Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АЛАТАУ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ТҮЙЕҚҰС ӨСІРУДЕ

АЛАТАУ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ТҮЙЕҚҰС ӨСІРУДЕ

Алатау батыр ауылының тұрғыны Сәкен Сыпатай өзінің ауласында түйеқұс өсіріп отыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шардара Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. С. Кәттәбеков атындағы жалпы орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқаратын Сәкен осыдан біраз жыл бұрын түйеқұс өсіріп көрмекке ниет қылады. Осыдан үш жыл алдын сонау Орал қаласынан түйеқұстың жұмыртқасын тауып, интернет арқылы тапсырыс береді. Салмағы 1,5 келі шығатын 7 жұмыртқаны сатып алып, инкубатормен аштырып шығады. 5 жұмыртқадан балапан шығып, оны күтіп-баптайды.
Нет описания фото.
–Түйеқұс деген Африка құрлығында мекендейтін жануар болғанымен бүгінде барлық ел өсіріп отыр. Кәдімгі тауықтың балапанын шығаратын инкубаторды қайта құрылымдап, жұмыртқаларды қойдым. Мерзімі келгенде 5 балапан ашып шықты. Түйеқұстың жұмыртқасының қабығы да қатты болады екен, оны тістеуікпен абайлап кертіп отырып, балапандарды аман-есен шығарып алдым. Әжептәуір үлкейіп қалғанда балапандар ауырды. Тауықтың балапаны сияқты болатын шығар деп денелеріне дәрі еккен едім, екеуі өліп қалды. Сөйтсем оларға дәрі егуге болмайды екен. Қазір үш жыл болды. Ойдағыдай жетіліп, өсіп келеді. Оның біреуі қораз да, екеуі мекиен шықты. Негізі түйеқұстар 3-4 жылда жұмыртқалап бастайды екен. Менің түйеқұстарым келесі жылы жұмыртқалайтын шығар деп жоспарлап отырмын, – дейді Сәкен Сыпатай.
Есігінің алдындағы жерді шарбақпен қоршап, ашық аспан астындағы қорада өсіріп отырған түйеқұстарына иесі шөп турап береді. Көкөніс береді, бидай береді. Олар да жем талғамайтын көрінеді. Зообақтағы түйеқұстарды тамашалағандай адамдар да көп келеді екен. Тіпті, жұмыртқа туса осы бастан тапсырыс беріп, біз де асыраймыз деп отырғандар бар көрінеді. Алайда, Сәкеннің өзі алдымен түйеқұстың басын көбейтіп алсам дейді.
Возможно, это изображение лама гуанако, Двугорбый верблюд и гриф
–Ғаламтордан алған мәліметім бойынша бір жылда 50-ге дейін жұмыртқа туатын көрінеді. Аманшылық болса, мынау екі мекиен келесі жылдан бастап жұмыртқа береді. Оларға тиместен, балапанның басын көбейтуді ойлап отырмын. Үш жылдан бері қыр-сырын біраз меңгеріп алдым. Өсіп-өніп, көбейтіп алған соң ауыл сыртынан өз алдына жай салып, түйеқұс шаруашылығын ұлғайтсам деймін. Бір түйеқұс 120 келіге дейін салмақ басады. Оның етіне де, жұмыртқасына да сұраныс өте көп екен. Ыстыққа да, суыққа да төзімді болып шықты. Былтырғы жылдың аязында бастырмаға кірместен ашық далада жатты. 35 градус аязда басын қанатының астына тығып алып, былқ етпей жатқанына таң қалдым, – дейді Сәкен.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*