Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Қазақстандық қоғамдағы қауіпсіздік, бейбітшілік және тұрақтылық

Қазақстандық қоғамдағы қауіпсіздік, бейбітшілік және тұрақтылық

Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты.

Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады. Исламның түбегейлі орнығуына VIII ғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі.

Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастауы еді. Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды.

Бұл аймақ әр-түрлі діндердің тоғысқан жері болғандығына қарамастан ислам дінін тарату бейбіт түрде жүріп жатты. Ұлы Жібек жолы көпшілік діндер, солардың ішінде христиандық (көпшілігі несториандық пен яковшілер), буддизм, заростризм діндері үшін қолайлы аймақ болды. Далалы өңірде тұратын түркі халқы тәңіршілдікті ұстанды. Тұрғылықты халық арасына ислам еш зорлық-зомбылықсыз бейбіт жолмен таралды.

Ислам мәдениеттің дамуына айтарлықтай әсер етті. Орат Азияда ислам ілімі игі істердің жүзеге асуы арқылы нығая түсті. Қазақстан тұрғындары мұсылман қауымының ажырамас бөлшегіне айналды. Ислам құндылықтарының орнығуы халықтың әлемдік діннің гуамнисттік дәстүрлерін қабылдауына өз ықпалын тигізіп, қазақстандық қоғамда да бейбітшілік пен тұрақтылық орын алды.

Діни ахуалдың даму үрдісі.

Діни ахуалды қалыптастырудың маңызды факторларының бірі ретінде жастардың дәстүрлі және дәстүрлі емес діндерге деген қызығушылығының күн санап артып келе жатқандығын мойындау керек. Бірінші жағдайда, яғни, дәстүрлі діндерге деген қызығушылық мәселесінде жастарға отбасындағы тәрбие әсер етеді (өз халқының дәстүрлеріне деген құрмет), ал екінші жағдайда бәрінен бұрын жаңа ұйымдардың өз ілімдерін әсіресе жастарға арналған арнайы әдістермен (шет тілдірді үйретудің тегін курстары, түрлі салаларға қызығушыларға байланысты клубтар т.б.) агрессивті түрде жаюы болып табылады.

Қазақстанда дау-жанжал туғызуға жақын факторлар да кездеседі. Оларға дәстүрлі емес жаңа ағымдардың жұмыстарын, дәстүрлі емес конфессиялардың мемлекетке қарсы тұруы, олардың ислам мен православиенің рөлін мүлдем қабылдамауы, жалпы алғанда бәсекелес ұйымдар ретінде конфессиялар арасындағы қарым-қатынастар, сондай-ақ конфессия ішіндегі бәсекелестік жайттарын жатқызуға болады.

Қазақстандағы діни ахуалдың дамуына шетелдерде болып жатқан процестер де үлкен әсер етеді. Мәселен, исламның қазір толықтай антагонистік болып табылатын әр түрлі ағымдарға бөлінуіне байланысты, біздің елімізде де ұқсас ағымдар жұмыс істей бастады. Дінді жаюдың шетелде дайындалған барлық жаңа әдістері Қазақстанға да ауысып келуде. Діндерге де байланысты жалпы әлемдік тенденциялардың ықпал ету саласы егжей-тегжейлі талдауды қажет етеді. Ал бұл болса, белгілі бір уақыт бұрын ҚР-дағы ахуалдың даму болжамын жасау мүмкіндігін береді.

Еліміздегі діни ахуалдың жағдайы мен оның дамуы.

Қазақстан үшін дәстүрлі әрі мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын едәуір ірі конфессиялар – исламның суниттік ағымына жататын ханафи мазхабы мен орыс православие сенімі болып табылады (оларды бірінші кезекте тарихи фактор айқындаған). Ислам Қазақстан территориясында 10-ғасырдың өзінде-ақ (Қарахандықтар кезеңінде), ал православие болса, 18-ғасырда (Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін) ресми дін болып танылған.

Сонымен қатар Қазақстан территориясында бірнеше топқа бөліп қарауға болатын басқа конфессиялар да бар. Бірінші топқа иудаизм, буддизм, лютерандық және тб. ұлттық белгілерімен сипатталатын конфессияларды жатқызуға болады. Ал екінші топқа «жаңа», дәстүрлі емес деп атауға болатын діни бірлестіктерді жатқызуға болады. Ал оларды өз кезегінде екі топқа бөлуге болады.

Бұлар – ХІХ-ХХ ғасырларда негізінен АҚШ-та пайда болған діни бірлестіктер (Жетінші күн адвентистері, Иегова куәгерлері, мормондар, саентологтар және тб) және Қазақстанда тәуелсіздіктен кейін пайда болғандары (Алля Аят, Ата жол т.б).

Сарапшылардың пікірінше, тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы жылдармен салыстырғанда қоғамдағы діни дәстүрлердің тұрақты бола бастауына қарамастан, бұдан бұрынғы атеистік кезеңнің ықпалы салдарынан көптеген қазақстандықтардың дінге қатысты ой-санасы тұрақтанбаған. Ал бұл жайт халықтың дінтанушылық деңгейінің көтерілуі мен тіпті теологиялық тұрғыда хабардар болуы мәселесіне қатысты ойластырылған, болжанылған жоспары жасалынуы керектігін көрсетеді.

Дін саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің принциптері.

Қазақстанда бірегей дінаралық келісімді қалыптастыруға бағытталған белсенді мемлекеттік саясатпен ерекшеленетін зайырлы мемлекеттік құрылымның өзіндік моделі құрылған. Бұл тәжірибені Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізу арқылы әлемдік қоғамдастыққа көрсетуде. Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері дін саласындағы мемлекеттік саясат дінді терістеу мен онымен күресуден бастап, ірі конфессиялармен серіктестік байланыстарға дейін апаратын өзгерістерді бастан өткерді.

Діни бірлестіктер азаматтық қоғамның институттары ретінде қоғамның рухани өмірін дамыту мәселесінде мемлекеттің серіктестері болып табылады (бұл Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында көрініс тапқан). Сонымен қатар мемлекет пен діни бірлестіктер әу бастан тең емес дәрежеде тұрғандықтан бұл серіктестік тек әлеуметтік-рухани салада ғана көрініс тапқан. Өйткені мемлекет дін ұстанушылардың белгілі бір қауымдарын ғана емес, бүкіл азаматтарды өз ішіне қамтиды, мемлекет шығарған заңдар барлығы үшін міндетті болады, ал діни бірлестіктер бекіткен қағидалар тек олардың мүшелері үшін ғана және олардың қалауы бойынша міндетті болады.

Қазақстандағы діни бірлестіктер қоғамдағы азаматтық тыныштық пен рухани келісімді бекітуге бағытталған мәдени-әлеуметтік іс-шараларға белсене араласады. Ірі діни орталықтар мен бірлестіктердің басшылары Қазақстан халықтарының республикалық және кіші Ассамблеясының құрамына кіреді.

Орталық және аймақтық деңгейлерде ҚР Үкіметі жанындағы кеңес беру-ақылдасу органдары ретінде діни бірлестіктермен байланыс кеңестері, аймақ басшыларының кеңестері, дамудың мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық даму бағдарламаларын құруға қатысатын комиссиялар мен жұмыс топтары түріндегі ықпалды ынтымақтастық механизмдері күннен-күнге дамып келеді.

Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың мүшесі.

1992 жылғы қазан айында әлемнің түрлі конфессиялары лидерлерінің басын қосқан Бірінші бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өтті. Сол кезден бері Қазақстанда жыл сайын елдің басты діндерінің өкілдері қатысатын Халықаралық рухани келісім конгресі өтеді. 2012 жылғы қазан айының 18 жұлдызында аталмыш іс-шара өзінің жиырма жылдық мерейтойын атап өтті.

Бұл Қазақстанның мәдениеттераралық және дінаралық үн қатысудың маңызды халықаралық орталықтарының бірі ретінде жұмыс жүргізуге тырысып жатқанын тағы бір рет көрсетті.

Дінаралық үн қатысудың қазақстандық тәжірибесін әлемдік діндер лидерлері де мойындады және қолдау көрсетті. Бұл іс-шараға діни конфессиялар лидерлері ғана емес, Еуропа мен Азия елдерінің саяси қайраткерлері, ғалымдары мен сарапшылары, БҰҰ, ОБСЕ, ЮНЕСКО секілді халықаралық жетекші ұйымдардың лидерлері мен өкілдері келді. Съездердің мақсаты – адамзат баласының рухани, саяси, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан өзекті проблемаларының шешімі үшін әлемдік діндердің қолындағы үлкен мүмкіншіліктер мен қорларды қолдану қажеттілігін көрсету. Осы себепті Қазақстан Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің жақындасуында, діндер үн қатысуында маңызды роль ойнайды. Ұлтаралық және дінаралық келісімнің моделі Қазақстанның кемсітушілікпен күрес, өзара құрмет пен түсіністікті ынталандырудың жалпы әлемдік процесіне үлесі ретінде тек республика территориясында ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік қоғамдастыққа таралуда.

Деструктивті діни идеялардың таралуы.

Жалпы «такфир» немесе «һижра жамағаты» деген (өздерін «мұсылман жамағаты» деп атаушылар) ағым – исламдағы шектен шыққан топ болып табылады. Бұл ағым сенімдерінің негізі хауариж ағымының такфир ұғымына құрылады.

Хауариж  –  Ислам тарихында ең алғаш пайда болған кереғар ағым. Бұл ағымның мүшелері ІІІ Халифа Осман бин Аффанды және ІҮ халифа Әли бин Әбу Талибті қастандықпен өлтірген. Осман және Әли – ұлық сахабалар, Ислам дініне көп еңбек сіңірген тұлғалар. Хауариждер Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларын ғана емес, мыңдаған бейкүнә мұсылмандардың да қанын төккен.

Ағым өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Мысыр елінің түрмелерінде жаппай қамауға алынған мұсылмандар арасында бой көтерді. Әсіресе, ол Мысыр студенттері ортасында ерекше қолдауға ие болды. Ағымның дүниеге келуіне түрткі болған жайт, түрмелердегі адам төзгісіз жағдай еді. Түрмедегі ауыр азаптан көптеген кісілер қайтыс болды. Осындай уақытта ауыр қысымға ұшыраған мұсылмандар осы ағымға кіре бастаған.

1967 жылы Мысырдағы Президент сайлауы қарсаңында ағым екіге бөлінді. Бірі сайлауға қатысуға ниет білдірсе, екіншісі үзілді-кесілді сайлауға қарсы шықты. Сол кезде такфиршілер үкіметті мойындамай, ел президентін және мемлекеттік билікті «кәпір» деп, мемлекеттік жүйені мойындаған халықты «кәпірге» санаған. Олардың оқыған намазы мен ұстаған оразасынан еш пайда жоқ деген пікірді таратқан.

Дін ұстану жолында деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетпес үшін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті мешіт мамандарына жүгіну қажет.

Зайырлылықты псевдосалафизм қалай пайдалануда?

Дін зайырлы қо­ғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құ­зырлы мемлекеттік мекемелер елі­міздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.

Соңғы кезде әлемнің көптеген ел­дері үшін терроризммен күрес мә­селесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түр­лері және көрініс­тері­мен, ауқымы және қарқын­дылы­ғымен, зұлымдығы және қані­шер­лігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Бүгінгі таңда лаңкестік әрекеттер ауқатты дамыған елдерде де, жағдайы төмен кедей елдерде де орын алып отыр. Терроризмнің өріс алуы кез келген елдің әлеуметтік жағдайына қатысты емес, дінмен де үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ол – өне бойы жауыздыққа толы індет. Бірде-бір мемлекет бұл жұқпалы вирустан аман қалған жоқ. Барлық араб және Африка елдері, Азия құрлығы, Ресей, АҚШ, Англия, Франция, Испания, Норвегия және тағы басқа елдер терроризммен бетпе-бет келіп, көптеген зардап шекті.

Соңғы кездері экстремистер бей­бітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға тү­сіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өр­ке­ниеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық тату­лықты емес, сонымен қатар мұсыл­мандар арасында да іріткі салуда.

Сарапшылардың пікірінше, ислам фунда­ментализмі, яғни, салафизм идеологиясы діни радикализмінің пайда болуы­на қатты ықпал етуде. Бұл жат идеологияны жақтаушылардың көз­қарастары мен ұстанымдары зайырлы қоғамда емін-еркін өмір сү­ретін дәстүрлі исламмен сәйкес келмейді.

Сондықтан фундаменталис­тер ха­нафи мазхабындағы дәстүрлі ді­ні­мізді ұстанушыларға ғасырлар бойы қалыптасқан күнделікті салт-дәс­түрі­мізден безіп, олардың айдауында өмір сүруімізді талап етуде.

Сақ болайық ағайын.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*