Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » СОЗАҚТА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН БІР АЙЛЫҚ ШАРА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

СОЗАҚТА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН БІР АЙЛЫҚ ШАРА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін Созақ ауданында жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 1 айға жоспарланған іс-шара өз мәресіне жетіп, қорытындыланды. Шараға белсене араласқан бірқатар сала мамандарына аудан әкімінің алғыс хатын табыс етіп, құрмет көрсетті.
Аудан орталығындағы “Тәуелсіздік” саябағында өткен шараға аудан жастары, медицина мамандары мен спортшылар және барлық сала өкілдері қатысып, онда аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды жас ұрпақты салауатты өмірге үндеген шараның маңыздылығын тарқата айтып өтті.
Сонымен қатар, Созақ аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Ғани Құрманбеков нашақорлыққа қарсы атқарылған шараларға тоқталып өтті.
Шара барысында ҚР Мемлекеттік Әнұраны асқақтата шырқалып, аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*