Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысының тұрғынынан 160-тан астам патрон мен мылтық тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан 160-тан астам патрон мен мылтық тәркіленді

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, Түркістан облысының полицейлері мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп, жергілікті тұрғыннан атыс қаруы мен оқ-дәрілерін тәркіледі.
Жедел уәкілдер Созақ ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, оның сейфінен аңшылық мылтық пен түрлі калибрлі 160-тан астам патрон тапты. Оның ішінде АК-47 автоматы мен травматикалық қарудың оқтары бар. Ер адам өз жауабында, патрондарды бір жыл бұрын тауып алып, осы уақытқа дейін үйінде сақтағанын жеткізді.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.
Сонымен қатар полицейлер Қазығұрт ауданының жергілікті тұрғынынан «Лидер» маркалы газ-травматикалық тапанша тапты. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*