Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА БӘЙДІБЕКТЕ ӨТТІ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА БӘЙДІБЕКТЕ ӨТТІ

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен қоғамда орын алып жатқан мәселелердің бірі «Отбасындағы зорлық-зомбылықтын алдын-алу және алкоголь-көптеген қиыншылықтардың себебі» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Ауданның бас имамы Еркін Тұрғынұлы бұл шарада күндіз түні елдің тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларына деген алғысын білдіріп, отбасылық зорлық-зомбылықтың кесірі туралы айтып өтті.

Аталған шарада Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастығы Н.Ажибеков сөз алып, отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыда қорқып құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жататынын айтты.
Осыған сәйкес полицейлерге әйелдер мен қыздар арасында құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар аудан көлемінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың зардабын шегіп отырған қолайсыз отбасыларды «зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу» бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыруды жүктеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикалық шаралары  тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу  және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық әңгімелесу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, қорғау нұсқамасын шығару, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды полиция бөліміне жеткізу, әкімшілік жаза қолдану профилактикалық шаралары жүргізіледі.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін, хаттама толтырылып іс-құжат жинақталып, аудандық сотқа жолданды.

Жанұя және тұрмыстық жағдайларда болатын құқық бұзушылықтың алдын алуда, жанұя саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамға қорғау нұсқамасы  беріліп профилактикалық есепке алынады, мінез-құлықтарына ерекше талаптарға  ұсыныс жолданады.

Қорғау нұсқамасы берілгеннен кейін 30 күн ішінде  қорғау нұсқамасының талаптарын бұзуы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жұмысы мен акция мақсатын түсіндіріп, сенім телефондары жазылған брошюралар таратылады. Отбасында заңды некедегі жолдасы алкогольді өнімді шектен тыс пайдаланып, отбасына маза бермей, үйінен қуып жіберген кезде, баратын жері болмай қалған жағдайдаполиция қызметкерлеріне хабарлама берген азаматшаларға Дағдарыс орталықтарына орналастыру туралы түсінік жұмыстарын жүргізіледі.

Тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әйелдердің зорлық-зомбылыққа ұшырамауынын алдын алу мақсатында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселері бойынша халықты хабардар ету үшін профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, санитарлық режимді сақтай отырып кездесулер жиналыстар ұйымдастырылуда.        

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі). Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық білім дең¬гейінің және әлеуеметтік-экономика¬лық жағдайдың төмен болуы себепті, сондай-ақ, берекелі отбасы болып есептелетін отбасында да туындауы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында балалар құрбан немесе зорлық-зомбылыққа шағымдана алмайды. Егер, зардап шеккен адам өзінің қауіпсіздігі немесе балалары¬ның қауіпсіздігі үшін қорқатын болса, балаларды мүмкіндігінше тезірек бұл жағдайдан алып кетуі керек. Балалар – бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайындағы ең осал әлеуметтік-демографиялық топ. Сонымен қатар, агрессия немесе зорлық-зомбылық ауызша немесе физикалық болуы мүмкін. Тұрақты зорлық-зомбылықтың куәгері болған жеткіншектерде басқа балаларға қарағанда эмоционалды және мінез-құлық проблемалары көбірек болады.

Дүние жүзінің ең дамыған елі АҚШ-та мынадай деректер жарияланды:

отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық құрбандарының шамамен 97 % – әйелдер (АҚШ, Әділет департаменті);

әр 9 секунд сайын әйелдерді ұрады; жылына 4 миллионнан астам әйел ұрып соғу жағдайына ұшырайды (Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың жолын кесу жөніндегі қор);

отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық салдарынан орташа есеппен алғанда күніне 4 әйел өлтіріледі;

әр екінші әйел өз өмірінде зорлық-зомбылықпен байланысты оқиғаға кез болады (Гарвард университеті заң факультетінің «Әйелдерді – зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау жөніндегі жобасы»);

әйел адамның туған адамдарының жасаған қылмыстарынан құрбан болуы 6 есе жиі кездеседі (Сенаттың Заң есебі, 1992 ж.)

өздерін қинаған адамдардан кетіп қалған әйелдерге, кетпей қалғандарға қарағанда, қинаушыларының өлтіруі мүмкін деген қауіптің төнуі 75 %-ға жиірек;

барлық панасыз әйелдер мен балалардың 50% отбасы ішіндегі зорлық- зомбылықтан құтқарылады;

1992 жылы өлтірілген әйелдердің 30% күйеулері немесе бірге тұратын адамдары өлтірген (ФТБ).

Сонымен қатар, Федералдық Тергеу бюросының (Federal Bureau of Investigations) 2000 жылы АҚШ-тағы қылмыстылық туралы есебі бойынша туған-туыстар мен таныс адамдар арасындағы ұрыс-керіс кезінде жасалатын, былайша айтқанда, «тұрмыстық» себеппен кісі өлтіру біршама пайызды құрайды: 44% жағдайда кісі өлтіруші адам өзінің құрбанымен ұзақ уақыт бойы таныс болған, ал 13,4 % жағдайда олар туыстық қатынаста болды. Әр үшінші әйелді (33%) күйеуі не ашынасы өлтірді, әйелдерінің және ашына әйелдерінің өздері 3% ер адамдардың өлуіне кінәлі болды, сондықтан АҚШ-тағы әйелдердің құқықтарын қорғайтын ұйымдар бұл факт әйелдердің отбасы жанжалдарындағы осалдығын тағы да дәлелдейді деп санайды.

Дүние жүзінің қалған елдерінде де істің мән-жайы қуантарлықтай емес. Статистикалық деректерге сәйкес бүкіл дүние жүзіндегі әйелдердің 20%-нан 50%-на дейін өз отбасыларында зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Австрияда барлық кісі өлтіру фактілерінің 54% отбасы ішінде жасалады, құрбандардың 90% әйелдер мен балалар. Ұлыбританияда күш көрсету зорлық-зомбылығына әйелдердің әр төртіншісінен бастап әр оныншысы кез болады. Канадада қыздардың төрттен бір бөлігі 17 жасқа толмай-ақ жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны. Коста-Рикада, жас аналармен жұмыс істейтін ұйымдардың статистикасы бойынша, оларға келушілердің ішіндегі 16 жасқа толмағандардың 95%-ы жүктілікті бастан кешірген («Әйелдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық» баптарының жинағынан, Амстердам).

Ұлыбританияда өткізілген зерттеулерге сәйкес әр минут сайын тұрмыстық зорлық- зомбылық туралы хабарлайтын 999 қоңырау тіркеледі, олардың құрбандарының 80%-нан астамы әйелдер. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты зерттеу жөніндегі жобаның директоры профессор Станко деректерге талдау жүргізіп, жыл сайын бүкіл мемлекет ауқымында жарты миллионнан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары тіркелетінін көрсетті. Сонымен қатар, ол нақты жағдай одан да көп екеніне назар аударды, себебі көптеген оқиғалар тіркелмейді екен. Британиялық қылмыстық статистиканың көмегімен, ол Біріккен Корольдықта тұрмыстық зорлық-зомбылық әр 6 секунд сайын жасалатынын санап шығарды. Барлық зорлық-зомбылық жағдайларының төртінші бөлігі тұрмыстық жағдайда жасалады, өлтірілген әйелдердің жартысын олардың күйеулері өлтірді – осылайша, әр үш күн сайын бір әйел өз серіктесінің қолынан қаза табады. Әйел полицияға өтініш жасамас бұрын, орташа есеппен алғанда 35 рет шабуылға тап болады.

(Ата-аналарға өз балаларына жүру үшін жаднама).

– Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және тағы басқа жерлерге бармау.

– Үйде жалғыз қалғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек.

– Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер:

1) Жергілікті атқарушы органдар.

2) Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялары.

3) Ішкі істер органдары.

4) Білім беру органдары.

5) Дағдарыс орталықтары болып ¬табылатынын біле жүріңіздер.

Балаларыңызды қорғаңыз, себебі, бала-өмірдегі ең қымбатты жан!

Қымбатты ата-аналар, зорлық-зомбылықсыз болашақ біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті барлығымыз бірігіп жұмыс жасауға шақырамыз!

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*