20-30 маусым аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасының 3 кезеңі басталуына орай Түркістан облысы Полиция департаменті Түлкібас аудандық полиция бөлімінде гарнизондық саптық тарату өткізілді.
Т.Рысқұлов ауылының орталық алаңында өткізілген саптық таратуға жеке құрам қатысып, аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шараға бөлінді.
Полицейлердің қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша қойылған міндеттерді орындауын тексеруге бағытталған бұл шарада тәртіп сақшыларының дайындығы қаралды.
Сонымен қатар «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.