Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТӨЛЕБИ: ҚОҒАМДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУЫ ҚАЖЕТ

ТӨЛЕБИ: ҚОҒАМДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСУЫ ҚАЖЕТ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Мәжіліс басталмас бұрын аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан активіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Төлеби ауданы бойынша бөлімшенің жаңа басшысы Жайлаубаев Сабит Нұралыұлы мен аудандық полиция бөлімінің басшысының бірінші орынбасары Сейдуалиев Мақсат Тойшыұлын таныстырды.
Жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру іс -шаралар жоспарының орындалуы қаралды.
Басқосуда аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков, Алатау ауылдық округінің әкімі Мадияр Құрбаналиев, Қасқасу ауылдық округі әкімінің орынбасары Мейіржан Дүйсебаев баяндама жасап, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалу барысын таныстырды.
Комиссия мүшелері тұжырымдама аясында атқарылған жұмыстарға баға беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін ұстана отырып, қызмет етуге шақырды. Жиын барысында сала басшыларына қызмет барысында орын алған олқылықтарды түзетіп, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту, міндетін адал әрі нақты атқару қажеттілігі ескертілді. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, ауданда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырылып, құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жұмысын жандандыру тапсырылды.
Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Төлеген Тұртайұлы қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әрбір істі нақты жүзеге асыруды тапсырды

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*