Шымкент қаласында “Nar Media” киностудиясының “Батыл ханшайым” драмасы мен “Жау жүрек жеті бала” фантастикалық фильмнің премьерасы өтті. Екі фильмнің тұсаукесеріне актерлар мен түсірілім командасының басқа да мүшелері қатысты. Бұл туындылардың сценариін елімізге көптеген тәрбиелік мәні бар, өскелең ұрпаққа үлес қосар сценарилері жарық көрген Құндыз Тұрланқызы жазған.
Құндыз Турланның ең өзіне ұнаған туындысы “Батыл ханшайым” драмасы екен. Ондағы сюжет анасының өліміне себепші болған өгей әкесінен Эльза есімді қыздың кек алуы суреттеледі.
«Жау жүрек жеті бала» фантастикалық және «Батыл ханшайым» драмасы көрермендердің көңілінен шыққаны соншалықты, фильм режиссері әрі продюссері Фурхат Сайповқа өз алғыстарын жаудырытып жатты.
Бұл екі фильм алдағы уақытта «НТК» телеарнасы және т.б еліміздегі телеарналардан, ЮТУБ желісінен көрсетілетін болады…
© Jetpisbai.kz