Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КЕНТАУДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында 24-26 маусым аралығында өткізілген «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы аясында Кентау қаласының полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу, халықтың полицияға сенімін арттыру және нығайту мақсатында «Отбасының қоғамдағы рөлі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.

Шара барысында Кентау қаласы ОП әйелдерді қорғау инспекторы М.Құттыбаева психологтар және әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің мамандарымен бірлесіп, қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ полицейлер халық көп шоғырланатын орындарда және көшелерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша билбордтар іліп, жадынамалар мен буклеттер таратты.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесуге, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып отырады.

Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Статистика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес.Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр.
Отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың тіптен жаңа жолдарын іздестіру маңызды. Осындай әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық беру керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапсыздық сезімін дамытады.
Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар.

Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Баланың болашақта қандай азамат болуы оның мектепте, отбасында қоршаған ортада алған тәрбиесіне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

Бала өз ата – анасының тәрбиесін алуға, өз қызығушылықтарын жан – жақты дамуын қамтамасыз етуге құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны үшін шара қолдануды қамтиды.

Зорлық – зомбылық тақырыбы мектепте тәрбие сағаттарында қаралып, ата-аналар үй жағдайында баласының қатеріне сала отырып, оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беруі, ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әсіресе, өмір жағдайында түрлі соққылар, зорлық – зомбылық жағдайы көп кездеседі. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Адамға зорлық көрсетудің екі түрлі жағы бар. Олар: Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Көп уақытта балалардың өміріне балта шаппау мақсатында, олардың кішігірім қылмыстарын жауып тастауға, ешкімге айтпауға тырысамыз, бірақ, қазіргі қоғамның қажеттілігі сол жағдайлардың айтылып, оқушының түпкілікті бақылауға алынуын қажет етеді.

Азаматтық – патриоттық тәрбие мен зорлық – зомбылық екеуін қатар қарауымыз керек. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу болса, бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың бойында зорлық – зомбылық жасауына жол бермеу, өзін – өзі қорғай білуін қалыптастырудың, оқушыларға осы патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елін сүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз деген сөз.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*