Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Қазақстандағы әлемдік мәдени және тарихи маңызы бар діни объектілер

Қазақстандағы әлемдік мәдени және тарихи маңызы бар діни объектілер

 Әлемдік діндердің негізін қалаушы Будда, Иисус Христос, Мұхаммед сияқты нақты тарихи тұлғалар болған.

Буддизм алғашында монахтардың діні болды. Кшатрилердің әскери касталарының талабын қанағаттандырды. Бірақ Будданың ілімі кейіннен қатты дамыды. Буддизмнің негізгі бастаулары әртүрлі және көп. Олар ежелгі санскрит, тибет, маньчжур, қытай, жапон тілдерінде болды және бір-бірінен өзгешеліктері білінді. Будда дінінің жүйеленуі Гаутама Буддаға байланысты болды. Аталған дінді ұстанушылар елімізде де көрініс береді.

Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Палестинада б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа ұлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Христиан ілімінде алғашқы христиандарда алғашқы діни ілім қалыптаспады. Христиандық оның догматтары қалыптасқанша, бірнеше ғасырлық жолдан өтті. Елімізде христиандық бағыттағы діни объектілер мен құлшылық үйлері заңды тіркеліп, конфессиялық тұрғыда өз жұмыстарын жүргізуде.

Ислам дінінің пайда болуы Ислам (араб тілінде бас июшілік, құлшылык) — ең жас әлемдік дін. Жалпы тарихи жағынан Ислам VІІ ғасырда Араб халықтарының алғашқы қауымдық кұрылыстан таптық қоғамға өтуі, олардың феодалдық-теократиялық мемлекеттерінің Араб халифатына бірігуі кезеңінде пайда болып немесе осы жүйелердің тездеп өтуінің идеологиялық бейнесі болды.

Ислам діні шыққанға дейін Алла (Аллаһ) деген Құдайға бас иген, бірақ бұл ұғымды арабтар қатардағы бір Құдайлардың есебінде қабылдады. Күрейіштер тайпаласы Мекке қаласын қоршаған Құдайлар бейнесін және Қағбаның ішіндегі рулық Құдайлардың бейнелерін сақтап қызмет етіп, біз «Алла үйінің» адамымыз, «Алламен көршіміз» деп санаған. Тек Мұхаммед пайғамбардың тұсында «Аллаға» жеке Құдай түсінігі берілді. Мұхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол «күш» — Алла еді. Міне, сол себепті ислам дінінің шығуы тікелей Мұхаммедтің өмірбаянына тығыз байланысты болды.

Қазақстанда дәстүрлі дін Ислам діні, оның ішінде Сүнниттік бағыт, Имам Ағзам мазхабы танылады. Сан ғасырлы тарихы мен салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымен біте қайнасқан дәстүрлі дін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыты ретінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде өз үлесін қосып келеді.

Рухани салт-дәстүрлер мен жалпы адамзаттық құндылықтар.

 Қазіргі кезде Қазақстанда Исламдық бағытты жамылып адасып жүрген әртүрлі ағымдар өздері түсінбегендіктен қазақтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын арабтандыру немесе қандай да бір жалпыға ортақ исламдандыру бағытында шатасып жүргендер жоқ емес.

Теріс діни ағымдар қазақтардың тарихи дәстүрлері: бата беру, құда түсу, қыз ұзату, беташар жасау, қайтыс болған кісінің жетісі, қырқы, жылын беру, жеті нан пісіру, әруақтарға құрмет ету, қасиетті жерлерге зиярат жасау, қажет десеңіз қазақтардың ұлттық киімі мен қазіргі жалпы адамзатқа тән киім кию үлгілерін және басқа да ұлттық сипаттағы қасиеттерін тәрк етіп, жоққа шығаруда. Оның орнына араб, парсылардың киім үлгілерін, салт-дәстүрін тағы басқа қасиеттерін ендіру үшін әрекеттенуде.

Салт-дәстүрімізді, дәстүрлік Исламды жоққа шығару әрекеттерінің бірі – қыздарымызды қара киіммен тұмшаландыру, қаба сақал қойып, қысқа балақты шалбар кию.

Тарихи, дәстүрлі-ұлттық тұрғыдан да қазақ қыздары мен әйелдері ашық-шашық жүрмеген, есесіне эстетикалық тұрғыдан өте жарасымды ұлттық киімдер киген, бірақ бетін ешқашан тұмшаламаған. Әрине, қазіргі интеграция мен урбанизация заманында әйелдердің киімдері өзгерді. Діни киімдер де, ұлттық киімдер де екінші қатарға ысырылды.

Қазақтардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниеге көзқарасы, ділі радикалдық діни ағымдардың талабтарына ашық қайшы келеді. Мысалы, қыз ұзату, беташар жасау, құда түсу, шілдехана, бесіктой, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, құда шақыру өте ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлер. Бұлардың Исламға ешқандай қайшылығы жоқ. Неге қазақтар уахабшылар, салафилер, т.б. керағар діни ағымдар талап етті екен деп осыншама ұлттық құндылықтарынан айырылуы тиіс. Болмаса, қайтыс болған адамның жетісін, қырқын өткізу, оның киімдерін мәйітті жуған адамдарға таратып беру сияқты басқа да ұлттық рәсімдердің Исламға қандай қайшылықтары бар? Егер қазақтар өзінің тұрмыстық, мәдени тағы басқа салт-дәстүрлерінен айырылса онда күндердің күнінде ұлттық киімдерін, т.б әдет-ғұрыптарын жойып толығымен араб-парсының салт-дәстүр, әдет-ғұрпына өтіп кетуі ғажап емес.
Сондықтан ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға берік болайық ағайын.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*