралы болса, екіншісі — Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шаралары.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшылары баяндама жасады. Арыс қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының отырысына Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру тобы жан-жақты мағлұматтар беріп, сұрақтарға жауап берді.

Діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты түсініктер. Екеуі де өз мақсатына жету жолдарында зорлық-зомбылық, психологиялық және физикалық күш көрсету, мәжбүрлеу, тіпті қан төгу сынды әдістерді қолданады.

Жалпы экстремизм деп жекелеген тұлғалардың не топтардың шектен шыққан радикалды көзқарастағы идеяларды қолдауларын немесе таратуларын айтамыз. Ал терроризм осы экстремизмнің орын алуының анағұрлым жаһандық және әбден асқынған формасы деп айтуға болады.

Ерлан Қарин «Терроризм в Казахстане: от виртуального к реальному» атты еңбегінде Қазақстанда терроризмнің ертеректе көрініс бергеніне айтады. 1992 жылы Шымкент әуежайында тұтқынға адам алу, 2000 жылы Алматыда қаруланған экстремистік топты жою операциясы. Айтуынша, жергілікті экстремизм мен терроризмге қылмыстық сипат тән.   Қазақстан Республикасы  Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, экстремистер құрығына түсіп жатқандардың 80  пайызын жұмыссыз жастар құрауда. Қазақстанда дінге бет бұрғандардың басым бөлігін жастар құрағанмен, экстремистер қатарына қосылып жатқандар да негізінен жастар.

2011 жылы Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында орын алған оқиғалар республикада халықаралық терроризм барын байқатты. Ел мемлекет пен адамзатқа қарсы әрекеттен, нақтырақ айтқанда, тұтқынға адам алу, құқық қорғау өкілдерін ашық өлтіруден террордың түрлі формаларына куә болды.

Қазақстанда діни экстремизмнің тағы бір көрінісі отандастардың Сирияға кетіп, жихад деп сондағы соғысқа қатысу жағдайларын айтсақ болады. Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің пікірінше, жастардың Сирияға кетуіне интернет кеңістігіндегі ақпараттар себеп. «Шетелдегі жағдайлар интернет арқылы халыққа тарауда. Жастар интернеттегі бейнероликтерді көріп радикалдануда».  Қазіргі таңда әлемнің күнделікті құбылмалы және өзгермелі екеніне байланысты (пандемия, карантин, жаңа талаптар) барлық ақпараттар ғаламтор арқылы іске асуда.  Қазір бәріміз ғаламторды белсенді пайдаланып отырғанымызды ескерсек, үйде отырып-ақ экстремистік идеологиялардың шырмауына түсу қаупіне ұшырау мүмкіндігі барын айтуымыз керек.

Қазірде Діни экстремизмнің  алдын алу және одан сақтандыруда республика көлемінде кешенді шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, халықтың діни сауаттылығы мен патриотизмін көтеру; ақпараттық түсіндіру жұмыстарының пәрменділігін арттыру; экстремизм мен терроризмді зерттеуді қолдау; экстремизм мен терроризммен айналысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің дайындық деңгейін көтеру,; қалалық және ауылдық жерлерде қауіпсіздік қызметінің жұмысын жақсарту; интернет кеңістігіндегі діни сайттарға мониторинг жүргізіп отыру; қалада бейнебақылау камераларының санын арттыру; мектеп оқушыларының дінтанулық сауатын көтеру; елдегі жағдайы нашар мекендердің экономикалық әл-ауқатын көтеру және т.б.

Діни экстремизмнің Қазақстанда орын алуы қылмыстық сипат алуымен ерекшеленеді. Бүгінде Қазақстан Республикасы аумағында діни экстремизммен күрес қарқынды жүруде. Діни экстремизмнің алдын алуда бұдан басқа да мына жағдайда жұмыс жасауымыз қажет: мешіттер жанындағы діни сауат ашу курсының жұмыстарын жетілдіру, жастармен кездесулер жиі өткізіп, әсіре діншіл ағымдардың іс-әрекеттерін әшкерелеп отыру, исламның ғылыми-ағарту бағытына серпін беру, жастарға ұлттық менталитет пен мәдениетті дәріптеу, ақпараттық түсіндіру топтары жұмыстарының сапасын арттыру, болашақ исламтану, дінтанушы мамандарды жекелеген діни ағымдарды ғылыми-зерттеуге, мамандануға бағыттау және т.б.

Бүгінгі таңда күнделікті өмірімізде  терроризм сөзі үйреншікті терминге айналып бара жатқандай. Мерзімді баспасөз болсын басқа ақпарат көздері болсын терроризмге соқпай өтпейді. Бұл сөз қандай мағына береді, біздің күнделікті өмірімізде қалайша күнделікті дерлік қолданысқа ие болды, соған тоқтала кетейін. Терроризм  сөзінің төркіні латын тіліндегі (terror «қорқу», «үрей»), — деген сөзден шығады. Ал терроризм «қорқыту», «үрей туғызу» деген мағынаны білдіреді. Бұл термин жалпы адамзат құқұқтарын таптайтын, оны елемейтін кез-келген топтарға айтылады. Террористер дегеніміз керісінше адамзатқа үрей туғызып, оларды қорқытуға, зорлауға дайын топ. Қазіргі таңда діни – ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс — әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі. Өкінішке орай соңғы кезде бұл терминдер көбінесе ислам дінінің ішіндегі радикалды экстремистік- террористік топтарға айтылып жүр. Зерттеушілердің сөзімен айтсақ ислам діні негізінде адам құқықтарын өте жоғары бағалайтын дін. Исламның негізгі қағидасы – «дінде зорлық жоқ» (Бақара сүресі 256 аят), яғни адам өз еркімен қай дінді ұстанса да ерікті, ешкім оны басқа дінге күштеп кіргізуге құқығы жоқ. Дінтану мамандарының негізге алған аяттың өзінде ислам дініне экстремизммен терроризм жат құбылыс екені дәлел.

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес туралы» заӊында терроризм сөзіне мынадай түсініктеме берілген: «Терроризм — күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардыӊ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ, немесе халықаралық ұйымдардыӊ шешім қабылдауына әсер ету практикасы». Іле ауданы ТҚК-а жұмысы бойынша Междуреченск ауылдық округнде  мешіттермен шіркеулер, діни бірлестіктер келушілері және мекемелер, тұрғындар арасында терроризмге қарсы бағытталған 30 астам іс-шаралар жыл басынан бері өткізілуде, қосымша көп қабатты үйлер мен мекемелер ғимараттарында терроризмге қарсы алдын алу бойынша тақтайшалар ілінді. Округте өткізілген іс-шараларға қатысқан азаматтарға 1000 астам терорризмге қарсы алдын алуға бағытталған профилактикалық парақшалар таратылды.

Қорыта айтқанда, терроризм осы заманғы саяси-әлеуметтік тамыры тереӊге тартатын құбылыстыӊ бірі. Оны болдырмау, алдын алу іс-шаралары да жан-жақты тереӊ ойластыруды талап ететіні сөзсіз. Сол себепті экстремизм мен терроризм, тұтастай алғанда, халықаралық қоғамдастықтың да, сондай-ақ, атап айтқанда, біздің ел үшін нақты қауіп түрі болып табылады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу – біздің елдің міндеті, сондықтан азаматтық қоғам өзінің экономикалық және саяси әлеуетін нығайту үшін теорроризм атты зұлыммен бірлесіп күрес жургізу – біздің міндетіміз.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*