Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Түркістан облысы полиция департаментінің нұсқаулығына сәйкес, 24-27 маусым күндері Шардара ауданы аумағында «Тұрмыстық зорлық зомбылыққа жол жоқ!» атты акциясы өтеді.
Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтүге арналған шараларды таныстыру мақсатындағы акция барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуге бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Бұған қоса, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң маусым айының 15 –нен бастап күшіне енуіне орай, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Шардара АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық -зомбылықтан қорғау тобының иснпекторы полиция капитаны Г. Сәбденова, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қамқорлық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» психологы С. Машкалов акция аясында «Ашық есік» күнін ұйымдастырып, жеке қабылдау жүргізіп, тегін құқықтық, психологиялық көмектер көрсетеді.
Мекен жайы: Шардара ауданы Шардара қаласы, Төле би көшесі бойында орналасқан Орталық базар. Өтетін уақыты сағат 10:00-ден 18:00 аралығы. Акция барысында өздеріңізді толғандырған сұрақтар, мазалаған проблемалар болса, келіп, не болмаса телефон арқылы хабарласа аласыздар.
Байланыс телефондары: Шардара АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Г.Сабденова тел: 8-778-312-14-36 немесе 102 нөмірі, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қамқорлық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тел: 8-702-444-54-77 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.
БІЗ СІЗДЕРГЕ ӘРҚАШАНДА КӨМЕК БЕРУГЕ ДАЙЫНБЫЗ!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*