Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде тазалық іс-шарасын өткізді. Аталмыш шарада мүлдем төзбеушілік қағидатын негізге ала отырып, барлық елді-мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзуға жол бермеу, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығарудың, жолдар мен құрылыстарын зақымдау жайттарының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізді.
Осы бағыт бойынша жыл басынан бері аудан көлемінде 600 дерек анықталып, оларға айыппұл салынды.
Бұндай шаралар әліде жалғасын табады.
Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірген полицейлер, генерал М.Қабденовтың тапсырмасымен «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Басты міндет — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, әрбір тұрғынды табиғат жанашыры болуға шақыру.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару, азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау. Бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасады.