Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» Заң күшіне енді. Осылайша әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады және басқа да бірқатар өзгерістер енгізілді.
Полицейлер мен дәрігерлер жаңадан күшіне енген заң нормаларын орындауда өзара түсініспеушіліктер орын алмас үшін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістер бойынша талқылау жиынын өткізді. Жиын нәтижесінде сала мамандары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, талқыланатын тақырып шеңберінде бірыңғай тәсілді әзірлеуге тоқталды.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке толмағандарға жыныстық, эмоционалды және физиологиялық зорлық-зомбылық көрсетулері проблемаға айналып отыр.

Әрбір бала үшін ең қауіпсіз орын – оның үйі, отбасы. Өйткені бала көңілі осы жерде мені жақсы көретін, маған қамқор болатын, қорғайтын адамдар тұрады деп ойлайды. Өкінішке орай, балалар өз үйінде қамқорлықты сезе алмай, керісінше жәбір көріп, соққының құрбанына айналып жататын жайттар жиі кездеседі.

Қазақстанда бұл жағдай ауыр, өйткені балалар мен жастар тәрбиесі үнемі реформалау талаптарымен жүзеге асып отыр, яғни білім беру мекемелерінің ,бұқаралық ақпарат құралдарының, жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметтері және жас буынның барлық әлеуметтік өмірі өзгеріп отырады. Балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстың алдын алу шешімі тәртіп аралық сипатты иеленетін маңызды, әлеуметтік мәні бар және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Жәбірлеудің негізгі үш түрін атап көрсетуге болады:

1.Физикалық жәбірлеу – баланың тәніне денсаулығына зиян тигізетін, дамуын тежейтін немесе өлімге душар ететін түрлі жарақаттар салу, зақым келтіру. Физикалық жәбірелеуге ұрып-соғу, азаптау, миын шайқау, шапалақпен ұру, шымшу, желкеден қойып қалу, түртпектеу, соққы жасау жатады.

2.Психологиялық (эмоционалды) жәбірлеу – үнемі немесе кей кездері балаға сөзбен немесе сөзсіз (яғни, сөзбен болмаса басқа әдістер арқылы білдіру) жәбір көрсету, ата-ананың қорқытып-үркітуі, кемсітуі, жақсы көрмейтінін не жақтырмайтынын білдіруі. Мұның салдарынан бала ересек адамға немесе өзіне деген сенімінен айырылады.

3.Сексуальдық жәбірлеу – Екінші жақтың келісімінсіз жасалған жыныстық қатынас немесе жыныстық қатынас жасамаса да, екінші жаққа еркінен тыс сексуалдық сипат алатын әрекеттер жасау .

Зорлық-зомбылықты алдын-алу үшін құқық қорғау, қамқоршылық және қорғаншылық қызметкерлері ,әлеуметтік және психолог мамандарын жұмылдыру тиіс. Қазіргі таңда мектепте, емханада әлеуметтік қызметкерлер мен психолог мамандары және әр аймақтың учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

Зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет. Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істеті арыз бермей-ақ қозғалады.

Қазіргі кезде отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылықтың детерминациялау проблемасын зерттеу қажеттілігі туды.

Жаһанды экономикалық дағдарыстың өзі де, өндірістің тоқтауы, жұмыссыздықтың өсуі және осының аясында отбасы мен ұжымда қалыптасып келе жатқан психоэмоциялық ахуал белгілі бір дәрежеде отбасы ішіндегі қылмыстық зорлық-зомбылықтың детерминанты ретінде көрінеді, тіпті отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық қылмыстардың генезисі де өзгеруде, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың криминогендік факторлар жүйесі құқық нормаларын айтпағанда, этикалық және моральдық нормалардың барлыққырларын өшіреді, зорлық-зомбылық бағыттағы криминогендік факторлардың отбасына ықпал ету диалектикасы. Отбасы қолайсыздығының алуан түрлілігі және тіпті объективтік сипаттағы қолайсыз факторлар психоэмоциялық және денесіне тиіспеушілік құқығына қол сұғу түріндегі ауыр салдарларға әкеледі, бірақ біз үшін маңызды нәрсе – қазіргі кезде рухани қауіпсіздік бұзылуда және қазақ халқының бүкіл генетикалық қоры үшін қауіп төнуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының рөлі аса орынды.

Біз үшін «отбасылық қарым-қатынастар» – бұл үй, баспана, балалар, жайлылық пен сенімділік, қорғаныш, онда біз балалық шақтың елесін, ата-ананың балаға деген махаббатын, сондай-ақ, әже мен ата, аға мен әпке арасындағы өзара қарым-қатынастарын есімізге түсіреміз. Осылайша, отбасы бұл біз үшін әлем жайындағы алғашқы бейнелер, қарым-қатынастың алғашқы әрі өте маңызды сабақтары.

Бірақ, кейде «үй» сөзі ассоциациялағанда қарама-қарсы «зорлық-зомбылық» сөзімен үйлеседі. «Үйдегі зорлық-зомбылық» сөз тіркесі – біреулер үшін ақылға сыймайтын, ал біреулер үшін шындық болып табылады. Өзіне төнген қауіпті сезіп, күндіз де, түнде де, жауын-шашында да үйден далаға қашып кететіндер үшін ол – шындық, себебі үйде зорлық-зомбылық жасалады.

Үйдегі зорлық-зомбылық, бүгінгі күнде отбасы ішіндегі келеңсіз жағдай ғана емес, сондай-ақ тұтас қоғам өмірінің тіршілігі. Өйткені отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық оның тіршілік әрекетін бүлдіріп қана қоймай, жалпы қоғамның қауіпсіздігін де бұзады.

Махназ Афкали зорлық-зомбылыққа анықтама бере отырып, «күші көп адамдардың күші аз адамдарға қатысты жасайтын зорлық-зомбылық актілері» деп жазған пікірімен келісу керек, кейін өз ойын жалғастыра келе, ол «адам күші үш қырынан байқалады: бірінші қыры – сыйақылар, бұл бір кісі жасаған іс-әрекет үшін екінші кісі сый бергенде болады, екінші қырының мәні – ықпал етуде, яғни қоғамның беделді мүшелері және сол беделді жеткізуге көмектесетін бұқаралық ақпарат құралдары адамдарға мінез- құлықтың қандай түрін мақұлдауға болатынын білдіреді. Ал билікті ұстауға көмектесетін үшінші қырының мәні – жазалауда немесе жаза қаупінде» деп қорытындылаған.

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық – бұл бақылау орнату мен өз билігін бекіту мақсатында күш көрсету, сөзбен, рухани және экономикалық қорлаудың қайталанатын, жиіленетін кезеңі, яғни бұл бір адам басқа адамның мінез-құлқы мен сезімін бақылайтын не бақылауға әрекет жасайтын жағдайы. Зорлық-зомбылық әдістері ретінде түрлі мінез- құлық болуы мүмкін, мысалы, жеке абырой сезімін кемсіту, өзін-өзі төмен бағалауына итермелеу, қорқыту, кінә сезімін, қорқуды, әлсіздігі мен толық тәуелді екендігіне сендіру.

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық дүние жүзінің барлық елдеріндегі алуан түрлі отбасыларында (қоғамның түрлі топтарында) орын алады және отбасының барлық мүшелеріне қатысты жасалады. Алайда, жалпыланған санат болып есептелетін үйдегі зорлық-зомбылық ішінде жәбірленушілер мен құрбандар арасындағы қарым- қатынастардың табиғатын айқындайтын өзгеше санаттар бар екенін айта кету керек. Оларға, мысалы, балаларға, зайыбына немесе серіктесіне қатысты, сонымен қатар қарт адамдарға қатысты жасалған зорлық-зомбылықты жатқызуға болады.

Зорлық-зомбылықтың отбасы өміріне кеңінен енуі отбасының құлдырауына және отбасылық тәрбиелеу деңгейінің төмендеуіне әкелетін қолайсыздыққа ұшырататын келеңсіздіктер бар, бұл балалардың қараусыз қалуына әкеледі және кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылық санының өсуіне (жеткіншектер маскүнемдікке, жезөкшелікке, сондай-ақ қылмыстық қызметке тартылады) мүмкіндік жасайды.

Жалпыланған санат ретіндегі үйдегі зорлық-зомбылық ішінде жәбірленуші және құрбан арасындағы қарым-қатынастардың табиғатымен, сонымен қатар өмірлерінің жағдайларымен айқындалатын өзгеше санаттар бар екенін айттық. Мысалы:

балаларға қатыгездiкnен қарау;

зайыбына немесе серіктес адамына қарсы бағытталған зорлық зомбылық;

қарттарға қатысты зорлық-зомбылық.

Басқа елдердегі жағдай да мәз емес. Ғылыми зерттеулердің деректері бойынша, белгілі бір түрдегі зорлық-зомбылық әр төртінші отбасы ішінде байқалады. Кісі өлтірудің жалпы санының шамамен 30 пайызы отбасы ішінде жасалады. Тұрмыстық себептерге (қызғаншақтық, алкоголизм, бұзақылық) байланысты болып келеді, осыған дейін барлық қылмыстардың жартысы дерлік ұзақ уақыт отбасылық ұрыс-керістер болып келеді.

Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шегетін тағы бір санат – балалар, олар өздеріне қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасайтын адамдарға құқықтық жағынан тәуелді болады. Оларды қинаушылар, әдетте, заң бойынша олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндетті ата-аналары болып табылады. 14 жасқа дейінгі баланы ата-анасы ұрады. Бұл кейде балалардың өліміне әкеледі, кейбіреулері ата-аналарынан құтылу үшін үйінен кетеді, ал кейбір кәмелетке толмаған балалар жоғалып, оларға іздеу жарияланған.

Қазақстан Республикасындағы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, «әр6ір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қаgiр-қасиетiне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар, мемлекет баланың жеке басына ешкǐмнщ тиǐспеуǐн қамтамасыз етедǐ, оны тәнін және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр- қасиетш қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсǐтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекǐтǐлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлершен қорғауды жүзеге асырады» , – делінген.

Отбасы ішіндегі қатыгез қарым-қатынасты көбінесе 6-7 жастағы балалар бастан кешіреді; өз ата-аналары, өгей әкелері (шешелері), анасымен (әкесімен) бірге тұратын адамдары үнемі ұрып-соғатын мұндай балалардың дамуы тоқтайды, көптеген дене және психоэмоциялық науқастарға шалдығады. Көптеген балалар «мастық педагогиканың» құрбандары болып жатады, бұл жағдай балалар үшін қайғылы оқиғаға әкеп соғады. Көбінесе ата-аналардың өздері маскүнемдікке салынып қана қоймай, оған өз балаларын да тартады, олармен бірге спирт ішімдіктерін немесе есеңгірететін заттарды қолданады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*