Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Отырар аудандық полиция бөлімінің және Төтенше жағдайлар қызмет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Отбасылық зорлық зомбылық жол жоқ» акциясы өті. Аудандық мәдениет сарайының кіші залында өткен бұл шараның мақсаты — “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу,құқық бұзушылыққа жол бермеу.
Жиын барысында сала мамандары жоғарыдағы аталған мәселелер төңірегінде талқылаулар жүргізіп, Отырар аудандық полиция бөлімінің әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Зубайра Надирова «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңға енген өзгерістермен таныстырып шықты.
Отан-отбасыдан басталады отбасында татулықтың берік және ынтымақтың биік болуын қаласақ, кездескен кедергілерді айқай шумен емес ақылмен шешуге шақырамыз деп сала мамандары жиынды қортындылады.
Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтың алдын алу маңызды мәселелер болып табылады.
«Тәрбие тал бесігінен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балаларымыз, қазыналы қарттарымыз және мүгедектеріміз. Бұл акцияның мақсаты – қазіргі кездегі балалар және үлкендердің де отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу. Халықтың арасында құқықты түсіндіру. Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қазыналы қарттарға және барлық адамдарға құрметпен қарау қөзқарасын қалыптастыру. Өйткені зорлық-зомбылықтың өзі жәбірленушінің құқығын бұзып қана қоймайды, өсіп келе жатқан жастарға жағымсыз үлгі болып табылады екенің бәрімізге мәлім.
Сондықтан да тұрмыстық зорлық-зомбылықты тудырмаудың жолын табу, оған балта шабуға әрбіріміз үлес қосуымыз керек.

Отбасылық зорлық-зомбылық отбасы ішіндегі тұлғалардың өзара әрекеттесуінің ең шұғыл жанжалды нысаны ретінде күш көрсету зорлық-зомбылығын, экономикалық, психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылықты қамтиды.

Күш көрсету зорлық-зомбылығы – отбасы мүшелерінің және олармен келісіп өзге де адамдардың жәбірленушіге дене жарақатын келтіруі, сондай-ақ бас бостандығынан, үйінен, тамағынан және қалыпты өмірдің басқа да жағдайларынан айыруы, бұл жеке тұлғаның дене және психикалық денсаулығының бұзылуына, өліміне, ар-намысы мен абыройына зиян келтіруі мүмкін.

Психологиялық зорлық-зомбылық – жәбірленушінің ар-намысы мен абыройын қасақана кемсіту, оның өміріне қауіп төндіретін, денсаулығына зиян келтіретін немесе психикалық даму мен денсаулығының бұзылуына әкелетін қоғамдық қаупі бар әрекеттерді қорқыту, бопсалау, қорлау, алдау жолымен жасауға мәжбүрлеу.

Жыныстық зорлық-зомбылық – жеке тұлғаның жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу, сондай-ақ отбасы мүшесінің тарапынан педофилия фактілерін қоса алғанда, оның психикалық-жыныстық дамуын бұзатын өзге де іс-әрекеттер.

Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін .

Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл ұғымды профессор Д. А. Шестаков жақсы тұжырымдайды. Ол отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмысы деп – отбасының бір мүшесінің басқа мүшесіне қарсы жасайтын, оның өміріне, денсаулығына, бостандығына, ар-намысына, абыройы мен жыныстық еркіндігі мен тәуелсіздігіне қол сұғатын қылмыс деп түсіндіреді.

Криминологиялық жағынан отбасы ішіндегі қылмыстардың қатарына ананың жаңа туған сәбиді өлтіруін қоса алғанда, заңды түрде тіркелген, сондай-ақ тіркелмеген отбасы ішінде жасалған қылмыстарды жатқызған жөн.

Қазіргі кезде отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік проблемалар қатарына шығуда. Отбасы-тұрмыстық саласындағы қылмысты мінез-құлық өзінің едәуір таралуына орай қоғамға елеулі зиян келтіреді.

Осы саладағы криминологиялық және қылмыстық-құқықтық зерттеулердің маңыздылығы адам құндылықтарының жүйесіндегі, адам тарихының өзінде отбасылық- тұрмыстық қарым-қатынастардың ерекше орнымен айқындалады. Бұл отбасы қоғам мен мемлекет тарапынан тұрақты әрі сенімді қорғауды мұқтаж ететін, қоғамның табиғи және басты ұясы ретінде әлем шеңберінен тануынан байқалады.

Отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылық мән-жайларын анықтау – маңызды әрі өте күрделі міндет. Криминологияда қылмыс себептерінің проблемасы әрқашан да ғалымдар мен практиктердің аса қызығушылықтарын туғызады, өйткені бұл проблеманы шешу криминологиялық теорияның ғылыми мазмұнын, оның қолданбалы бағыттылығын және құқық қорғау қызметінің негізгі жолдарын айқындайды.

Соынмен бірге, 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойды.

Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді.

Осылайша, бұрын ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылық ретінде сараланып келсе, енді осы тектес қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жазаларға 80-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 50 тәулікке дейін қамауға алу жатады.

Жәбірленушіні азаптағаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Педофилді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру,  кәмелетке толмаған 16 жасқа толмаған балаларды жыныстық қудалау үшін 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Кәмелетке толмағанды заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін – 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал кәмелетке толмаған баланы ұрлау – 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.

Бұл заң жобасының қалыптасуына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі де өз үлесін қосты.

2023 жылдың қараша айында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізді, оның барысында мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, ҮЕҰ және дағдарыс орталықтарының өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға ықпал ететін негізгі факторлар талқыланды. Нәтижесінде заңнамалық түзетулер пакеті қалыптастырылып, Қазақстан Республикасы Парламентіне жолданды.

«Бұл заң отбасылық ортада зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған. Бұл қауіпсіз және әділ қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Біздің кеңсе осы заңды әзірлеуге белсенді түрде қатысты: заңда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің барлық аспектілері және ұсыныстары ескерілуін қамтамасыз ету үшін жан-жақты талдау жүргізілді, деректер жиналды, сарапшылармен және қоғам өкілдерімен кеңестер өткізілді», — деп атап өтті Артур Ластаев.

Оның сөзінше, жеңіл зиян келтіруді қылмыстық жауапкершілікке тарту, барлық уәкілетті органдар мен ұйымдарда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы арыздарды қарау нәтижелерін және қабылданған процессуалдық шешімдерді көрсететін интеграцияланған деректер базасын құру, қылмыстық қудалау нысандарын қайта қарау бойынша шаралар ұсынылды. Оларды жеке айыптау істері санатынан алып тастай отырып, отбасылық-тұрмыстық сала және басқа да көптеген заңнамалық түзетулер қаралды.

Еске салайық, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы арнайы баяндама жариялаған болатын.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*