Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шараларына қатысты Түркістан облысынан ақпараттық-түсіндіру тобы Жетісай ауданында болып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбековтың төрағалығымен өткен шарада елімізде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару, діни экстремизмді шектеу, лаңкестік шабуылдарға тосқауыл қою және радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу жайында бірқатар мәселелер талқыланып, пікірлер айтылды. Ұсыныстар тыңдалды.
Жиын соңында жауапты мекеме басшыларына осал обьектілердің қорғалуына қатысты нақты тапсырмалар беріліп, кемшіліктер орын алған жағдайда бірінші басшыларға заң аясында тиісті шаралар қолданылатыны жайында ескертілді.