Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейлер жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Келес ауданының полицейлері жайылымнан мал ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірі мал ұрлығы туралы арызданып, белгісіз біреу 700 мың теңге тұратын жылқысын жымқырып кеткенін хабарлады.
Тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні, Келес ауданының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ұрланған жылқы тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп, болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.
Хал-жағдай сұрасқанда малдың түгендігін қоса сұрайтын қазақ халқы үшін төрт түліктің орны ерекше. Себебі ертеден халқымыз төрт түлігін түлетіп, содан ризығын табуда. Сондықтан мал шаруашылығы қазақтың ата кәсібіне айналған. Исатай ауданы тұрғындарының негізгі тіршілігі де осы-төрт түлік. Бар жағдайын жасап, қалайда мал басын көбейтуді көздеген шаруагерлердің ортақ мәселесі–мал ұрлығы. Тұрғындар соңғы жылдары жайылыстағы малының қамын ойлап, алаңдайды. Себебі көршілес аудан, облыс аумағында мал ұрлығының азаймай тұрғаны жасырын емес. Сол себепті мал ұрлығы әрбір шаруаның мазасын алған мәселеге айналып отыр.
Мал ұрлығы — бүгінгі күннің өзекті мәселесіне және ауыл дертіне айналып отырғаны баршамызға мәлім. Әсіресе, ауыл тұрғындарының күнкөріс көзі осы төрт түлік малдары болып табылады. Сондықтан әрбір малдың ұрлануы олардың тұрмыс-тіршілігі үшін қиынға соғары хақ. Бүгінгі таңда облыс аумағында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалуда.

 Ауылшаруашылықты аудан болғандықтан өңіріміздегі малға қатысты кез келген мәселе өзекті.«Қазақтың міні-мал ұрлығы» деп хакім Абай өз заманында дөп басып айтса да, өкінішке қарай, қылмыстың бұл түрі әлі дендеп тұр. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мал ұрлаушыларға жазаны күшейтуді тапсырған болатын.  Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қазанда өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында осы мәселеге қатысты «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет» деп жазып, бұл қылмыс түріне ерекше екпін қойған. Малды ұрлауға қатысты заң да қарастырылған. Қылмыстық кодекске 188-1-бабы бойынша «мал ұрлығы» деген жаңа бап еңгізілген болатын. Онда ең ауыр жаза 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Үстірт ойлаған жанға ұрлықтың алдын алу, оның салдарымен күрес жұмыстарына полиция ғана жауаптыдай болып көрінуі мүмкін. Ал қазіргі таңда белең алып отырған осынау ұрлық түрінің өрістеуіне тәжірибе көрсеткендей жан-жақтан тамыр алып отырғандығы жасырын емес. Сол себепті әр шаруагер, әрбір тұрғын қора мен өрістегі малына үлкен жауапкершілікпен қарап, сақтық шаралары мен қауіпсіздікті күйшейткені абзал.  Малдарды бірдейлендіру, сырғалау жұмыстарын жасау, сатып алынған малды уақытылы тіркеуге қою яғни АЖС (ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру) деректер базасына енгізу, сатқан төрт аяқтыны есептен шығару, ветеринариялық анықтаманы нақты алу, тасымалдау көзіндегі тиісті талаптың сақталу сынды төрт түлікке қатысты арнайы шараларды орнымен өз уақытында жасаса мал ұрлығының алды алынбақ.

Дегенмен төрт түліктің негізінде жайылымдарда жоғалып кететінін ескерсек, ауыл тұрғындарының малға күзетті күшейткені абзал. Тұрғындар өз малының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауын тоқтатпайынша, құқық қоғау органдарының мал ұрлаушылармен күресі оң нәтижесін беруі екіталай. Сондықтан, мал ұрлығының алдын алып, сақтықтықты күшейткен абзал.

Көбіне түнгі уақытта малдардың жол үстінде қараусыз жүруі қайғылы жағдайға ұласып жатыр. Қараусыз малдың тас жолдарға шығып кетуі жол-көлік апатына әкелсе, енді бір жағынан қолды болуына да таптырмас мүмкіндік. Сондықтан аудан тұрғындары апат пен қылмыс орын алмауы үшін қатенің алдын алайық. Иә, қай кезден де таяқтың екі ұшы бары белгілі. Малдың түгел, аман  болып жүруіне, қолды болмауына алдымен мал иелері мүдделі болу керек. Сондықтан мал ұрлығын болдырмау үшін барлығымыз жауаптымыз. Десек те, бақылау бар жерде тәртіп те, нәтиже де болатынын естен шығармаған дұрыс. Мал ұрлығын болдырмау–маңызды міндет.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*