Депутат Екатерина Смышляева қазіргі кезде мопедтер көліктің ең қолжетімді түріне айналғанын, соған сай олардың қозғалысын реттеу қажеттілігі басым екенін айтты. Мұндай қажеттілік, ең алдымен, жолдардағы апаттар санының артуымен байланысты болып отыр. Мәселен, тек 2023 жылы мопедтермен байланысты 750 апат болды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп.
Мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушыларына теңестірілді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізіледі. Енді мопед тізгіндегендер де уәкілетті органда міндетті тіркеуден және жыл сайынғы техникалық байқаудан өту керек. Сонымен қатар азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруы тиіс.
Мопед жүргізушілеріне қойылған жаңа талап – «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу. Ол «А», «В» және «С» санатындағы жүргізушілерге қосымша дайындықсыз автоматты түрде ұсынылады. Қазіргі уақытта мопед мінгендерге жүргізуші куәлігін алу үшін 6 ай уақыт беріледі.
«Бұл ретте мопед жүргізушілері де автокөлік жүргізушілері сияқты жауапкершілікке тартылады. Бұрын жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін олар басқа жол қозғалысына қатысушылар сияқты ӘҚБтК-нің 615-бабына сәйкес 2 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жазаланатын. Енді ереже қабылданғаннан кейін автокөлік жүргізушілері секілді мопед жүргізушілеріне де барлық жауапкершілік жүктеледі. Мәселен, тыйым салынған бағдаршамнан өткені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 599-бабында көзделген 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады», делінген Мәжіліс хабарламасында.
Қазір мас күйінде мопед жүргізу ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Оған сәйкес қоғамдық орындарға мас күйінде шыққандарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Ереже қабылданғаннан кейін мопед жүргізушілері көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл бап бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Заң жобасында төмендегідей тармақтар қарастырылды:
- қозғалтқыш көлемі 50 текше см ден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеуді енгізу;
- мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
- жергілікті атқарушы органдарға электр скутерлерін пайдалану тәртібін айқындау жөніндегі құзырет берілсін.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне де толықтырулар қосылмақ. Онда көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша мынандай мәселелер жинақталған:
- рұқсат етілген жылдамдықтан едәуір асатын адамдар үшін жауапкершілікті қатаңдату;
- мопедтерді механикалық көлікпен теңестіру;
- лауазымды адамның жолдарды және жол құрылыстарын күтіп-ұстауға байланысты қайталама құқық бұзушылық үшін жауапкершілігі.
Еске сала кетейік, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қозғалтқыштың көлеміне қарамастан барлық мопедтер көлік құралдарына жатқызылатынын айтқан. Сонымен қатар, оларды басқару үшін «А1″санатындағы жүргізуші куәлігі болуы керек екенін мәлімдеген.
Скутер, мопедтер және мотоциклдер — бүгінгі таңда жасөспірімдерде ойын-сауық үшін үлкен таңдау бар. Бірақ, жол жүрісі қағидалары туралы қарапайым мәліметтерді білмей, кәмелетке толмағандар жолға шығады, ақырында бұл жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.
Мотоцикл — қозғалтқышының көлемі 125 текше сантиметрден асатын, басқаруға «А» құқық санаты бар 18 жастан асқан адамдарға рұқсат етілетін, қауіптілігі жоғары көлік құралы.
Шекті жылдамдығы сағатына 50 шм — нан астам, қозғалтқышының көлемі 125 текше сантиметрден асатын және ең жоғары қуаты 11 кВт-қа дейінгі мотоциклдер, трициклдер, квадроциклдер мен мопедтер «А1» кіші санаты бар басқаруға 16 жасқа толған адамдара жол беріледі.
Мопед ұғымына сондай-ақ аз кубатты қозғалтқышы бар (50 текше см-ге дейін немесе сағатына 4 кВт-тан аспайтын) және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 шм – нан аспайтын механикалық көлік құралы жатады, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары мопедтерге теңестіріледі.
Жылдамдығы сағ/шм 50 аспайтын және қозғалтқышының көлемі 5 текше сантиметрден кем көлік құралдарын басқару үшін көлікті тіркеу және оған құқық талап етілмейді.
Велосипедшілер сияқты категорияны бөлек бөлуге болады. Жол жүрісі қағидаларына сәйкес осы жол жүруге қатысушылар велосипед жолымен, велосипед жүретін жолақпен, ал олар болмаған кезде — жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен немесе жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жаяу жүргіншілердің жүруіне қауіп төндірмей қозғалады.
Электрлік самокат, велосипед немесе мопед болсын, екі доңғалақты көлік — бұл жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көрінбейтіндіктен қауіптің жоғарылау құралы. Мопед пен велосипед жүргізушілеріне: рульді бір қолмен ұстамай жүруге; жолаушыларды тасымалдауға; ұзындығы немесе ені бойынша габаритінен елу сантиметрден астам шығып тұратын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға; жанында велосипед жолы болған кезде жолда жүруге; трамвай жолы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға, осы бағытта жүру үшін біреуден артық жолағы бар жолдарда және қозғалыста жүруге; мопедтер мен велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен және велосипедтермен, мопедпен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені тіркеп сүйреуден басқа, тіркеп сүйреуге; жаяу жүргінші өтпесімен жүріп өтуге тыйым салынады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сигвейлер, гироскутерлер, моноколесалар және басқа да ұқсас қозғалыс құралдары көлік құралдары болып табылмайды, тиісінше оларды пайдаланатын адамдар жаяу жүргіншілерге теңестіріледі және өздерінің қозғалысын тротуарлар немесе жаяу жүргіншілер жолдарымен, ал олар болмаған жағдайда – жол жиектерімен жүруі тиіс.
Жол қозғалысына қатысушылардың жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе материалдық залал келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзуы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жол жүрісі қағидаларын САҚТАҢЫЗ! ӨЗ ӨМІРІҢІЗДІ ЖӘНЕ АЙНАЛАҢЫЗДАҒЫЛАРДЫҢ ӨМІРІН САҚТАҢЫЗ!