Жаңа жыл мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, азаматтардың жарақат алуына жол бермеу мақсатында республика көлемінде «Пиротехника» жедел профилактикалық шарасы өтуде. Шараның басты мақсаты — пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салу қағидасын қалыптастыру. Бұл жайында Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Асқаров брифингте мәлімдеді.
«Шараның бірінші ескерту кезеңі 5-12 желтоқсан күндері аралығында өткізілді. Онда полиция департаментінің қызметкерлері облысымыздың қала-аудандарында орналасқан сауда орталықтары мен дүкендерге арнайы барып қағаз түрінде ескертпелер таратты. Жеке кәсіпкерлердің арнайы лицензиясыз пиротехникалық бұйымдарды сатуына, сақтауына, тасымалдауына тыйым салынатыны айтылды. Екінші кезең 20 желтоқсан-3 қаңтар аралығында жүреді»- деді спикер.
Бүгінгі күнге дейін өңірде жоспарға сәйкес, БАҚ өкілдерімен бірлескен 27 рейдтік шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасаған 80-нен астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Олардан 500-ге жуық сәйкестік сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, 3 млн 784 мың 300 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Жаңа жыл әрқайсысымыз үшін орны бөлек мереке. Онымен бірге әрдайым жақсы көңіл-күй, ізгі тілектер, саны көп сыйлықтармен қатар жүреді және ол әрине әр адам қауіпсіз қолдана білуі тиіс отшашуларсыз өтпейді.
Пиротехника әуелден-ақ адамдарға қуаныш сыйлау үшін жасалған. Түрлі нұршашулар,отшашулар және басқа пиротехникалық құралдар бізде бұрынан мерекелік жағдай туғызу үшін қолданылып келеді. Дегенмен, дұрыс қолдана білмеген жағдайда және жауапсыз қолда зияны жоқ нәрсенің өзі қауіп тудыруы мүмкін.Сондықтан күйіп қалудан,жарақаттанудан, өрттен және басқа мерекелік көңіл-күйге кірбің түсіретін жайттар аулақ болу үшін пиротехникалық құралдарды қолданғанда төмендегі ережелерді мұқият сақтаңыздар:
— отшашуларды, нұршашуларды және басқа пиротехникалық құралдары қолдан емес, арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыздар.
— нұршашулар мен отшашуларды тұрғын үйлерден, жылдам жанатын заттардан, аласа төбе жабындыларынан, теректердің астынан 20 метр қашықта қолданыңыз.
— олардың білтелердіңн жаққан сәтте бетінізге жақын ұстаманыз.
— білтені жаққанда оны ұстаған қолыңызды созып тұрыныз. Ол 6-7 секундтай жанады. нұршашудың ұшып шыққан ұшқынын сөндіру қиын, терінізге тисе күйік шалады.
-жаңғыш заттардан жасалған зымырандар мен нұршашуларды адамдарға бағыттауға болмайды.
— Зымырандар бұл қауіптілігі жоғары пиротехникалық құрылғылар, кейде оларды қарға орнатқанда бағытын өзгеріп адамдар тобына қарсы ұшуы да мүмкін.Сондықтан оларды ұгыратын тұрба құрылғыларының жерге мұқият бекітілуін қадағалаңыз.
— отшашулар мен нұршашуларды қатты желде қолдануға болмайды.
— пиротехникалық құрылғылар балалардың ойыншығы емес, оларға бермеңіздер.
— қолданғанда пиротехникалық құралдарды жерге түсіріп алуға және адамдардың аяғының астына тастауға мүлдем болмайды.
— нұршашуларды қолмен қосуға болмайды. (шартылдақтар мен бенгал шырақтарынан басқасын);
— жағылған отшашу мен нұршашуларға олардың қолдану қағаздарына көрсетілген қашықтықтан артық жақындамаңыз.
— пиротехникалық құралдарды қалтаңызға салып жүрмеңіз.
— жанып жатырған нұршашудың үстіне еңкейіп қарамаңыз.
Әрбір пиротехникалық құрал оны қалай қолдану керектігін көрсетілген нұсқаулармен жабдықталған. Оны қолданбас бұрын жақсылап танысып алыңыз. Бұл сізді пиротехникалық құралдарды қате қолданудан сақтайды.
Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Жаңа жылдық мерекелерге де аз уақыт қалды. Пиротехникалық бұйымдардың барлық түрлері сатылымда пайда болды. Олар сатып алушыларды түрлі-түсті пакеттермен және алдағы мерекелерден ұмытылмас әсер алуға уәде береді. Өкінішке орай, кейде мерекеден мүмкіндігінше көп әсер алуға деген ұмтылыс қауіпті жағдайларға апарып соқтырады. Адамдар қауіп туралы ойланбастан пиротехниканы сатып ала бастайды.
Пиротехниканың негізін жанғыш заттар құрайды, бұл құрамдар тез тұтанады және тез жанады. Пиротехника-бұл төмен қуатты жарылғыш заттар, сондықтан сіз ойлағандай ол мүлдем қауіпсіз емес. Бірақ көп жағдайда жазатайым оқиғалар отшашулар мен салюттерді пайдалану қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау нәтижесінде орын алады. Қолыңыздағы өрт сөндіргіштің жарылуы өлімге әкелмейді, бірақ ауыр жарақат әкелуі мүмкін.
Осының алдын-алу мақсатында төмендегідей ережелерді сақтаған жөн:
-Кәмелетке толмаған балаларға жарылғыш затты өз бетімен өрттеуге рұқсат бермеңіз немесе оны іске қосу кезінде оған жақын жерде болыңыз;
-Отшашулар мен пиротехникаларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, пиротехникалық өнімдерді қалтаға сақтауға болмайды.
— Егер зымыран ұшпай қалса, оның себебін тым жақында тексермеңіз. Он минуттай күте тұрыңыз,содан кейін сумен мұқият толтырып, қоқысқа тастаңыз.Өрттің тозаңын бірнеше рет тұтатпаңыз;
-Жаңа жылдағы қауіпсіздік пиротехниканы дұрыс пайдалану — тікелей өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз.
Сонымен қатар Түркістан облысының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осы қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.
Есте сақтаңыз! Пиротехникалық құралдарды қолдану кезіндегі қайғылы жағдайлар оны қолдану ережелерін сақтамаудан туындайды. Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығын және материалдық игіліктерін қайғылы жағдайлар мен өрт қауіпінен сақтаңыз!
Төтенше жағдайлар мен өрт қауіпі туындай қалса 101, 112 телефондарына хабарласыңыз!