Күн жылынып, шомылу маусымы басталысымен өзендер мен су қоймаларында шомылғысы келетіндердің саны артады. Осы кездері қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулерге қарамастан, судағы жазатайым оқиғалар, соның ішінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау және тыйым салынған жерлерде шомылу жайттары жиі кездеседі.
Негізінде көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Сондықтан, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Тек суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет.
Осыған байланысты Арыс аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Арыс өзенінің жағасында, сондай-ақ шомылу үшін белгіленбеген жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Сонымен қатар халық арасында суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ақпараттандыру және түсіндіру, балаларды қарау және шомылу ережелерін қатаң сақтау бойынша жаднамалар таратылды. Полицейлер атап өткендей, мұндай іс-шаралар жаз маусымында суға бату мен адам өлімінің алдын алу мақсатында өткізіле бермек.
Осы ретте Төтенше жағдайлар қызметі мен арнайы мамандар бекіткен суға түсушілерге арналған қауіпсіздік ережелерін, батып бара жатқан адамды құтқару және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін оқырман қауымның назарына ұсынып, есіне салып өткеннің артығы болмас. Алдымен суға шомылу кезінде болатын тосын жайларды, оқыс жағдайға тап болған кезде қалай әрекет ету керегін баяндап өтсек.
Осындай қиындықтарға тап болып, өміріңізді қауіп пен қатерге байламас үшін қарапайым қағидаларды қатаң сақтаған жөн.
Біріншіден суға түсуге арнайы дайындалған, рұқсат етілген, жағасында құтқарушы мамандар жұмыс істейтін орындарда ғана шомылуға тырсыңыз.
Екіншіден ішімідік ішіп, мас болған кезде өзен-көлдерге, жалпы терең су қоймаларына түспеңіз.
Үшіншіден ыстық күннің астында қыздырынып, суық суға бірден түспеңіз. Температураның кенеттен өзгеруі жүрекке салмақ салып, тоқтап қаулы мүмкін.
Төртіншіден ауа райы дауылды күні жағаға толқын ұрып буырқанып жатқан теңізге, көлге түспеңіз. Қатты толқын өзіне тартып әкетеді. Ағысы қатты өзенге түсуден мүлдем аулақ болған жөн.
Бесіншіден жақсы жүзуді білсеңіз де жағалаудан ұзап кетпеңіз. Өміріңізге қауіп төнсе құтқарушылар жылдам жете алатындай болуы керек. Батып бара жатқаныңызды сезсеңіз құтқарушыларға, жағалаудағы адамдарға бірден белгі беріңіз.
Ал суға батып бара жатқан адамды көрсеңіз оны құтқарып қалуға тырысу, әр адамның азаматтық парызы.
Ондай жағдайда үрейленбеңіз. Алдымен айқайлап құтқарушылардың немесе жағалаудағы адамдардың назарын батып бара жатқан адамға аударуға тырсыңыз.
Жағалауға жақын жерде судан шыға алмай тұншығып, жанталасқан адамды көрсеңіз айналаңызға жіті қарап, құтқару қалқаншасын немесе құтқару құралы ретінде қолдануға болатын пневматикалық матрацтарды, кеудешелерді, қалқымаларды, ұзын арқандарды т.б. көмектесуге жарайтын заттарды тауып зардап шегушіге лақтырыңыз. Басқа амал таппасаңыз өз қабілетіңізге қарай әрекет еткен дұрыс. Жүзе алмайтын немесе жүзуді нашар меңгерген болсаңыз құтқаушы кеудеше немесе арнайы белдік киіп алып суға түсіңіз. Ал жақсы жүзе білетін адам болсаңыз бірден суға түсіп оның шашынан, аяғынан тартып судан шығаруға тырсыңыз. Тіпті болмаса арт жағына бір қолыңызбен қапсыра құшақтап, екінші қолыңызбен жүзіп жағаға жеткізуге болады. Тұншығып бара жатқан адамға қолыңызды созып немесе алдыңғы жағынан қапсыра құшақтап алу өзіңізге қауіпті. Жанталасып есі шыққан адам сізді де өзімен бірге батырып әкетуі мүмкін.
Зардап шеккен адамды жағалауға алып шыққаннан кейін маңайда дәрігер немес арнайы мамандар болмаса, дереу өзіңіз алғашқы көмек әрекеттерін жасаңыз.
Бірден оның ауыз қуысына құм немесе балдырлар кіріп кетпегенін анықтап, тыныс алуына қиындық тудыратын барлық заттан тазалаңыз. Сосын тізеңізге етбетінен яғни ішімен жатқызыңыз, басы төмен салбырап тұратындай болсын. Өйткені жұтып қойған суды шығару керек. Суды бірден құспаса тілінің түбінен басып құстырыңыз. Содан кейін барып оны шалқасынан жатқызып, тануын қолыңызбен қысып тұрып, аузыңызды аузына тақап қатты үрлеп жасанды түрде дем жіберіңіз. Ал жүрегі соқпай қалғанын байқасаңыз жүрегінің үстінен алақандарыңызды айқастыра қойып минутына 15 рет басып жасанды массаж жасау керек. Зардап шегуші есін жинай бастағанын байқасаңыз бірден жедел жәрдем шақырған жөн.
Міне бұл кез келген адам, тіпті балаларға дейін білуге тиіс ережелер. Осының бәрін тізбектеп жазып отырғанымыз қарапайым қағидаларды білудің өзі көптеген қауіптен қорғап, ажалдан арашалап қалуы мүмкін. Сондықтан қауіп қатерден әрдайым сақтанып, айналаңыздағы адамдарға да ескерте жүріңіз. Өйткені қоғамның басты байлығы адам өмірі бәрінен қымбат.
Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі
Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Әдетте, жүзе алмайтын балалар белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықақтан суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.
Балаларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбы балаларға ереже тәртібін оқытуға және жазатайым жағдайлардың санын азайтуға бағытталған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады.
Едәуір ересек балалар суда жүзе білу және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін біліп қана қоймай, судағы қиын жағдайларда өзін ұстай білу машығын да меңгеруі қажет. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігін, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетуді және т.б. білуі қажет.
Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?
суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады;
егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін;
су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;
суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз). Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз;
Егер сіз мас күйде болсаңыз, балаларды суға жібермеңіз, олар қараусыз қалып қойған жағдайда, қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.
Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі:
Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;
Кемеге жақын жүзуге болмайды;
Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;
Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;
Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.