Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Сауран: «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес заман талабы» тақырыбы аясында кездесу болып өтті.

Сауран: «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес заман талабы» тақырыбы аясында кездесу болып өтті.

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары арасында «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес заман талабы» тақырыбы аясында мамандар арасында кездесу болып өтті.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов және Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары қатысты.

Еліміз қай заманда да елдікке, тыныштыққа, бірлікке соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Экстремизм мен терроризмнің өршуі елдің ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретіндігі турасында, қауіп қатерлерге қарсы тұрудың жолдары туралы айтылды.

Сонымен қатар жастардың түрлі ағымдарға еріп адасудан сақтандыру, дұрыс бағыт-бағдар көрсету баршамыздың ортақ ісіміз. Қазіргі әлеуметтік желілердің дамыған уақытында адастырушы ағымдар жетегінде кетпеу үшін дұрыс ақпаратты тани білу қажет. Сондықтан кез келген діни уағыздарды тыңдамаған абзал. Кездесу барысында мамандарға түрлі пайдалы ақпараттар берілді.

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.

Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал. Әлемде болып жатқан жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе діни экстремизм өте үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрлерінен айырмашылығы, мемлекеттік құрылымдарды күшпен өзгертуге және билікті жаулап алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға қарсы адамдардың діни ілімдері мен символдарын маңызды фактор ретінде пайдалана отырып, сенім мен діни наным үшін аяусыз күресуге бағытталады.

Қазіргі таңда, «терроризм» мәнінің әмбебап анықтамасы жоқ. Барлығына мәлім, терроризм экстремизммен тығыз байланысты, яғни, экстремизм терроризмнің бір бөлігі болып табылады. Демек, «экстремизм» тұжырымдамасын алдын-ала қарастырмай, «терроризм» ұғымының мәнін ашу мүмкін емес.

Жалпы термин ретінде «экстремизм» қазіргі заманғы саясаттың белсенді айналымына жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана енгізілді. 2003 жылы ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) анықтағандай, «экстремизм» – бұл парламенттік демократия принциптерін тікелей немесе жанама түрде қабылдамайтын саяси қызметтің нысаны.

Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.

Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі — өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.

Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім — нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал — айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол — шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.

Экстремизм мен терроризмнің танытуы адам өмірінің жойылуына, инфрақұрылымның, рухани, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеледі. Бұл жағдайда көбінесе жазықсыз, кездейсоқ адамдар құрбан болады. Теориялық актілер адамдардың психикасына зиян келтіреді, оларды қорқытады. Сонымен қатар, терроризм экономикаға, өнеркәсіптік – сауда байланыстарына зиян келтіреді, елдегі жағдайды тұрақсыздандырады. Адамдар бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүргісі келеді. Мемлекеттің дамуы үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік қажет. Терроризм мен экстремизмге әлемдік қауымдастық қарсы тұр. Қазақстан да ерекшелік емес.

1999 жылдың шілдесінде «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 және 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары бекітілді. 2023 жылғы 23 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Е.Сағымбаевтың басшылығымен ҚР Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті. 2023-2025 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыру бойынша сұрақтар талқыланды. Бұл құжат Мемлекеттік бағдарламаның логикалық жалғасы болып табылады және еліміздің тұрақтылығына төнген жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы тұруға бағытталған.

Экстремизм мен терроризммен күрес күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе. Экстремизмге қарсы тұратын руханият деп айтсақ артық болмас. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіре алып қана түбегейлі діни экстремизмнің де, терроризмнің де тамырына балта шаба аламыз.

Терроризм проблемасын шешудің күш қолдану әдістері террорлық актіні жасаудың нақты қаупін тек уақытша жоя алады. Қабылданатын мұндай шаралар әрқашан да толыққанды және тиімді бола бермейді. Негізгі тіректі терроризмге алғышарттарды, тарату себептерін бейтараптандыруға жасау қажет. Жалпы, экстремизм қауіптерін ескерту және алдын алу бойынша жұмыс жасаған кезде адамдардың әртүрлі діни сенімдерге төзімділік және бейбіт өмір сүру идеясын белсенді насихаттау болып табылады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*