Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Әлемдік және ұлттық діндер

Әлемдік және ұлттық діндер

Дін дегеніміз не? Бұл тым күрделі сұрақ. Діннің мәнін түсіндіру әрекеттерінің бәрі теологиялық, не болмаса ғылыми сипатқа ие. Дін ұғымына анықтама беретін бірыңғай көзқарас жоқ, бұған ислам, буддизм және христиандық — үш әлемдік діннің әрқайсысының жеке, өзіндік анықтамаларының болуы дәлел. Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы – дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, – дейді мамандар. Әлемдік діндер — қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: біріншіден, қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; екіншіден, осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; үшіншіден, діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); төртіншіден, діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; бесіншіден, діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; алтыншыдан, бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары өткізіліп отырылуы керек. Жаңғыртылған иудаизм өкілдері иудаизмді, «Кришна санасының қоғамы» — өз жақтаушыларын, ал «Вера бахай» шіркеуінің өкілдері — өздерінің діндестерін әлемдік діндер қатарына жатқы- зады. Алайда, жоғарыда аталған үш ірі әлемдік діндердің қызметкерлері, діндарлары бүл қозғалыстардың әлемдік дін дәрежесін мойындаудан бас тартады. Ұлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты ұлттық мемлекет діндері шығады. Ерекшеліктері: қарапайым адамдардың күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін, әдет-ғұрыптарын, егжей-тегжейлерін тәптіштеп талдап, ритуалдап көрсетеді көптеген нәрселерге тыйым салып және көптеген нәрселерін орындау керек екенін Құдай атынан ұсынады осы бір ұсынып отырған ритуалдық әдет-ғұрыптары сол бір белгілі ұлттарға ғана тән және сол ұлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе басқа ұлттарға тарамайды. Үнді халықтарының діндері: брахманизм, индуизм, сикхизм. Брахманизм — бар әлемнің генетикалық, түп негіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман абыздарының айтуы бойынша — адамның ұзақ жасауы тікелей құрбандық жасау ритуалына байланысты — кім көп құрбандық ритуал жасаса, сол ұзақ өмір сүреді. — адамның өзі туғанда толық туылмайды, ол келе келе құрбандықтың саны мен сапасына байланысты болады. — онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. Брахман дінінің оппозиция түрінде Үнді мемлекетінің тағы басқа діні — Индуизм діні шықты. Индуизм үнді халқы үшін қатардағы дін емес, ол өмір сүру формасы, этикалық, адамгершілік және жеке адамның өмір сүру мәні болып есептеледі. Үш құдайдың барлығына сенім бар. Брахма, Шива және Вишну. Әрқайсысының өзінің мүсіні, мінезі және істейтін ісі бар. Жапонның ұлттық діні: синтоизм. Осы күнге дейін сақталып келген бір мемлекеттен шықпаған ұлттық дін — Синтоизм. Синтоизм – «синто құдай жолы», б.д.д.VI-VII ғғ. шығыс Кюсю аралында Жапонияда пайда болды. «Ерте дәуірдегі жазу» немесе «Койки» деген кітаптағы аңыз бойынша, синтоизм дінінің шығуы туралы айтылады. Бұл әдеби жинақ б.з.д. 712ж. жазылған. Оның негізгі мақсаты император рухын халықтардың үстінен қарап, билеу құқығын бекітуге арналған. Ең негізгі синтоикалық храм Исә деген қалада. Оны Исә дзингу Аматерасу храмы дейді. Жалпы Жапония бойынша 110 мың¬дай храмдары бар. Еврейлердің ұлттық діні: иудаизм Иудаизм б.з.д. ХІІІ ғ. Еврей халқының арасынан шыққан дін. «Иудаизм» деген сөз Еврей тайпасынан шыққан Иуда руының атымен аталады. Иуда руы еврей халқының 12 рудан шыққан ең ірі және бірінші патшасы Давидтан таралған беделді ру болады. Иудаизм символдары. Олардың құдайы Яхва (Найзағай құдайы, от құдайы, су құдайы) барлық рулардың құдайы деп алынады да, монотеистік жеке, бір құдай болып танылады. Б.з.д. XIII ғ. еврейлер Палестинаны жаулап алған соң, Яхва құдайының құрметіне Иерусалим храмын салады. Саинагога еврейлердің діни институты. Қорыта келе, бүгін бұрынғыдан гөрі, адамдардың рухани сұраныстары өсіп тұрған заманда интернет ақпараттары діни қажеттілікті қанағаттандырушы қызмет атқаруда. Интернет заманында дәстүрлі наным-сенім бірте-бірте босаңсып, ақпараттық заман қауіп төндіре бастады. Бір жағынан, шектен шыққан діншілдік, фанатизм, екінші жағынан, дінге деген селқостық. Қай жат дінде де, қай заманда да екіжүзділік болған, бола береді. Мешіттерде, шіркеулерде сина¬гогтарда адамдардың дін таңдауына да құқы бар. Сол шексіз еркіндік діннің шырқын бұзып, кесел келтіреді, қалыптасқан бағыттан, дәстүрлі діннен айырылуға әкеледі. Сондықтан кезкелген дәстүрлі діни идеологияда адамды бірлікке, татулықта үндейтін қызметін атқара береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*