Жедел іздестіру шаралары барысында Ордабасын аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірнеше сағат ішінде өзгенің көлігін айдап кеткен ер адамды ұстады.
Жергілікті тұрғындардың бірі үй маңында тұрған «Мерседес Бенц» көлігінің ұрланғаны туралы полиция бөліміне хабарлап, тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.
Анықталғандай, ұсталған Шымкент қаласының тұрғыны мас күйінде өзгенің көлігін айдап әкетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Қазіргі уақытта мегаполис тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Түркістан облысының Полиция департаменті азаматтарды көліктен шығарда қырағы болуды, барлық есіктер мен терезелердің сенімді жабылғанын тексеруді ескертеді. Ұрлықтың алдын алу және көлігіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер көлігіңіздің кілтін бейтаныс адамдарға бермеуге кеңес береді.