Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  ТҰРҒЫНДАРЫНА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  ТҰРҒЫНДАРЫНА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Кентау қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындарына интернет алаяқтық қылмыстары бойынша алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Түсіндіру жұмыстары қаладағы базарларда, сауда орталықтарда, көпқаббатты тұрғын үйлердің аулаларында өткізілуде. Сонымен қатар, интернет алақтарынан сақ болуға ескертілген қағаздар ілініп, парақшалар таратылды.
Қазіргі уақытта интернет алаяқтығы белең алуда. Яғни, әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы халықты салым салу жолымен ақшаны еселеп қайтарып алуға үгіттеп, қызықтыру жүргізілуде.
Одан бөлек, «OLX», «Instagram», тағы басқа желілер арқылы жалған жарнамалар жариялап, уақытша ашылған есеп шоттарға ақша аударымдарын жасау, «WHATSAPP» желісі арқылы жеке адамның атынан қаржы сұрау секілді әрекеттер жүруде.
Аталған қылмыстың құрбаны болудан сақтану жөнінде қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, тұрғындар салымдар салу арқылы оңай олжа табу, басқа өңірлерден арзан затқа қол жеткізу мақсатында ақша аударымдарын жасап, алаяқтардың тұзағына іліну фактілері толастамай, үдей түсуде.
Алаяқтың арбауына берілмей, сақтықпен қарап, белгісіз әрекеттердің құрбаны болудан сақтану жайы тоқтаусыз түсіндірілуде.
Бұл бағыттағы іс- шаралар Кентау полиция бөлімі тарапынан күнделікті жалғасуда.

Түркістан облысы полиция департаменті тарапынан облыс тұрғындарымен кездесу, зейнеткерлермен әңгімелесу, мессенджерлер арқылы алдын алу сипатындағы бейнероликтер мен суреттер тарату – интернет-алаяқтық фактілерінің алдын алу үшін осы жұмыстардың барлығын полиция қызметкерлері күнделікті жүргізеді. Адамдарға облыс тұрғындарына қатысты қолданатын кең таралған айла-тәсілдер, олардан қорғану амалдары туралы айтылады.

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық.
Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр.
Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.

Қазіргі таңда ең кең тараған қылмыс түрлерінің бірі алаяқтық, оның ішінде қаржы қызметтерінің сандық форматқа ауысуына байланысты жиілеп кеткен интернет-алаяқтықтар болып отыр. Алайда шығыны көп интернет-алаяқтық фактілерінің азаятын түрі жоқ.

Алаяқтардың транзакциялар жүргізу, алдын ала төлем талап ету және ақша аудару туралы күмәнді ұсыныстарына сенбеген жөн. Жедел уәкілдер зейнеткерлердің әрқайсысына алаяқтармен сөйлескен кезде қолданатын әрекеттер алгоритмін түсіндіріп берді.

Алаяқтық атаулының алуан түрін меңгергендер айылын жиятын күн байқалмайды. Халықты судағы балықтай көрген табанының бүрі жоқ алаяқтар енді интернет арқылы қарапайым жұртшылықтың қалтасын қағып, соқыр тиынына дейін алып кетуден қымсынар емес. Жеңіл жол арқылы табысқа кенелгісі келетіндердің жасаған қылмысы төрт жыл бедерінде он есеге дейін артқаны ойландырмай қоймайды.

Интернет — платформаларда тауарларды сатып алу және банктер мен полиция өкілдерінен алаяқтық қоңыраулары сияқты дәстүрлі схемалардан басқа, алдаудың жаңа түрлерінің өсуі байқалады, оның ішінде зиянды қосымшаларды орнату және мессенджерлерде күдікті сілтемелерге өтуге сұрау салу.

Халықтың қаржылық сауаттылық деңгейінің төмендігіне байланысты әлеуметтік желідегі танымал видеохостингтер мен түрлі схемалар арқылы қылмыскерлердің құрбанына айналады.

Статистикаға көз жүгіртсек, ерлерге қа­ра­ғанда әйелдер қаржылық ұйым­дарға көп алданып жатады. Оның себебі әйелді ыдыс, жиһаз секілді материалдық заттарды ұсыну арқылы оңай тұзаққа түсіреді екен. Яғни қаржылық ұйымға қаржы салып кіріп, сол ұйымнан ыдыс не болмаса жиһаз сатып алатын көрінеді. Содан өзіңнен кейін 3-4 адам тартуды міндеттейді. Осылай қаржылық пи­ра­мида өзінің ауқымын кеңейтеді. Бі­рақ соңында тек осы ұйымды ойлап тап­қандар ғана ұтыста болады, соны естен шығармау керек. Ал ер кісілер бук­мекерлік кеңселердің құрығынан шыға алмай жүр. “1хбет”, “Олимпбет” секілді кеңселерге ер кісілердің спорттық ойын­дарға бәс тігіп, өз ақшаларынан айырылып жатқандары жетерлік. Әрине қазіргі таңда бұл ұйымдарға ел аума­ғында өз кеңсе-ғимараттарын ашуға рұқсат жоқ. Бірақ бұл кеңселер жұмыс істеудің басқа жолын ойлап тапқан, қазір букмекерлік кеңсе ғимаратына барудың еш қажеті жоқ. Қолыңда ұялы телефон немесе ноут­бук болса, жеткілікті. Букмекерлік кеңсе сайтына интернет желісі арқылы кіріп, сонда тіркеліп, ақшаңды салып әрі қарай ойнай бересің. Менің ай­та­рым, мүмкін мұның барлығы жеңіл ақша әкелетін шығар, бірақ мұның алып келетін межесі сіздің банкрот болуыңыз. Өйткені мұндай ұйымдар ешқашан ұтыл­­майды, қаржысынан айырылатын қа­рапайым халық.

Жаман айтпай, жақсы жоқ, егер сіз осындай алаяқтық әрекетке жолық­саңыз не істеу керек? Ең алдымен тағы бір рет бұл ұйымның қаржылық пирамида екеніне көз жеткізу қажет. Қолындағы алаяқтарға ақша аудару фактісін растайтын құжаттар, яғни ке­лісім, банктік шот бойынша үзінді кө­шірме, қолма-қол ақшаны беру туралы бұйрық болса, пирамидаға кіргізген адамға дереу хабарласқан жөн. Егер пирамида схемасы әлі де күшінде болса, ұйымға жазбаша шағым беріп, ақшаны қайтаруды талап ету қажет. Ақшаны қайтарып бермесе, қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына хабарласатын ұйымдастырушыларға, одан нәтиже болмаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлаған жөн. Әдетте мұндай жағдайда ақшаны қай­тарып алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Алаяқтықпен күрестің маңызды сәті – бұл туралы көпшілікке жария ету. Сондықтан алаяқ­тардың көбейген уақытында өзіміздің бас­қан әрбір қадамымызға сақтықпен және жауапкершілікпен қара­ған абзал. Тегін ірімшік тек қақпанда екенін ұмытпайық.

«Интернет қолданушылардың қай-қайсы да алаяқтардың арбауына түсіп қалуға бейім. Көбіміз желінің арғы жағындағы сатушының шын айтып тұрғанына, тауардың барына, сапасының дұрыс екеніне көзіміз жетпей жатып, алдын ала ақша аударамыз. Жастар жағы интернет-саудада ақшасынан қағылып жатса, тұрғындардың қаржылық сауаты аз тобы банк қызметкерлерінің атын жамылып, қоңырау шалған қуларға алданып жатады.

Алаяқтар өздерінің тактикаларын жиі өзгертеді. Дегенмен төменде оларға тән ортақ сипаттарды ұсынбақпыз.

Фишинг хабарламалар сізді елең еткізетіндей жаңалық айтады. Сөйтіп сіз оны ашуға мәжбүр боласыз. Сіз барынша білетін және сенетін ірі компаниялардың бірі немесе банк секілді ұйымдардан күтпеген жерден хат аласыз. Бәлкім бұл хат сіздің онлайн төлем жүйесінен немесе қосымшалардан келуі де әбден мүмкін. Бірақ бұл хатты сізге ол компания немесе банк емес, алаяқтар жіберіп отыруы кәдік.

– Олар сіздің аккаунтыңызды біреудің бұзып кірмек болғанын немесе бір күмәнді әрекеттерді байқағандығын айтады — алайда олай емес

– Cіздің аккаунтыңыз немесе сіздің төлем ақпаратыңыз қандай да бір проблемаға тап болды деуі мүмкін. — олай емес

– Олар сіздің жеке немесе қаржы ақпаратыңызды мақұлдауыңызды сұрауы мүмкін — олай жасамаңыз

– Сіз білмейтін бір төлем жіберуі мүмкін — бұл фейк

– Сізден төлем жасау үшін бір сілтемені басуды өтінуі мүмкін — алайда бұл сілтеме спам

– Сіз Үкіметтен қандай да бір өтемақы алу үшін тіркелуіңізді сұрайды — бұл спам

– Ақысыз дүниенің купондарын ұсынады— бұл ақылға қонымсыз

Төменде нақты мысалдарды назарларыңызға ұсынамыз:

Сіздің поштаңызға осындай хат келді. Бірінші қарағанда бұл шын секілді көрінуі мүмкін. Бірақ, олай емес. Осындай типті хат жіберетін алаяқтар сіздің оның фейк екенін байқамайтыныңызға сенімді.

Бұл сіз білетін компаниядан келіп тұрса да, бұның спам екені жайында белгі бар. Бірақ жоғарыдағы компанияның логосы сізге ойлануға мұрсат бермейді.

– Электронды поштадағы амандасудың түрі жалпылама

– Бұл хабарлама сіздің аккаунтыңыз төлем проблемалары болғаны үшін ұзақ ойлануда дейді

– Бұл хабарлама сіздің төлем детальдеріңізді жаңалау үшін сілтемені басуға шақырып тұр

Шынайы компаниялар сізге электронды хабарлама жібергенде қандай да бір ақпаратты сілтеме арқылы жаңалауды сұрамайды. Олар тікелей өзіңізге хабарлап айтады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*