Қазақстан Республикасында дінаралық және этносаралық келісімдер, мемлекеттік тұтастық және демократиялық жаңару жолында оның алға басуының қажетті шарттарының бірі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткендей, «ұлтаралық және дінаралық келісімдердегі біздің үлгі – бұл Қазақстанның әртүрлі конфессиялардың жалпы әлемдік үдірісте өзара әрекеттесуінің нақты салымы». Бейбіт өмір сүру өкілдерінің әртүрлі ұлтаралық және діни топтары көбіне мемлекеттік саясатқа байланысты және осыған орай осындай тәжірибеге Қазақстан Республикасында назар аударуға лайықты.
Қазақстан халқының көп этникалық және көп конфессионалдық құрамының бейбіт өмір сүруінің көпғасырлық тәжірибесіне сүйенетін, қазақтардың ашық менталитетінің тарихи келісіміне негізделген, дінге беріктіліктің басқаша көзқарас пен төзімділігінде көрсетілген, сонымен қатар экономикалық тұрақтылыққа негізделген және азаматтар мен қоғамның тұтас дәулеттілігіне өсу төзімділігінде кеңінен көрсетілген, мемлекет саясатында ойластырылған, жоғарыда келтірілгендерді есепке алатын және мемлекеттің зайырлы сипаты мен мемлекет алдындағы барлық діндердің теңдігін заңдармен бекіткен.
Қазақстан өзін зайырлы мемлекет деп жариялай отырып, арождан бостандығына кепілдік беруді жүзеге асыруды шеттетпейді, керісінше зайырлы мемлекет қағидасын өмірге кезеңдеп енгізуді, қоғамдағы діни негіздегі шиеленістерді болдырмауды және жоюды, сондай-ақ сенетін және сенбейтіндерге рухани қажеттіліктерді теңдей қанағаттандыру шарттарын айқындаған.
Қазақстан Республикасының азаматтарының берілген құқығын жүзеге асыруды конституциондық және заңдық реттеуде ар-ождан және діни сенім бостандығы аясында халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес келеді.
Еліміз бейбітшілік пен тұрақтылық жолында жаһандану заманында жұмсақ күш.
Дүние жүзінде қанша ел болса, олардың бәрі де өз шама-шарықтарынша жағдайларын жақсартып, өзгелерді өзімен санастыра алатын іргелі мемлекет болудың қамын жасайды. Осы бағытта олар бір-бірімен бәсекеге түсе отырып, өз еселерін жібермеу үшін бір-бірімен ашық та астыртын күрес жүргізумен де болады. Осы жолда олар өз мүдделері үйлесетін одақтастар іздей отырып, оңтайы келсе кейбір әлсіз елдерді өздеріне тәуелді етіп алуға да тырысады. Осындай қатаң мүдделер қақтығысы жүріп жатқан жағдайда тұрақсыздық қауіпі бар мемлекет үшін жергілікті ұлт өкілдерінің әр-түрлі дін ұстанып, бір дін ішінде де түрлі топтарға жіктелгені мүлде тиімсіз. Мұндай мемлекеттегі жергілікті ұлт азаматтарының бір дін, бір мазхабқа біріккені оның ішкі тұрақтылығының басты бір кепілі болып табылады.
Әрбір дін мен оның тармақтарының тарихи тамыр жайған мемлекеттері бар екені белгілі. Және, ол мемлекеттер өзге мемлекеттермен жақындасудың, немесе оларға ықпал жүргізудің бар мүмкін тетіктерін пайдалануға тырысып бағады. Осындай маңызды тетіктердің бірі өзге елдердегі өз діндестері екені даусыз.
Егер ел ішіндегі өзге ұлт өкілдері өзге діндерді ұстанып жүрсе, бұл ешқандай да түсінбестік тудырмайтын қалыпты жай. Мұндай жағдайда түрлі дін өкілдері бір-біріне құрметпен қарап, өзара татулықты сақтауға тырысады. Сондықтан да мұндай қарым-қатынас мемлекеттердің де бір-бірімен жақындасуларына оңды ықпал етеді.
Қазіргі таңда еліміз түрлі діндер мен этностардың бастарын қосқан бейбіт мекен. Қазақстанның зайырлы ұстанымы мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністік бағытындағы тәжірибесі әлем елдері арасында зор абырой болып қала бермек.
Діни көзқарастағы ұстамдылық пен зайырлылық.
Бүгінгі таңда зайырлылық Қазақстанның рухани дамуының кепілі болып табылады.
Атеизм мен зайырлылықты теңестіруге болмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы діни сенім бостандығына кепілдік береді.
Әлемдік тәжірибеде зайырлылық діннен бас тарту деп танылмайды. Мысалы, АҚШ – зайырлы мемлекет болғанымен, шенеуніктері, әскери қызметкерлері, куәгерлер Библиямен ант етеді. Ұлыбритания басшысы – королева Англикандық протестанттық шіркеу басы болып табылады. Германияда шіркеу салығын мемлекеттік салық қызметі жинайды. Зайырлылық дінді қоғам өмірінен шығарып тастамайды.
Зайырлылық пен руханият бір-біріне қайшы келмейді, себебі зайырлылық ұғымы – мемлекет басқару формасы, ал руханият – дін құраушысы. Зайырлы мемлекетте әртүрлі діни ағымдар өмір сүре алады, барлығына ортақ қағида – азаматтардың заңға бағынып, заң алдында тең болуы.
Ең бастысы, зайырлылықтың идеологиялық негізі жоқ, зайырлылық – дүниетанымдық бейтараптық пен басқару формасы. Егер де зайырлылықты дінге қыспақ жасау деп түсінсек, әлбетте зайырлылық пен руханият арасындағы байланысты түсінуде қиындықтар пайда болады.
Зайырлы, дін ұстанушы азаматтың бейнесі – ол ең алдымен заңға бағынған, өз халқының салт-дәстүріне құрмет көрсететін және діни радикалды деструктивті идеологияны қолдамайтын азамат.
Мемлекеттің зайырлылық негіздерінің бұзылу тәуекелдері.
Еліміздің зайырлылығы мемлекеттік билік органдарының діни наным-сенімге көзқарасын айқындайды. Зайырлы мемлекетте мемлекеттік билік дін және діни бірлестіктерден бөлінген. Мемлекет дін ісіне, ал дін және діни бірлестіктер мемлекет ісі мен саясатқа араласпайды.
Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның өмірінің құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық мемлекет құруға деген талпынысты туындатты.
Зайырлы мемлекет – діни наным-сенімді адам болмысына тән қажеттіліктердің бірі ретінде қарастырып, құқықтық нормаларды басшылыққа алады. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылады.
Мемлекеттің зайырлы немесе теократиялық үлгілерінің қайсысы дұрыс екендігі жайлы пікірталас туындағанда кейбір азаматтар зайырлы мемлекетте адам құқықтары басты орынға қойылатындығына көңіл аудармай жатады. Құқықтық мемлекет құрудың маңыздылығы еліміздің барлық азаматтарының діни сеніміне қарамастан заң алдындағы теңдігінен көрінеді.
Оған азаматтарымыздың өз діни нанымдары себебінен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығының жоқтығы дәлел. Зайырлы мемлекетте азаматтық құқық пен заң алдындағы теңдік маңызға ие.
Қазақстан — бірліктің, дәстүрлі рухани мәдениеттің және бірегейліктің отаны.
Адамдардың дамуы үшін, бүгінгі қоршаған ортаның əсері құбылыстары дүниені салыстырмалы бағалауына көмектеседі. Ал, ғылыми көзқарастың қалыптасуында мəдениеттің алатын орыны зор. Ғылыми зерттеулердің, діннің адам санасына, тəрбиесіне үлкен əсер барын айтады.
Ислам дінінің адамгершіліктік нормаларында тəрбиеге қатысты қайрымдылық, мейрімділік жақтары көп ескеріледі. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда қайрымдылық тиімді. Қайрымдылық көрсеткен адамның көңілі таза, мейрімділік қасиетке ие болады.
Ислам дінінде сүйіспеншілік, мейрімділік, тазалық ерекше орын алады. Сол себепті, ислам дінінің тəрбиелік мəні бүгінгі таңда маңызы зор. Ислам дінінің ерекшелігі ‒ ұлттық салт-дəстүрімізді, əдет-ғұрыпымызды, рухани қазыналарымызды бір жүйеге салып, құндылығын анықтап, арттыруға көмектесетін тəртіптілік заңы.
Иманды адам ар-ұжданын, тазалығын, əдептілігін, əділеттілігін сақтайды. Əдептіліктің өзі адамның өзін-өзі тəрбиелеуіне, мінез-құлқын дұрыстауына көмектеседі. Мінезі құлқы дұрыс адам қоғамда, қоршаған ортада үлкен игілікті іс-əрекет жасауға дайын.
Бұл ұғымдар ‒ мəдениеттіліктің ең керекті нышандары, бүгінгі күнгі өзекті мəселелердің бірі. Біз тəрбиелі адамның дүниедегі болмыс тəсілі деп қарастырсақ, онда дін осы болмысқа мағыналық жəне тұрақтылық беретін күшке айналады.
Дін ‒ мəдениеттіліктің бастамасы жəне оны қорғаушы күші.
Дәстүрлі негіздерді сақтау
Бүгінде адамзат өз дамуының жаңа белесіне көтерілді. Осынау тарихи үрдістердің қай қырына көз салсаң да, діни ұстанымдар көзге бірден шалынады. Діни ұстанымдар, діни деңгейдің жоғары болуын талап етеді. Ислам дінінің көшпелі қауымының рухани өмір тіршіліктеріне байланысты қалыптасқан дін деп те бағалауға болады.
Егемендігімізді алғаннан бері қазақ халқының мəдениетінің қалыптасуына ислам өркениетінің жасаған əсері зор болды. Діннің мəселелері бұрын жабық қаралса, қазір ашық қабылдау арқылы жүзеге асып жатыр. Адамзат қай дінді қабылдаса да өз еркі, Қазақстанда дәстүрлі дін Ислам діні. Дін Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) аян жолымен келген ақиқат болса, ислам мəдениеті мұсылман дінін қабылдаған халықтардың қатысуымен жасалған өркениет.
Қазір республикамызда ислам дінінің қайта жаңғыру процесі жүріп жатыр. Осы процесс барысында діни фанатизмнің қандай болмасын формасынан сақтандыруда ислам дінін неліктен, қалай жəне қандай формада қабылдағаны, ислам діні мен ислам мəдениеті түсініктерін, тіліміздегі дін ғана емес, философиялық мағынасын ажырата білу маңызды.
Бүгінгі күні қазақ халқының бет-бейнесі ашылып ислам дінінің əсерін түсініп, оның қоғамда қалыптасуына, орнығуына жол көрсетуде. Жалпы адамзатқа ортақ мəдени құндылықтарға ортақтасу философиялық-дүниетанымдық жəне адамшылық-эстетикалық мəдениет аспектілерінде қарастырылады.
Адамзаттық құндылықтардың жалпы ұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөлі.
Тəлімсіз ұрпақтан кез келген қоғамның болашағы болмайды. Адамда ең бірінші алға жетелейтін оның бойындағы ізгі қасиеттер, жүрегіндегі имандылық. Адал адамның терісі кең, оның ауласында ешқашан жамандық болмайды, жамандықтың өзін жақсы адамдар жақсылыққа балайды, ал жаман адамдардың ауласына ешқашан құт қонбайды, ондай адамдар жақсылықтың өзін жамандыққа балайды. Жүрегінде иманы жоқ адамның жүрген кезде табаны нық болмайды.
Адам кей кезде жамандық көріп өзінің қатарластарынан кейін қалып жатса Жаратушының ісі деп біледі. Оның өмірде бақытты немесе бақытсыз болуы ‒ ол əр адамның істеген ісінің жемісі. Адам əділ əрекет етсе, əрқашан оның іс — əрекеті оңға баспақ.
Ата-бабамыздың бойындағы тазалықтан бүгінгі егеменді еліміздің білікті азаматтары қалыптаспақ. Ғылымның негізін діннен тапқан ойшылдарымыздар да бар, олар əл-Фараби, Ибн-Сина, Қожа Ахмет Иассауи, тағы басқа даналарымыз. Иманды адам арсызға қатты қатал болады, олар елінің мүддесінде өмір сүреді.
Дін ислам ‒ ол əрбір қазақтың діңгегі, ол адамды орынды əрекет етуге бастайтын ерекше бір рухани ілім саласы.
Имандылықтың негізі болашақ ұрпағын дұрыс қалыптасуына, əрекет етуіне шақырады, ұрпағының келешегін көздейді. Ата діннен ақиқат іздесек, біз өзге жұртпен тереземізді теңестіре аламыз.
Қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту.
Мемлекетіміз әрбiр адамның наным-сенім бостандығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет, ел азаматтары діни сеніміне қарамастан, тең құқылы. Олар Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығы мен конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiк пен азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.
Қазақстан Республикасы – діни толеранттылық идеясын таратып, конфессияаралық үнқатысу мен мемлекет тарапынан қойылған нақты істер, халықтармен діндер арасындағы келісім мен түсіністікке толық қол жеткізуге болатынын дәлелдеді.
Еліміздегі халықтың басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Ислам діні табиғатына сай халқымыздың салт-дәстүрімен,әдет-ғұрпымен үндесіп, зайырлы қоғамның мүмкіндіктеріне орай елді ізгілікке шақырады.
Ислам діні – өнегелілігімен және діни толеранттылығымен ерекшеленетін гуманитарлық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дәстүрлі діннің құндылықтары еліміздегі түрлі этностардың өзара тату және ынтымақтаса өмір сүруіне ықпалы етері сөзсіз.
Зайырлы мемлекеттегі діни ұстаным – ұлттың мәдениетімен құндылықтар ұстанымымен тығыз байланысты. Діни ұстаным әлеуметтік құбылыс ретінде адамдардың санасына, мінез-құлықтарына ықпал етеді, ал зайырлы қоғамда діни ұстаным – ол дүниетанымдылыққа, мәдени-шығармашылыққа, рухани-адамгершілікке шақырады.
«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі» жалпы ұлттық бренд.
Зайырлы қоғам құруды қалаған Қазақстан мемлекетінің дін саласындағы саясатының басым бағытының бірі– конфессияаралық қарым-қатынасты нығайту. Конфессиялық қатынастарды одан әрі нығайту мақсатымен жүргізілетін халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың ең жарқын үлгісі – әр үш жыл сайын Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі.
Еліміз әлемдік және дәстүрлі діндердің бейбітшілік пен гуманизмді ұлықтаушы әлеуетіне сенім артып дін көшбасшыларын Астана қаласына жинап, жаһандық мәселелерді діни төзімділік және бейбіт жолмен шешуге шақырады.
Қазіргі уақытта адам мен қоғам өміріндегі ақпараттық және интеллектуалды ортада діни наным-сенім мен сананың рөлі өсіп келеді. Діни ұстаным адамзатпен байланысты әлеуметтік құбылыс болғандықтан, адамзат мәдениеті ұғымымен де тікелей байланысты. Діни ұстаным адам өміріндегі құндылықты, өмір мәні ұстанымда ықпал етеді.
Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруына дәстүрлі діндер өте маңызды рөл атқарады. Еліміздегі әлемдік діндердің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының этносаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы атқаратын рөлі ерекше. Дәстүрлі діндер зайырлы қоғамда достық пен өзара құрмет және түсінушілікті нығайтуға қызмет етеді.
Қазақстандағы діни мерекелер және Рухани келісім күні.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІ сессиясында мұсылмандық – «Құрбан айт мерекесі» және православиялық – «Рождество мерекесін» 2001 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес ресми мерекелердің қатарына қосылды.
Сонымен қатар, жыл сайын 18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады.
Бұл мемлекет азаматтарының өзара татуластығы мен достығының арқасында орнады. Халықаралық деңгейде мойындалған Қазақстан қоғамындағы рухани келісім мен өзара түсіністік – ел дамуының басты тетігі.
Мемлекеттің Ата заңымен бекітілген зайырлылық сипаты – оның іргетасы, мемлекеттің ерекше сипаты. Зайырлылық қағидаты –азаматтардың дүниетанымында, көзқарасы мен діни ұстанымында, күнделікті өмірінде ерекше орын алатын құбылыс.
Ең бастысы еліміздегі конфессияаралық және этносаралық толеранттылық – ата-бабаларымыз салып кеткен жол. Себебі пейілі кең, жаны жомарт қазақ халқы көшпелі өмір салтын ұстанған ежелгі кезеңде де басқа халықтармен достық қарым-қатынас жасап, ауыр табиғи жағдайда өмір сүргеніне қарамастан, өз қандастарына ғана емес, басқа да келген ұлттар мен ұлыстарға қонақжайлылық пейіл танытып келеді.
Еліміздегі діни ұстаным қоғамның бойына зайырлылық пен зиялылықты, имандылық пен салауаттылықты, ұлттық дәстүрмен рухани құндылықтарды дәріптеп, оларды этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды құрметтеу мәдениетіне, дүниетанымдылық пен төзімділікке және этикалық әдетпілікке қалыптастырады.