Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕТІСАЙДА САПТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА САПТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы полиция ауласында сапқа тұрды. Саптық байқауда қызметкерлердің нысанды киім кию үлгісін ұстануларын және қызметтік куәліктерімен арнайы атақтарының сәйкестігі тексерілді.
Саптық байқау барысында бөлім бастығы Әділбек Сапарбеков пен бөлім бастығының бірінші орынбасары Е.Надиров бұл шарада полицейлердің қызметтік міндетін атқару үшін қаншалықты талапқа сай екенін тексеру мақсатында өткізіліп жатқандығын айтып өтті.
Сонымен қатар саптық байқау аяқталған соң жеке құрамның салтанатты шеруі ұйымдастырылды.
Айта кетейік, бұндай саптық жиындар тұрақты негізде өткізіліп тұрады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*