Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Дінді деструктивтік мақсатта пайдалануға жол бермеу

Дінді деструктивтік мақсатта пайдалануға жол бермеу

Естімеген елде көп демекші дінді өз мақсаттарына пайдаланып, жұртшылықтың санасын жалған идеямен улау арқылы деструктивті діни ағымдардың пайа болуына әрекет жасаған түрлі секталар да бар.

Секта — беймаза күйдегі адамның әлеуметтік қауіпті ортада адасуы. Оның түрлері өте көп. Дін атын жамылып, өдерінің пайдаларының ұпайын арттыруды, қаржы табуды көздейтін секталар жөнінде ғаламтордан алынған ақпараттарды атап өтуге болады.

Но-но-Напа («гүл ілімі») — жапондық необуддистік секта. 1987 жылы негізі қаланған. «Оқытушы» Хоген Фукунага магиялық қабілеттілігі бар адам болып адамның өткені мен келешегін олардың аяқтарына қарап оқып бере алады. Сектаның жоғарыдағылары күштеп қорқытумен айналысты, олар: қатерлі ісік (рак) немесе басқа да өлімге душар ететін ауруларды алдын-ала болжайтын, ол адамдардың 1 рет қабылдауы 900 $ тұратын арнаулы тазалау шараларына қатысуға мәжбүрледі. Алаяқтығы үшін айыптағаннан кейін Фукунага сотқа тартылып үкім бойынша 1 млн. $-ға жуық айып төледі. Секта осы жолды ұстаушыларды басқа атпен Yorokobi Kazoku no Wa ұжымдастырып отыр.

Raeliano сектасы- Францияда өткен ғасырдың 70 жылдарда пайда болды. Негізін салушы-бұрынғы спорт шалушысы, Раэль ретінде кеңінен танылған Клод Ворильон, ол 1973 жылдың 13 желтоқсанында Францияның орталығындағы сөнген жанартау шұңқырында басқа планеталармен кездесті, олардың біреуі өзін Құдай (Elohim) деп атады. Elohim оған жердегі өмірді басқа планетарлықтар гендік инженерия, соның ішінде клодаудың көмегімен жасағанын айтқан. Раэль өз сектасына адамдарды мәңгілік өмірді уәде етіп шақырады. Ол сол құпияның иегері ретінде танылды. Осы «шіркеудің» өзін жалғастырушылардың бірі 2003 жылы БАҚ-да әлемдегі бірінші клон болып табыламыз деп үндеу тастады. Бұл жаңалықты ғалымдар көп ұзамай-ақ жоққа шығарды.

Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдар.

Республикамыз тәуелсіз ел атанып, етек жеңімізді жинаған кезден дін атын жамылған түрлі псевдодіндер кіре бастады. Бұл жағдай еліміздің ішкі саяси тұрақтылықтылығына әсер етпей қоймады. Мемлекеттік органдар әрқайсысының жұмыстарына терең зерттеулер жүргізу нәтижесінде бірқатар террористік-экстремистік және діни ұйымдарға сот арқылы қызметіне тиым салды.

Ел халқы бұл ақпараттардан хабрлары болғаны дұрыс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде АльКаида», «Шығыс Түркістан­дағы исламдық қозғалыс», «Өзбекстан­да­ғы ислам­дық қозғалыс», «Күрд халық конгресі» («Конгра-Гел») және 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен «Асбат аль-Ансар», «Братья мусульмане», «Талибан» қозғалысы, «Боз гурд», «Орталық Азиядағы жамағат моджахедтер», «Лашкар-е-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы», Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешімімен «АУМ Синрикё», «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы», осы соттың 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес «Түркістан ислам партиясы», 2016 жылғы 26 ақпандағы Астана қаласы, Сарыарқа аудандық сотының шешімімен «Таблиғижамағат», 2015 жылғы 15 қазандағы Астана қаласы Есіл аудандық соты­ның шешімімен «Ислам мемлекеті» (ИГИЛ), «Фрон ан Нусра» ұйымдарының әрекеттеріне тыйым салынды. Экстремистік деп танылған ұйымдардың ішінде «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік ұйымы да бар.

Қоғамдағы радикалды және экстремистік көріністер.

 Экстремистік ұйымдардың мүшелері кейбір мемлекеттер аумағында жариялы түрде қызмет етсе, кей жерлерде заңсыз, жасырын әрекеттерге көшу арқылы, сол елдің ресми билігі тарапынан қудалануға ұшырайды.

Мұндай ұйымдар, әдетте, қызметін жүргізіп жатқан көптеген елдерде биліктегі үкіметке қарсы болған оппозициялық тарапты жақтайтындығын байқауымыз мүмкін.

Экстремистік діни құрылымдар деструктивті сипаттағы мақсаттарды алға қойып, елдің конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, оның егемендігі мен аумағының тұтастығын бұзуды, өкiметтi күшпен басып алуды, заңсыз әскерилендiрілген құралымдарды құруды, сондай-ақ қоғам ішінде діни өшпенділіктер мен алауыздықты қоздыруды көздейді.

Діндарлардың діни-радикалды немесе экстремистік ағымдардың қатарларына кіруіне себеп ретінде, олардың діни сауаттылық деңгейінің төмендігін атап көрсетуге болады.

Экстремистік және террористік іс-әрекеттері үшін сотталғандардың көбісінің арнайы діни білімі жоқ. Олар дінді жат діни топтардың идеологтарының дәрістерінен үйренетін болған. Бастапқы діни сауаттылық деңгейі төмен болған соң, жаңа адепттер идеологтардың насихаттарындағы деструктивті элементтерді байқай алмайды.

Бүгінде экстремистік ақпарат каналдарының соғысып жүрген тәкфірші-жихадшылардың «ерліктерін» БАҚ арқылы белсенді жарнамалауы, сондай-ақ түрлі жағдаяттар аясында террористік әрекеттерді жүзеге асырумен қатар, қолдан жасалынатын жарылғыш заттармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы әдістемелік құралдарды кеңінен таратуы діни экстремизм проблемасының қауіптілігін арта түсірмек.

Сондықтан бірінші кезекте дәстүрлі дін жолымызды беріктеп, деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы мықты иммунитет қалыптастыруымыз қажет.

Радикалды діни идеялардың таралуына төтеп беру.

 Діндер адамзат тарихында ізгіліктің құралы болғаны анық. Бірақ саяси күштер дінді саясаттың құралы етіп алып, қатыгез саяси мақсаттарын жүзеге асырады. Технология мен ғылым дамыған кезде діни экстремизм деген ұғым жиі қолданылуда. Халықтың білімдік мәртебесін көтеру қажет дегенде біз, халықтың тек діни сауаттылығын көтеруді ғана емес, сонымен бірге халықтың саяси мәдениетін, саяси сана мен өзіндік сананы қалыптастыруды, саяси сауаттылықты да айтамыз.

Мұндай қажеттілік бірінші кезекте қазіргі өркениеттің ең үлкен қауіптерінің бірі – діни экстремизмге байланысты түсіндіріледі. Діни экстремизм, іс жүзінде  саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығару үшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет.

Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады.

Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, ұлтты ұлт етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы – осының дәлелі.

Сондықтан қандай да болмасын діни теріс идеологияға қарсы тұруымыз қажет.

Деструктивті әсерге оңай ұшырайтын жастардың радикалдану тәуекелі.

 Қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани­танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет.

Кез­ келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.

Ұлттық сипатқа айналған дәстүрлі Ислам мен дүниетанымымызға сырттан келіп, түзету жасағысы келгендерге жол бермеуіміз керек. Өйткені ұлтымызға Ислам дінін үйретудің қажеті жоқ. Ұлтымыз ежелден Исламды өзінің байтақ даласында мемлекеттік дін ретінде қабылдап, оны бойына терең сіңіргені белгілі.

Сондықтан да, қазіргі жаһандану заманында қоғамның тұтастығын көздеп, діни сауатсыздықтың алдын алу тек қана мемлекеттің емес, әрбір Қазақстан азаматының, зиялы қауымның, қоғамдық ұйымдардың да мойнына жүктелуі тиіс. Нақты ислами діни сауатты жастар санасына ұялата алсақ, біріншіден білімді жастар жиналған ақпараттардың қажетін алып, қажет емесін сүзгіден өткізіп үйренер еді. Екіншіден, ислами діни сауатты жас сыбайластық, жемқорлық сынды қоғамдық кеселдерден аулақ болар еді. Үшіншіден, ел санаты көбейіп, тастанды, жетім, қараусыз қарт мәселелері кемитін болса, төртіншіден, өз­-өзіне қол жұмсау, қоғамға өзін қажетсіз деп тану сынды кеселдерден де арылар едік.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*