Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Қоғамдағы дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтар

Қоғамдағы дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтар

Күллі әлем бүгінде бейбітшілікке ұмтылуда. Бірінші кезекте соның дәлелі ретінде біздің елімізді айтуға болады. Кез келген қоғамда, соның ішінде қазақстандық қоғамда діннің маңызы ерекше екенін және жастар өмірінде оның белгілі орны бар екенін ескерген жөн.

Қазақстанда теріс діни ағымдар жоқ емес. Қоғам мейірімділік пен татулық, моралдық нормаларына жауап беретін дұрыс бағыттағы діни ағымдарды танып, айыра білуіне ықпалды жұмыстарды күшейтуіміз керек. Қазіргі кезде жастарға тоталитарлық секталар үлкен қауіп төндіріп отыр.

Қазақстанның соңғы онжылдықтағы және азаматтық қоғам негіздерінің қалыптасу процесіндегі саяси өміріне келсек, елдегі саяси ахуал динамикасы демократиялы қоғамның бүкіләлемдік заңдылықтарына сәйкес дамыды, дегенмен тоталитаризмнен жаңа жүйеге ауысқан кездегі туындаған шарасыз айрықша ерекшеліктер де орын алды. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына көп уақыт өтпей-ақ, талай іргелі істер атқарылды, біз алдыға нық қадам басып келеміз.

Бүгінгі шақта азаматтардың түрлі бағыттағы ақпараттарды, оның ішінде діни сипаттағы ақпараттарды алуға да мүмкіндіктері зор. Дін мәселесіне байланысты мәліметтер негізінен адамды иландыруға қатысты болғандықтан, ондай мәліметтермен танысқанда неғұрлым сақ болу керек. Біз тыйым салынған кітаптардың жасырын таратылуынатосқауыл қоюымыз керек. Себебі барлық осы экстремистік қозғалыстар мемлекетіміздің іргесін сөгіп, әсіресе балаларымыздың психикасына орасан зор зиянын тигізеді.

Әртүрлі радикалды діни ағымдардағы жастардың психологиялық тәуелділігі феноменінің кең таралуы бүгінгі әлемде қауіпті үрдіске айналып барады. Мұндай деструктивті діни ұйымдар адамдардың ең құнды байлығын – ғұмырындағы уақыты мен денсаулық қуатын тартып алады, дамуына кедергі келтіреді, асыл армандарын жүзеге асыру жолына кесе-көлденең тұрады. Көптеген зерттеушілер мұндай тәуелділіктің алғашқы себебін қолданыстағы білім беру мен тәрбиенің мәдени дәстүрінен іздеу керек деген пікірге тоқтайды.

Сондықтан мектептегі, жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесі жастардың дінтану негіздерінен толыққанды хабардар болуымен сабақтасуы керек.

Қазақстанда бүгінгі күні діни сенім бостандығы жарияланған. Әркім қай дінге сенемін десе де, өзі таңдайды. Бірақ ең бастысы – ол адамдарды психологиялық жағынан жарымжан етпеуі, адамдардың тағдырын жарға жықпауы керек, оларды елдің мемлекеттік саясатына қарсы қоймауы тиіс.

XXI ғасыр жастарының жаны мен рухы арасына үлкен жарықшақ түсті. Дәл қазір жаппай технологияланған және интернетке оңай қолжетімді кезеңде адам санасы шыңдалмаған субстанция ретінде көрінді де, сол ысылмаған санасына жүгінген жастар теріс жолға түсіп жатады. Ал жан бізге дұрыс бағытты, биік құндылықты, рухани жолды нұсқайтын ішкі дауысымызды тыңдату үшін аса қажет екенін естен шығармау қажет-ақ.

Дәстүрлі рухани құндылықтар.

 Адамзат болмысында дінге сену сезімі бар дейтін болсақ, әрбір адам дінге сенуші деп айтқан болар едік. Алайда, атейстік көзқарас деген ұғымда адамның ешқандай дінге сенбейтіндігін білдіреді. Бұл рас па? Қоғамда қалжыңмен айтылса да, кеме батып немесе ұшақ құлап бара жатқанда ішінде атейст қалмайды деген әңгіме бар. Жалпы айтқанда дінге сенушілер саны атейсттік көзқарастағы адамадардан саны басым.

Байырғыдан келе жатқан әрбір қауымның дінге наным мен сенімдері түрлі болғанымен, түпкі ойларында Жаратушы біреуді мойындайды. Әрбір ұлт өзінің шығу тегінен, одан кейінгі даму кезеңінде ұстанып келе жатқан діні бар. Дін ұлттық құндылықтармен сабақтасып, біте қайнасып келеді. Елімізде саны жағынан басым дәстүрлі дін деп Ислам, оның ішінде Сүннит, Имам Ағзам мазхабы айтылады. Аталған мазхабпен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдеп-ғұрпымыз бірге көрініс береді.

Алайда, кейбір жағдайларда осы қалыптасқан, бабадан келе жатқан салт-дәстүрге діни қарама-қайшылық туғызғысы келетін теріс діни ағымдардың іс-әрекеттері де жоқ емес. Келіннің үлкендерге сәлем салуы дұрыс емес, ата-анасы намаз оқымаса оларды силаудың қажеті жоқ және тағы да осы сияқты тиымдар салғысы келетін кейбір теріс идеологияның артында елдің ішкі саяси тұрақтылығына кері әсер етуді мақсат ететін топтар бар деп айтуға болады.

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 30 жылға жуықтады. Дін саласын реттейтін заң пысықталды, жүйе нықталды. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы осы жылдар ішінде еліміздің діни ахуалын жақсартуға, сенушілердің ұстанған дәстүрлі діннің құндылықтары мен салт-дәстүр сабақтастығы қапында елеулі еңбек атқарды. Мемлекеттік органдар өз тараптарынан дін ұстанушылардың өзге идеологиялық діни ағымның жетегінде кетпес үшін барлық жағдайарды жасап келеді. Әлем Қазақстанды келісім мен бейбітшілік отаны ретінде таниды. Бұл еліміздегі дін саласындағы тұрақтылықтың айқын көрінісі деп білемін.

Тіл, діл, дін сан ғасыр бойы халқымыздың мәдени, рухани-имани тұтастығы мен бірегейлігі.

Діни экстремизм мен оның деструктивті идеологиясы.

Діни экстремизм мен оның деструктивті идеологиясын айтар бастан дінді саяси мақсатта пайдалану арқылы өзге елдің ішкі саяси тұрақтылығын бұзғысы келетін экстремистік діни ұйымдар назарға алынады. Олардың қатарындағы қауіптісі «Асбат аль-ансар» діни ұйымы.

Штаб-пәтері «Айн-аль-Хыльва» (Сайда қ., Ливан) палестиналық лагерде орналасқан 1985 жылы құрылған террорлық ұйым. У.Б.Ладеннің қолдауымен аталған лагерьдің аумағында әлемнің «дүрбелең аймақтарына» жіберуге жауынгерлер дайындайды.

Басқа атауы: “Партизан лигасы”. Негізін қалаушы: шейх Хишам Шрейди Басты мақсаты: Палестинадағы израилдық оккупациямен күрес және Ливанды батыстық ықпалдан қорғау. Ливандағы ықпал үшін Арафат партиясымен ішкі күрес жүргізеді.Аль-Каедамен тікелей байланыста және оған кадрлар жеткізіп тұруға міндеттенеді.

2000 жылы «Асбат-аль-Ансар» Бейрутта Ресей елшілігін гранатаметпен атқылаған.  МакДональдс рестораны мен БАҚ редакциясына шабуыл жасаған. Топ сарбаздарының Ирактағы Ресей дипломаттарының ұрлануына қатысы бар. Шейх Хишамның ұлы Шрейди Абдолла құрған Асбат ан-Нұр әскери бөлімшесі бар. 2003 жылы мамыр айында Абдолла Шрейдиге қастандық жасалды, ауыр жарақаттардан ол шілде айында қайтыс болды.
Топ жасырын жағдайда қызмет етті. Оның қызметінің негізгі түрі «терроризмді саудалау» болып табылады, яғни тапсырыс бойынша акциялар өткізу және басқа экстремистік ұйымдарға арнайы дайындықтан өткен содырларды ұсыну.

Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 15 наурыздың шешімі негізінде тыйым салынды.

Негізгі құндылықтар мен қағидаттар (Ислам мен қазақ мәдениетінің байланысы).

Ислам (араб тілінде …..) – әлемдік монотеисттік-ибрахимдік дін. «Ислам» сөзін біздің тілімізге аударғанда «Бейбітшілік» деген мағынаны білдіреді және (Алланың заңдарына) мойынсұну, бағыну болып табылады.

Алланың сөздеріне мойынсұну, бағынудан бөлек әрбір мұсылман өз елінде татулықтың туын әрдайым биікке көтере білуі керек. Тәртіпке бағыну ол адам баласының арын немесе болмысын төмендету емес, керісінше, өзінің көркем мінезімен мұсылман көпке үлгі болуы тиіс.

Әріден сөз қозғайтын болсақ, ата-бабаларымыз ислам дінін ұстана отырып өз ұлтын және өзге ұлт өкілдерімен байланыс орнату арқылы көптеген жетістіктерге жеткен. Қазіргі таңдағы Тәуелсіз ел болуымыздың өзі бейбітшілікті сүйген халық болғанымыздың нәтижесі деп білемін.

Алла Тағала Құранда «Уа, адамзат! Сендерді біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өзара қарым-қатынас жасауларың үшін көптеген ұлт, ұлыс етіп көбейттік. Сендердің бір-біріңнен артықтығың несібелеріңмен емес, діндар-тақуалықтарыңмен есептеледі» (Хужурат сүресі, 13 аят) деп бұйырады.

Міне, Алла Тағаланың заңдарына мойынсұнып бағыну нәтижесінде біз 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын кең байтақ елімізде бейбіт өмір сүрудің насихатшысы әрі тірегі болуымыз тиіс және міндеттіміз!

Қиын-қыстау заманда ата-бабаларымыз ел тынышын сақтау мақсатында әркез тәртіпті бірінші кезекте ұстаған. «Бақ, қайда барасың? Ынтымаққа!» деген телегей теңізге татитын фәлсафаға толы нақыл сөзіміздің өзі неге тұрарлық?!

Асыл дініміз татулықты, бейбітшілікті қалайды. Демек, Ислам дінінің  негізгі қағидасы – басқаларға әділеттілікті таныту. Өйткені, Мұхамед (с.а.у.) пайғамбарымыздың өзі өзге ұлт өкілдері тұрмақ, өзге дін өкілдеріне де ешбір зорлық-зомбылық көрсетпеген. Бұған тарих куә.

Бейбіт дінде ешкімді ұлтына, жынысына, дүниесіне қарап бөлмейді. Адамға тұлға ретінде баға беріп, Алла алдында әрбір адамның бірдей, ешкімнің төмен немесе биік екені тек тақуалық көркем мінез, мейірімге толы жүрек және ілімге толы санамен ғана ерекшеленетіні айтылған. Сондақтан кім-кім болмасын Алланың құлдары айналасына жақсылықтың шуағын шашатын жан болу керек.

Еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен діни құндылықтар.

Дәстүрдің озығы да, тозығы да бар. Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның. Ұлттық құндылықтарына ерекше мән беріп, өскелең ұрпақтың санасына сіңірген халықтың іргесі мықты болары анық.

Өз құндылықтарымызды сақтауға міндеттіміз. Себебі, көне грек пәлсапашылары үлт болып қалыптасу үшін оның бес құндылықтарын атап кеткен. Олар, салт-дәстүрі, діні, тілі, тарихы, атамекен жері. Мінекей осындай адам баласымен қалыптасып келе жатқан құнды ерекшеліктер ғасырлап,  ұрпақтан-ұрпаққа жетуде.  Мұндай асыл дүниені ұрпақ бойларына сіңіру ата-ананың басты жауапкершілігінде болады.

Халқымызда ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің-деген мақал текке айтылмаса керек. Бір ұлтты жер бетінен жою саясаты болатын болса, осындай адам баласының жан дүниесінің кілтіне қол салары сөзсіз. Сонда олардың жан сарайына шабуыл жасап, ұлттық құндылықтарын санасынан  айыру мақсатында  болмашы жеңіл, тез алдана салатын қитұртқы құнсыз тәрбиені санаңа сіңіруге тырысады.

Ондай шабуыл қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдырын пайдалана отырып жүзеге асатындығын жоққа шығара алмаймыз. Одан қала берді ғаламтор желісі арқылы жүзеге асады. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәби санасын сақтап қалу үшін, әуелі баланың ата-анасы ұрпақ тәрбиесін ұмытып кетпеу қажет.

Осындай құндылықтар адам бойына ана сүтімен дарып, ана тілімен сіңеді.  Ал тілінен айырған халықты қайда айдаса да жүре беретіндігін  ешкім жоққа шығармайды.

Дін ұстанымы сеніммнен тұрады. Ал сенімді әлсіретудің сан түрлі жолдарын пайдаланып, халықтың санасын улай бастайды. Ата бабамыз сан ғасырлар бойында ислам дінінің қағидаларын бұлжытпай орындап келген. Амалдағы мектебі Имам Ағзам Абу Ханифа мектебі бойынша құлшылық-ғибадаттарын жасайды. Олар; намаз, ораза, зекет, қажылықтардың шарттарын осы мектеп негізінде орындайды. Ұрпақ сабақтастығын тапқан осы мектеп негізінде, қазақ даласында  ислам дінінің құндылықтары қалыптасты.

Сондықтан еліміздің  қай  өңірлерінде болмасын, құлшылық-ғибадат төңірегінде тала-тартыс болған емес.

Халқымыздың Ислам дінінің  құндылықтарын бірнеше ғасырдан бері бұлжытпай орындауда. Содан бері салт-санасы, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті ислам құдылықтарымен байланысып, біте қайнасып, ұлттық болмыстың ажырамас бөлігіне айналды.

Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу.

Адам баласы жаратылғаннан бері  қаншама ғасырлардың ішінде, бірнеше даму сатыларынан өтті. Осыншама уақыттың ішінде өздері әртүрлі жағдайларға қатысты пайдаланып келе жатқан, жөн-жоралғылары сол даму сатыларына қатысты өзгеріп те отырған. Бұл жағдаяттардың баршасы тарих беттерінде ерекше орын қалдырып кеткен. Салт-дәстүр мен  әдет-ғұрып сөздерiнiң мағыналары  бірінің орнын  бірі алмастырып қолдана беретін сөздердің  құрамына жатады.

Негізінде бұл сөздің құрылымдық ерекшелігі, этикалық мәселелерді қамтиды. «Этика» грек тілінің сөзі, ғылым саласына енген терминдік сөз «ёthikё» мінез-құлық нормалары, әдептілік, әдет-ғұрып»- деген мағаналарды береді. «Дәстүрге айналған, жалпыға бірдей қалыптасқан қоғамдық тәртіп, салт-сана».  «ﺖ ادﻋ» [әдет] және « ﻒرﻋ» [ғұруф]- араб тілінен енген сөзге жатады.

Яғни, «белгілі бір қоғамдық- әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжымас қағидаларына айналған жөн-жосық, жөн-жоралғы». Яғни салт-дәстүрдің пайда болуын адамзаттың пайда болуымен бірге орындалып, келе жатқанын айта аламыз. Дәстүр адамзаттан бөлек өз алдына қызмет ете алмайды. Ол әрқашан сол ұрапақпен бірге және әрбір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан әдет-ғұрып, салт саналары сол халықтың өзімен бірге қаншама жылдар бойына сіңіп келе жатыр.

Ата-баба дәтүрімен салтын, әдет-ғұрыпын, рухани мұраларын, яғни ұлттық дәстүрдің сапасын жан-жақты ашып беру және өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, халықтық сипатымызды тереңдете және нақтылай түседі. Әсіресе рухани құндылықтарды қамтитын әдет-ғұрып жалғыз өзі, өздігінен пайда болмағанын, яғни әртүрлі қазақ халқының ерте кезден бастап, сеніп келе жатқан сенімдерінен құралатынын ескеруіміз керек. Әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы, психологиясы, тегі болады. Тек өзіне  ғана жарасатын әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тілі болады. Қаншама этностың артына қалдырған материалдық ескерткіштерімен бірге олардың жаман мен жақсыға көзқарасы, қайырымдылығы, сезімталдығы сияқты қадір-қасиеттері де үлкен бір байлық көзі. Тек қана сол халықтың ұрпақтары өз ата-бабаларының осы кәусарларын бойларына сіңіріп өссе, ондай ұрпақ сол халықка тек абырой әкеледі.

Қазақстан халқының көпэтностық және көпконфессиялық ерекшелігі мен бірлігі.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойында тағдыры тауқыметке толы тарих. Сан ғасырлар бойы қаншама белестерді бағындырған, топырағын түртсең тарихы сөйлейтін құт мекен. Қазақ халқының қаны мен жаны бөлек, жанына ешкімді жат тұтпай, баршасын бауырына алған. Оның дәлелі елімізде екі жүзден астам көпэтностың бір шаңырақ астында өмір сүруі. Олардың татулығы мен ынтымағы жарасқан. Бірін-бірі бауырына басқан. Мұндай сананың бойға сіңуі ұрпақтың тәрбиесінен екендігіне ешкім дауласа алмайды.  Ал ұрпақтан-ұрпаққа жететін асыл дүниелердің бірі, әрі бірегейі наным-сеніміне қатысты екендігін білуіміз қажет.

Ал қазақ халқының нанымы әрине ол Ислам дінімен бойына сіңген асыл қасиет. Қасиетті Құранда Алла тағала  Ниса с. 1-аятында Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы. Бүкіл әлемді жоқтан бар еткен жалғыз Алла тағала, сол жаратылтарының ішіндегі ең ұлығы әрі артығы етіп адам баласын жаратқандығын аятта ашық баяндап отыр. Адамзат өзінің жаратушысы бір Алла екендігін білгенде, Оған ғана құлшылық жасап, Одан ғана жәрдем тілейтін болады.  Адам әлсіз жаратылыс екендігін әр кез есіне түсіріп, ойланып тұрса ешқандай жамандыққа душар болмай, өзіне көп жақсы болар еді. Ал көптеген алауыздықтар мен теке-тірестер, адам баласы өзінің кім екендігін ұмытып кеткен жағдайларда пайда болатынын біле бермейді. Егер адам баласы өзінің әлсіздігін, барлығының түп аталары бір екендігін  білсе, Раббысынң құзырында тұратынын білген құл жамандыққа бой алдырмас еді. Сондықтан осы аятта адам баласының бір жаратылыстан екендігін және бірге жасап, Раббысына  қауышатынын жеткізуде.

Қазіргі таңда еліміз Қазақстан жерінде – 130-дан астам этнос өкілдерінен тұратын 18 миллионнан астам халқы бар көпұлтты мемлекет. Қазақстан Республикасында көп этносты болуының түп тарихи тереңде жатыр. Ата-бабаларымыздың «кең болсаң, кем болмайсың»- деген даналықты тәрбиенің үлесінен арқау алады. Сондықтан еліміз үшін әрқашан тұрақтылық пен ынтымақ-бірлікті  сақтаудың, этносаралық келісім мен татулықты дамытудың маңызы аса зор. Қазақ жерінде рулық теке-тірестердің де болғаны тарих беттерінде кездеседі. Дегенмен қай кезеңде болмасын, елдестірмек елішден деп, елдің ынтымағының тұрақты болуына аса мән берген. Ата-бабамыз: «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген ұстанымды басты назарға алған. Сан ғасырлар бойы мәңгілік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан қазақ халқындағы осы бір қасиетті түсінік  бүгінгі егеменді еліміздің басты қағидасына айналды.  Қазақ халқы әлемге өзінің қонақ жайлығы мен дархан көңілінің бейбітшілік сүйгіштігінің бастамашысы екендігін дәлелдеген мемлекет.  Этносаралық татулықты сақтап, ел басына қандайда бір ауыртпашылық күн туса да, бір-біріне қайырымдылық жәрдемдерімен қол ұшын созып ынтымақта өмір сүріп келеді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*