Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысының прокуратурасы 2,8 млрд теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады

Түркістан облысының прокуратурасы 2,8 млрд теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында көптеген заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыруды анықтады.
Атап айтқанда Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Осы факті бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайыпрокурорларымен жүргізілуде.
Бүгінгі күнге прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды.
Тексерулер жалғасуда және жіті бақылауда.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*