Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЗОРЛЫҚ – ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Кентау қалалық полиция бөлімі Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Майра Сарсенбайқызы мен «Жастар ресурстық Орталығының» басшысы Сұлтан Бақытұлының ұйымдастыруымен қала жастарымен кездесу өтті.

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында өткен кездесудің мақсаты тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу және әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау.

Сонымен қатар шараға Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологтары Егембердиева Ғазиза мен Еркін Сұлтанбайұлы қатысып, қазіргі таңда жастар арасында белең алған зиянды әрекеттер мен олардың алдын алу жайында пікірлерімен бөлісті.

Өз кезегінде Кентау қалалық емханасы «Алау» Жастар денсаулық орталығының нарколог дәрігері Әсем Смайлова жастарға отбасындағы зорлық – зомбылық әрекеттердің пайда болуы салдарын айта келіп, оның алдын алу жолдарын да түсіндірді.

Бүлінген тағдырлар, тепкінің құрбаны болғандар, шарасыздан бұғып, бара жері басар тауы болмағандар, сеңделгендер, әлімжеттік жасап әйелінің арын, намысын,құқығын аяққа таптағандар, бассыздыққа салынып ұл қызына қол көтергендер. Осылайша қаншама әйел, ұл-қызымыз үреймен қорқыныштың жетегінде өмір сүріп енді бірі құрбаны болып жатыр.

Отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылық туралы Сіз білесізбе? Ол отбасындағы орын алып жатқан зорлық-зомбылықтың кез-келен түрі: Отбасыңыздағы ер адамның әйеліне, қызына, қарындасына, анасына, әпкесіне, балалардың анасына деген зорлық-зомбылығы. Агрессия, ұрып-соғу, қорлау, жыныстық ұатынасқа мәжбүрлеу, қорқыту, бопсалау осының барлығы шыдауға болмайтын  Зорлық-зомбылық!  Ең бастысы зорлық-зомбылық өмір үшін және денсаулық үшін өте қауіпті.

Жоғарыда айтылған жәйіттар өміріңізде, отбсыңызда немесе туысқандарыңызда орын алып жатса не істеу керек?

-Ұрып соғуды, қорқытуды камераға түсіріңіз. Қорғануға осы жазылымдар көмектеседі.

-Әрбір жағдайда полицияға хабарласыңыз.

-Балалармен бара алатын қауіпсіз орын іздеңіз.

-Туысқандарыңыздан, сенімді адамыңыздан көмек сұраңыз.

-Көршілерге үйде айқай-шу естілген жағдайда полиция шақырту керектігін ескертіп қойыңыз.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-ші бабына 01.07.2023 жылы өзгерістер енгізілді,  яғни бұрын жәбірленушілер арыз жазудан бас тартқан болса қазір арыздың негізінсіз, хабарлама арқылы құқықбұзушы 24 сағатқа қамаққа алынады. Одан әрі іс-құжат сотқа жолданып, Сот шешімімен әрі қарай қамаққа алынады. 73б 1б (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынасардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын жеке тұрғын үйде , пәтерде немес өзгеде тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –ескерту жасауға немесе бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғад). 73-2б 1 (Тән ауруын ұшыратқан бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау- он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.)

«Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияның кезекші бөліміне, 102-ге қоңырау шалыңыз. Жарақатыңыз болса бірден жедел жәрдем шақырып немесе ауруханаға барып, алған жарақаттарыңызды тіркетіп, полицияға жүгініңіз.

Құқықбұзушы жауапкершіліксіз қалмасын!

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*