Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Басты мақсат — жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру

Басты мақсат — жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру

«Діни экстремизмнің алдын-алу және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында Сауран аудандық кірістер басқармасындақызметкерлерімен кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру болып табылады.

Кездесуді Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Қалеке Марат ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып, келген қонақтарды таныстырды.

Кездесу барысында сөз кезегін алған Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Дуйсенов Асхат әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан керағар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін атап өтті. Мекеме қызметкерлеріне деструктивті діни ағым өкілдерінің іс-әрекеттері және де олардың формалары жайында мол мағлұмат берді.

Кездесу барысында сөз кезегін алған Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Ажибай Дияна дін адамзат баласын игілік пен ынтымаққа шақырушы екенін, қоғамға және адам өміріне зиян тигізу дінге жат екенін жеткізді. Дін адамды ұлтына бөлмей бүкіл қоғам үшін бүкіл қоғам үшін ортақ екенін айтты. Қоғамдағы ынтымақтастық пен татулықта діннің алар орны ерекше екенін түсіндірді.

Кездесу соңында мекеме қызметкерлеріне әлеуметтік желі арқылы діни білім алу өте қауіпті екені түсіндіріліп қандайда бір дінге қатысты мәселе туындаған жағдайда арнайы Түркістан облысының «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог мамандарымен байланыс орнату қажет екенін түсіндірілді. Мамандар қызметкерлер пікірін біліп, қойған сұрақтарына жауап берді.

Діни сауаты аз азаматтар теріс ағымдардың жетегіне еріп, дұрыс жолдан тайып жатады. Ал оларды арам пиғылды ағымдардың қармағынан сақтау үшін, сауаттылық шараларын күшейту қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар облыста жоспарлы, жүйелі түрде іске асырылп келе жатыр. Дін мәселесіне ден қойған қоғамдық бірлестіктердің саны да, сапасы да артқан.Бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша ақпараттар алмасу мүмкіндігі әлеуметтік желілер жүйесінде өте кең таралуда. Адамдар оны қолдану арқылы өте алыс қашықтықты бағындырып, басқа елдер мен құрлықтармен еркін байланыс құрып отыр.

Алайда, ғаламтордың осындай жетістігі мен қолжетімділігін дәстүрлі емес діни ағымдар да өз пайдаларына қолдануда. Экстремистік және террористік ұйымдардың халыққа ақпарат арқылы әсер етуді кеңінен қолдануы олардың қызметінің ажырамас бөлігіне айналды. Ең алдымен экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушылардың әлі қалыптасып үлгермеген санасына ықпал ету үшін қолданады. Яғни, олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған топтар болып табылады.

Діни сауаты таяз адамдардың діни ақпаратты ғаламтордан іздейтіндігі белгілі. Ал, мұндай адамның ақпарат тарату мәселесінде өте белсенді жұмыс жүргізетін радикалды ұйымдардың қармағына ілінуі әбден мүмкін. Теріс пиғылды ағымдардың кейбір сайттары халықты экстремистік немесе террористік әрекеттерге шақыруды насихаттамауы мүмкін. Олар исламға арналған ақпарттық портал ретінде жұмыс жүргізеді. Алайда, олар шын мәнінде халықтың дәстүрлі діни ұстанымдарын ыдыратып, мұсылмандар арасына жік салып, дінді іштей бөлшектеуді көздеуі мүмкін.

Ішкі тұрақтылық пен ауызбіршілікті сақтау арқылы ғана еліміз болашақта көздеп отырған асқақ мақсаттарға қол жеткізе алады.Қазақстанның әрбір азаматы өзінің діни сауатын арттыруға мән беріп, рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз шамасының жеткенінше атсалысатын болса елдің ішкі тұрақтылығы мен бүтіндігіне ешқандай жат пиғылды ағымдардың сызат түсіре алмасы анық.

Діни ахуалы тұрақты мемлекетте бейбітшілік, достық, бірлік орнайтыны, ол ұзаққа созылатыны белгілі. Сол себепті де, Қазақстанда діни ахуалды тұрақты ұстап тұру үшін түрлі іс-шаралар өтуде. Оның барлығы – бейбітшілікті, діни алауыздықты болдырмауды көздейді. Деструктивті ағымдардан сақтану қажет. Дін дегеніміз өте күрделі. Ол туралы ақпаратты рұқсат етілген кітаптар мен сайттардан алған дұрыс. Діни секталардың құрбанына айналмас үшін діни білімімізді арнайы оқу орындарынан және діни орталықтан сұрап білулеріңізге болады.

Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың немесе топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Осындай дінді теріс бағытта насихаттайтындардан сақ болыңыздар.

Еліміз зайырлы, құқықтық мемлекет. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы. Зайырлылық сипаты-ізгілік пен қажеттілік. Өркениетті елдер зайырлылық дәстүрін таңдауда. Елде дінді ұстану мен бірлестіктердің жұмысын реттейтін заңдылықтарды мемлекет белгілейді және бақылайды.

Дәстүрлі емес діни ұйымдардың идеологиялық және басқа да жұмыстарының нысанына ең алдымен жастар алынатындығы жиі кездесетін жағдай. Жастар әлеуметтік — демографиялық топ ретінде өзіндік, соның ішінде рухани сипаттағы ерекшеліктерге ие. Көпшілік өмірдің рухани негіздерін іздеу, өмір сүрудің мән-мағынасы туралы сұрақтарға жауап іздеу жолында дінге келеді. Соңғы кездері біз қандай да бір діннің тереңіне бойламай, діндердің ізгілігіне, шынайылығы мен жалпыға ортақ басқа да қырларына тереңдеп енбей жатып діндарлықтың сәнге айналғанын көріп отырмыз. Адамдарды қандай да бір дінді қабылдауға мәжбүрлеуге болмайды.

Дін атын жамылған ағымдар өздеріне жаңа мүшелерді тартып, олардан түскен ақпараттарды бақылауда ұстайды. Сондай — ақ, бейэтикалық тәсілмен жеке тұлғаны бағындыру арқылы, психологиялық қысым көрсету, қорқыту және мүшелерді ұйымда ұстап қалудың өзге де жолдарына сүйенеді. Осылайша олар тұрмыс қалпын және адамның еркін ақпараттық дүниетанымды таңдау құқығын бұзады. Ғаламтор желілерінде дінге байланысты ақпарат іздеген адамға мыңдаған дерек көзінің шығатыны белгілі. Осы ақпараттардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін көп адамдар аңғара да бермейді. Соның салдарынан кей жандардың санасында күмәнді ойлар қалыптасып та жатады. Өйткені деструктивті теріс бағыттағы діни ұйымдар ғаламтор арқылы өз идеологияларын таратып, жақтастарының санын арттыруды қалайды.

Дінді оқыту адам, қоғам, ғалам туралы дүниетанымдық және философиялық сұрақтарға жауап іздеу болып келетіні даусыз. Білім берудің зайырлы жүйесінде дінтану пәнін оқыту қоғамда гуманистік және рухани-адамгершілік негіздерді қамтамасыз етуге көмектеседі. Руханилық бұл  тек діни іліммен ғана шектелмейді. Руханилық – философиялық және  этикалық ұғым. Руханилық – бұл  зайырлы  моральдық ұстаным ретінде адамның  рухани жан-дүниесімен, ішкі және сыртқы мәдениетімен байланысты айқындалады. Рухани болмысы биік  мен рухани әлемі  бай тұлға дінге бейтарап болуы мүмкін. Қазіргі  таңда  агностик  не  атеисттік  ұстанымдағы  адамды рухани дүниесі  кемшін деген  қате түсініктер  кездеседі. Руханилық – зайырлы этикалық ұғым  ретінде  адамның  жан және  ар  тазалығын  айқындайды.

Зайырлылықтың тарихына үңілсек, тәуелсіз еліміздің зайырлылық қағидаты 1995 жылы қабылданған Ата Заңымызда бекітілген. Зайырлылық қағидаты қоғамның, халықтың, мәдениеттің және қазіргі білім берудің ұстанымы болу керек. Руханилық бұл болашақ ұрпақтың үйлесімді дамуының кепілі болуы керек. Сондай-ақ ол халықтың руханиятымен тығыз байланысты. Парасаттылық, имандылық, ізденгіштік, отансүйгіштік бүгінгі білім берудің негізгі ұстанымы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*