Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » МАҚТААРАЛ: ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

МАҚТААРАЛ: ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Мақтаарал ауданында террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шараларына қатысты Түркістан облысынан ақпараттық-түсіндіру тобы арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар мәжіліс Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Ешанкұлова Алтын Күнтуқызының төрағалығымен өтті.
Аталған іс-шарада елімізде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару, діни экстремизмді шектеу, лаңкестік шабуылдарға тосқауыл қою және радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу жайында бірқатар мәселелер талқыланды.
Жиын барысында жауапты мекеме басшыларына осал обьектілердің қорғалуына қатысты нақты тапсырмалар беріліп, кемшіліктер орын алған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қолданылатыны жайында ескертілді.

Қазақстандағы діни білім беру жүйесі соңғы жүзжылдықтарға дейін бірыңғай ислами арнада дамыды. Ең алғашқы ислами орта оқу орындары болған медреселердің  араб жерінде емес, Түркістан өлкесінде пайда болғаны тарихтан белгілі. Мұның басты себебі тілдік фактордың әсері және архиологиялық қазба жұмыстарында табылған мәдени оқу ошақтары болып табылады. Қазақстан жеріндегі медреселер жүйесі Сыр бойындағы қалаларда ерекше өрістеді. Бұл Қожа Ахмет Ясауи негізін салған рухани ілім арқылы Түркістан қаласының түркі жұртының рухани астанасы деңгейіне көтерілуімен тікелей байланысты болды. Орта ғасырларда бірыңғай рухани мәдени кеңістікте өмір сүрген Орталық Азияда медреселер жүйесі ерекше қарқынмен дамыды. Медреселер көбіне мешіттердің жанынан салынды. Бұхара, Самарқанд жерінде басталған медресе дәстүрі Баласағұн, Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Өзкент секілді Ұлы Жібек жолының бойында жатқан ірі мәдени орталықтарда жалғасын тапты. Ортағасырлық жазба мәліметтерде бір ғана Баласағұн қаласында 40 мешіт, 20 медресе болғаны айтылады. Қазақстанда XIX ғасырдың 50-60 жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу кезеңі күз, қыс айларында жүргізілді.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – заман талабына сай, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау керектігі айқындалды. Осыған байланысты тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміздің білім беру жүйесінде жыл сайын реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар еңгізілуде, ал дәстүрлі білімге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Білім беру жүйесінің басты міндеттері – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Бiлiм беру жүйесiнің реттелуі қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi.

2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 3-бабының 4-тармағына сәйкес «Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады», — деп көрсетілген.

Білім берудің зайырлы сипаты діни немесе дінтанулық білімге тыйым салынады дегенді білдірмейді. Еліміздің заңнамалары аясында діни және дінтанулық білім берудің өзіндік мүмкіндіктері жасақталған.

Біріншіден, ұлт дүниетанымының, мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі ретінде дін туралы түсініктер мен діндер тарихы туралы мәліметтер, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін дәстүрлі болып табылатын діндерге қатысты мағлұматтар, олардың пайда болуы, дамуы, қоғам өміріндегі орны туралы ақпараттар жалпыға бірдей білім беретін орта мектептен бастап, білім беру мекемелерінің барлық деңгейінде қоғамдық пәндер аясында оқытылады.

Екіншіден, орта мектептің 9-сыныбындағы «Зайырлық және дінтану негіздері» пәні аясында діндер тарихы мен тәжірибесі, дәстүрлі діндер мен жаңа діни қозғалыстар, Қазақстандағы негізгі діндер, олардың қасиетті кітаптары және діни мейрамдары, ислам дінінің қазақ жеріне таралуы, ханафи мазхабы мен матуриди ақидасының қазақ діни танымындағы орны, қазақ ғұламаларының рухани-діни мұрасы, қазақ жеріндегі исламдық мәдениет туындылары секілді өзекті дінтанулық мәселелер жүйелі негізде оқытылады.

Үшіншіден, «дінтану» пәні таңдамалы курс ретінде еліміздің барлық жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енгізілген. Білім алушылар өздерінің қызығушылықтары мен таңдауларына сәйкес осы пән арқылы дін туралы білімдерін кеңейте алады.

Төртіншіден, зайырлы білім берудің бөлігі ретінде елімізде жоғары оқу орнының арнайы кафедралары арқылы діндер тарихы мен теориясын, исламтанушы, мемлекеттік діни қатынастарды, жаңа діни қозғалыстар мен діни ахуал мәселелерін зерделейтін дінтанушы мамандар даярланады. Олар: «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті (Алматы қаласы) қазіргі күннің талаптарына жауап беретін жоғары білімді әрі білікті дінтанушы, исламтанушы, араб және ағылшын тілдерінің аудармашысы мамандарын даярлаумен айналысады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қаласы) мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де (Нұр-Сұлтан қаласы), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы), Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қаласы), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогиқалық университеті (Шымкент қаласы) және Павлодар педогогикалық университеттері «дінтанушы», «теология», «тарих және дінтану» мамандықтары бойынша мамандар дайындайды. Отандық жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған дінтанушы, теологтар діни оқу орындары мен мемлекеттік қызметке араласып, игі нәтижелерді көрсетіп келеді.

Бесіншіден, қолданыстағы заңнамалар аясында діни білім берудің нақты тетіктері жасалған. Еліміздегі ресми тіркелген діни бірлестіктер жанынан діни сауат ашу курстары ашылған. Олар: Елімізде қызмет ететін шіркеулер мен сыйыну үйлерінің жанында православие негіздерін үйрететін жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Онда үш бағыт бойынша білім беріледі. Алғашқысы діни сауат ашу, христиан дінінің ілімін үйретуге бағытталған. Кейін сурет салу, ән айту өнерлеріне машықтандырады. Мұнда 7-14 жас аралығындағы балаларға христиан дінінің ілімі үйретіледі.

Сонымен қатар мешіттерде ҚМДБ-ның қолдауымен мектеп жасындағы балалар үшін жыл сайын жазғы діни сауат ашу курстары ұйымдастырылып, жұмыс жүргізуде. Өз қалауына сәйкес аталған курстарда бастауыш діни білім алуға кез келген азаматтың мүмкіндігі бар. Кәмелетке толмаған балалар діни курстарға ата-анасының келісімімен бара алады.

ҚМДБ-ның республикалық ислами діни бірлестігіне қарасты Қарилар дайындау орталықтары ашылған. Республика көлемінде Ақмола облысы, Қосшы елді мекенінде ашылған «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани», Шымкент қаласында 2013 жылы тіркеліп, іске қосылған «Ықылас» қарилар дайындау орталығы» және Түркістан облысы, Кентау қаласында ашылған «Балаби қари» Құран жаттау орталығы қызмет атқаруда. Орталықтардың мамандану бағытына сәйкес Құран, Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның нормаларына сәйкес республикалық және өңірлік діни бірлестіктер дін қызметшілерін даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын құра алады. Осы негізде қазір елімізде 12 рухани (діни) білім беру орны жұмыс істейді. Оқу орындарындағы барлық діни, сондай-ақ, зайырлы пәндерді оқыту бағдарламалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес дайындалған.

Діни және дінтанулық бағыттағы барлық мамандықтар бойынша мемлекет тарапынан тиісті деңгейде грант бөлінген, шетелдік жетекші оқу орындарымен тәжірибе алмасу, бірлесе мамандар даярлау тетіктері қалыптасқан. 2013 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында «дінтану» және «теология» мамандықтарына грант бөліне бастады.

Әлемдік тәжірибеде діни және зайырлы білім берудің әртүрлі арақатынасы бар. Ресми деректерге қарағанда діни білім шамамен әлемнің 140 елінде жүргізіледі. ЮНЕСКО-ның Халықаралық білім беру бюросының жүргізген зерттеуі мен талдауына сүйенсек, әлемнің 73 елінде діни білім аптасына кем дегенде бір рет жүретін міндетті пән болып табылады. Әр мемлекет өз діни және білім беру саясатына, діни және мәдени тарихына байланысты діни ұйымдардың білім беру қызметін дербес айқындайды.

Дін қашан да қоғамның, мемлекеттің, адамның өмірінде дүниеге көзқарас пен сенімдер жүйесі ретінде маңызды орын алып келеді. Қоғамдық феномен болғандықтан діннің жалпы халық пен мемлекет тұтастығы үшін өзектілігі жойылмайды. Осы орайда зайырлы мемлекеттегі діни және дінтанулық білім жүйесі біріншіден – мемлекеттік саясаттың жалпы қағидаттарына, екіншіден – қоғам сұранысына, үшіншіден заманауи бағдарлар мен даму болашағын ескере отырып, білім жүйесіне жасалатын объективті талдауларға сүйенеді.

Осы негіздерге сәйкес қоғам өмірін құқықтық тұрғыдан реттей отырып, оның дүниетанымдық көзқарастарын ғылыми тұрғыдан байытатын, рухани-мәдени құндылықтарының сақталуы мен дамуына жағдай жасайтын зайырлылық ұстанымы – мемлекеттің рухани дамуының кепілі болып табылады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*